№2(78)/2015 Серия педагогика


«Инженерлік графика» пəнінің құрылымы мен əдістемесін жетілдіру



Pdf көрінісі
бет10/185
Дата04.02.2023
өлшемі4,99 Mb.
#65135
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   185
«Инженерлік графика» пəнінің құрылымы мен əдістемесін жетілдіру 
Мақалада графикалық білім беруде «Инженерлік графика» пəнінің əдістемесі жəне құрылымын 
меңгеру бойынша сұрақтар қарастырылды. Авторлар графикалық тапсырмалар жүйесін 
ұйымдастырудағы негізгі қағидаларды көрсеткен. Оқу жəне шығармашылық тапсырмалар орындауға 
қажетті жоғары деңгейдегі графикалық білімдері мен іскерлігін меңгеруді қамтамасыз ету мақсатын 
талқылаған. «Инженерлік графика» пəнінің құрылымы мен əдістемесі жүйесін жан-жақты жетілдіру 
ұсынылған. 
Кілт сөздер: графикалық қабілеттілік, инженерлік графика, шығармашылық, құрылым, əдістеме, 
графикалық жобалау, тапсырмалар жүйесі, тапсырмалар жүйесі, дизайн, кеңістіктік формалар. 
Жоғарғы білімнің негізін құрайтын басқа да ғылымдар тəрізді инженерлік графика да үнемі 
ілгері басып, дамып, толығып, жетіліп келе жатқан ғылым. Ғалымдарымыз оның мазмұны мен 
əдістерін кеңейтіп, жаңа нəтижелермен байытуда. Инженерлік графиканы ілгері дамытуға 
итермелейтін қозғаушы күш — өмірдің өзінен, жаратылыс тану мен техника, құрылыс мұқтажынан 
туып отырған қажеттілік. Соңғы жылдары ғылыми-техникалық үрдістің жедел қарқынмен дамуына 
байланысты инженерлік графика пəнінің қоғамдағы алатын ролі артты. Инженерлік графика 
əдістерінің көмегімен шешілетін есептердің өрісі ұлғайды. Оның əмбебап жəне арнайы графикалық 
əдістері автоматты жобалау жүйесінде, күрделі техникалық нысандарды дайындау технологиясында 
жəне оны жобалауда кеңінен қолданыс табуда. Адамзат ойының тың жемісі «компьютерлік 
графикада» да ұтымды пайдаланылуда. Инженерлік графиканы меңгеру жəне əр түрлі машықтық 
есептерді графикалық жолмен шеше білуге үйрету жоғары оқу орынында инженер кадрларды, 
бейнелеу өнері жəне сызу мұғалімдерін, дизайнерлерді дайындаудың қажетті алғышарты болып 
табылады. 


«Инженерлік графика» пəнінің… 
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015 
13 
Қазақстанның білім беру жүйесі бүгінде өміршеңдігі мен бағыт-бағдарын мемлекеттің 
қалыптасу үрдісі жəне оның экономикасының нарықтық қатынастарға көшуі айқындайтын түбегейлі 
өзгерістерді басынан кешіруде. Еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға көшуі білім беру 
кеңістігіне де өзінің əсерін тигізді. Ол білім берудің қалыптасқан жүйесін қайта екшеуге де себеп 
болды. Оқытудың мазмұны мен сапасын білім берудің дүниежүзілік деңгейге көтеру мақсаты 
көзделді. Университеттік білімнің ғылыми деңгейінің артуы студенттерден күрделі теориялық 
ұғымдарды, заңдарды, идеяларды игеруді, сонымен бірге оқытылып-үйретілетін табиғат 
құбылыстары мен өндіріс үрдістерінің мəніне терең бойлай білу қабілеттерін дамытуды талап етеді. 
Соңғы жылдары ғылыми-техникалық прогрестің жедел қарқынмен дамуына байланысты 
«Инженерлік графика» пəнінің қоғамдағы алатын ролі артты. Оның əмбебап жəне арнайы 
графикалық əдістерді автоматты жобалау жүйесіне жəне оны жобалауда кеңінен қолданыс табуда. 
Жалпы білім беру жүйесінде сызуды оқыту пəні инженерлік пəндердің негізі болып саналады. 
Алдағы тұрған еңбек педагогикалық қызметіне студенттерді дайындауда инженерлік графиканың 
ролін ескере отырып, сызу элементтерін жетілдіруге мүмкіндік туғызатын жаңа бағдарламаның 
мазмұнына тиісті түзетулер кіргізілді. Инженерлік графиканы меңгеру жəне əр түрлі машықтық 
сызбаларды шеше білуге үйрету жалпы білім беру жүйесінде технология жəне сызу мұғалімдеріне 
əдістемелік көмек беру қажетті алғышарт болып табылады. 
Қазіргі замандағы ғылыми-техникалық процестің дамуына байланысты жалпы білім беру 
жүйесінде қайта құру, оқу əдістемесінің мазмұнын өзгертуді жетілдіруге көп көңіл бөлінуде.  
Қазақстанның білім беру жүйесі бүгінде өміршеңдігі мен бағыт-бағдарын мемлекеттің 
қалыптасу процесі жəне оның экономикасының нарықтық қатынастарға көшуі айқындайтын 
түбегейлі өзгерістерді басынан кешіруде. Еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға көшуі 
білім беру кеңістігіне де өзінің əсерін тигізді. Ол білім берудің қалыптасқан жүйесін қайта екшелеуге 
де себеп болды. 
Оқытудың мазмұны мен сапасын білім берудің дүниежүзілік деңгейіне көтеру мақсаты көзделді. 
Жоғары орында оқитын студенттердің білімінің ғылыми деңгейінің артуы күрделі теориялық 
ұғымдарды, идеяларды игеруді білу қабілеттерін графиканың құрылымы мен əдістемесін дамытуды 
талап етеді. 
Білім беру саласындағы пəндердің теориясы мен əдістемесін оқыту, практикасын зерттеу 
проблемасы бірден бір қажетті білім берудің жүйесі болып саналады. Оқыту əдісі оқытушы мен 
студенттер арасындағы жасалатын жұмыс тəсілдерінің көмегімен олардың білім алуына, іскерлігіне, 
дағдылануына, жетістіктерге жетуіне үйретеді. Студенттердің дүниетанымы қалыптасады жəне оның 
қабілеттілігі дамиды. 
Қазіргі жағдайда жоғары оқу орындарындағы оқу үрдістерінде графиканың құрылымы мен 
əдістемесін жетілдіру кейбір жаңа талаптардың енгізілуіне байланысты мынандай маңызды 
өзгерістер кіргізілді: 
1. Мектептердегі жалпы білім беретін дайындау курстары жинақталған жəне жаңаланған. 
2. Мектептегі ғылым циклына қатысты пəндерге ғылымның, техниканың, мəдениеттің жоғарғы 
дəрежеге жеткен материалдары кіргізілген. 
3. Тілдер мен экономика саласы ғылыми тілде тереңдетіліп оқытылады. 
Осындай кіргізілген жаңалықтар оқушылардың конструкторлық жəне техникалық шеберліктерін 
төселдіруге үлкен көмегін тигізеді. 
Білім алудың жаңа мазмұны оқушылардың белсенділігін мен қабілеттілігін арттырады жəне 
дамытады, сонымен қоса ғылымның шығармашылық негізін игеруге көмектеседі. Қазіргі кездегі 
оқыту əдістемесінің теориясы мен практикасы күрделі кезеңде даму үстінде. Күнделікті келіп түсіп 
жатқан күрделі ғылыми ақпараттар, оқытудың қай тəсілін алуды ойландырады. Студенттерді қазіргі 
кезеңдегі өркендеп жатқан ғылымның шыңына, оның қарама-қарсы қайшылықтарының ағымына, 
жаңадан туындап жатқан ғылымның салаларына кіргізу үлкен міндет. Жеке адам жəне қоғам, жеке 
адамды жоғарғы дəрежедегі адамгершілік əлеуеттік проблемаларымен қамтамасыз ету жəне осы 
потенциалды өркендету болып табылады. 
Бұл əлем мен жалпы орта білім беретін мекемелерді ойландырып отырған мəселе. Сондықтан 
қазіргі кездегі оқыту теориясында айрықша жағдайда қиын болатын оқушының өзі, өйткені жеке 
адам болу үшін ұзақ процесс туындайды [1]. 
Инженерлік графика пəнін оқытатын мұғалімдерді дайындайтын жоғары оқу орындарының
алдында тұрған оқу процестерінде осы жəне басқа сұрақтарды шешу жолында əр түрлі мақсаттар 


Ж.Ə.Қожықов, Қ.Т.Көшкімбаев т.б. 
14 
Вестник Карагандинского университета 
туындайды. Осы ізденулер оқытудың əр түрлі процесін таңдайды. Сондықтан біз жалпы білім беру 
орындарында «Сызу» пəнін оқытып отырғаннан кейін, қазіргі кездегі орта мектептерде сызуды оқыту 
қандай дəрежеде екендігі туралы өздігінен сұрақ туындайды. 
Сызуды оқыту — «Сызу» оқу пəні ретінде мақсаты, міндетін жəне мазмұнын анықтайтын 
педагогикалық ғылымның бір саласы ретінде көрсетеді. 
Графикалық сауаттылықтың негіздерін оқытады жəне осы сауаттылықты мектеп оқушыларының 
меңгеру процесін зерттейді. Инженерлік графика психологиямен жəне оқу процесімен тығыз 
байланысты. Қазіргі замандағы жобалауда сызудың ролі жоғары болғандықтан, жалпы білім беретін 
мектептерде сызуды оқытуды қамтамасыз ету — өмір талабы. Жалпы білім беруде сызу курсының 
мақсаты — оқушылардың графикалық құжаттарды келешектегі еңбек ету қызметінде жəне 
политехникалық білімін дамытуына қолдануын қамтамасыз етеді. 
Осыған байланысты осы мақсатқа сүйене отырып, «Сызу» пəнінің бағдарламасының алдына 
келесі оқу міндетін қояды. 
1. Кеңістікті елестетуді жетілдіруге мүмкіндік туғызу, бұйым шешімдері мен конструкциясына 
талдау жасауды үйрету. 
2. Тікбұрышты проекцияларды жəне аксонометриялық проекцияларды тұрғызуды үйрету. 
3. Сызбаны орындау жəне оқу үшін анықтама əдебиеттері мен оқулықтарды өз бетімен жұмыс 
істеуге үйрету. 
4. Конструкторлық құжаттардың бірегей жүйесіндегі мемлекеттік стандарттардағы белгілеулер 
мен кескіндеулерді, шартты белгілеулердің керекті ережелерін оқушыларға таныстыру. 
Сызудың бағдарламасы үлкен жəне күрделі оқу материалдарынан жəне əдістемеден тұрады. Бұл 
проблеманы шешу оқытудың тиімділігін арттыруға байланысты. Сызу курсының негізгі 
мақсаттарының бірі — оқушыларды сызбаларды орындауға жəне оқытуға үйрету. Сызбаны оқу 
шарты берілген. Жазық кескіннен бұйымның кескінделген пішінін, өлшемдерін елестете білу жəне 
дайындау, бақылау үшін барлық берілген мəліметтерін анықтау керек. Сызбаны оқу өзіне ғана тəн 
мəні бар, адамдардың сөйлеу қабілетіне байланысты ерекше процесс. 
Сызбаны оқу процесі бұйымды ауызша бейнелеу шеберлігімен тығыз байланысты. Сондықтан 
сызбаны орындау сызбаны оқуға дағдылануға мүмкіндік беретінін ұмытпау керек. 
Оқу процесі мен сызбаны орындау бір-бірімен тығыз байланысты. Сызбаны орындау процесін 
дұрыс түсінбей, оны оқуға болмайды. Ал сызбаны орындау кескіндерді, оның бөлшектерін 
салыстырумен, былайша айтқанда, сызбаны оқумен тығыз байланысты. 
Оқушылардың сызбаны оқудағы шеберлігін жəне ойлау қабілетін арттыру мыналардан 
қалыптасады: 
1. Берілген кескіні арқылы бұйымның пішінінің көлеміне қарап елестету шеберлігін арттыру. 
2. Сызбаны орындаудағы жəне безендірудегі қолданылатын шарттылықтар мен жеңілдіктерді 
білу. 
3. Кескінделген бұйымдарға белгілі бірізділікпен сөздік сипаттама бере білу. 
Студенттерге арнайы жаттығулар орындауды, яғни графикалық жұмыстар беру, сызбаларды оқи 
білуге дағдыландыру арқылы қабілеттерін арттырады. Осыған байланысты сызбаны оқып үйренуді 
бірнеше сатыға бөлуге болады. 
Бірінші сатыда шын нақты жағдайдағы бұйымды (бөлшектің моделін) кеңінен қолданып, 
мынандай жаттығуларды орындауға болады. 
1. Сызбасы арқылы бұйымды табу. 
2. Сызбасы арқылы бұйымның геометриялық пішінін талдау (геометриялық денелерге бөлу). 
3. Бөлшекті дайындалатын бұйымның алынып тасталатын бөлігіне белгі салынған сызбасына 
сай шешуін тексеру. 
Екінші сатыда нақты жағдайдағы бөлшектің сызбасын оқуды көрнекі кескіндермен 
алмастырады. Оған мынандай жаттығулар жасауға болады: 
1. Суреттің қай сызбаға келетінін анықтау. 
2. Сызылатын бөлшектің пішінінің қандай денелерден (фигуралардан) тұратынын анықтау. 
3. Сызбадан əр түрлі кеңістікте көрсетілген бұйымның көрнекі кескінін табу. 
4. Дайындаған бұйымның алынып тасталатын, белгіленген бөлігінен кейінгі қалған кескінінен 
бұйымның сызбасын табу. 
5. Берілген көрнекі кескіннен бөлшектің бас көрінісін жəне басқа көріністерін табу. 
6. Бөлшектің элементтерін сызбада жəне көрнекі кескінде табу. 


«Инженерлік графика» пəнінің… 
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015 
15 
Сызбаны оқып-үйренудің үшінші сатысында көрнекі кескінді қолданбай, мынандай жаттығулар 
жасау тиімді болады. 
1. Сызбаға қарап модельдеу. 
2. Бөлшектің берілген екі көрінісі арқылы үшінші көрінісін табу. 
3. Дұрыс орындалмаған қиманы орындау. 
4. Бөлшектің жартылай тілігімен жартылай көрінісін қосу. 
Соңғы сатыда мұғалімге бөлшектеу тапсырмасын орындау кезінде сызбаны оқып-үйретуді 
қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін, көрнекі кескіндерді бөлшек сызбаларымен салыстыра 
отырып, модельдеуді үйрету керек. 
Студенттерді сызба туралы қойылатын сұрақтарға жауап беруге дағдыландырған дұрыс. 
Мысалы, мынандай сұрақтарды беруге болады: 
1. Сызбада көрсетілген бөлшек қалай аталады? 
2. Кескінделген бөлшек қандай масштабта орындалған жəне ауқымдық өлшемдері қандай? 
3. Сызбада қандай көрініс берілген? 
4. Бөлшектің жалпы пішіні жəне бөліктерінің пішіндері қандай? 
5. Сызбада қандай шартты белгілер, жазулар көрсетілген? 
Сонымен, жалпы білім беретін оқытушыға студенттердің сызбаны оқып үйретуден кейін, 
алдымен модельдермен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін əдістерді басымдылықпен жеткізіп, содан 
кейін көрнекі кескіндерді сызбалармен салыстыра отырып, модель жасауды бірнеше сатыларға 
бөлінген жаттығулар арқылы сызбаны оқып үйренуге болады. Соңында сызбаны оқып үйренгеннен 
кейін бөлшектерге сөзбен ауызша мінездеме беруге көшуге болады (бөлшектеу тақырыбы). 
«Инженерлік графиканы» жалпы білім беру орындарында оқыту шығармашылық жəне 
политехникалық циклдағы пəн ретінде, студенттерді жұмыс сызбаларын оқу мен жасауды жəне 
техникалық суреттер тəсімін орындауды үйретуге көп көңіл бөлген дұрыс. 
Студенттердің психологиялық дайындығына мүмкіндік беретін творчестволық қызметке 
дайындаудың бірден бір шарты олардың кеңістікті ойлау қабілеттерін дамыту болып табылады. 
Жүргізілген тəжірибелер көрсеткендей, сызбаларды əр түрлі конструктивті рəсімдеудің ережелерін 
студенттерге арнайы шеберлікпен үйретуді қалыптастырмайынша, сызуды, сонымен қатар басқа да 
шығармашылық пəндерді нəтижелі меңгеру мүмкін емес. 
Студенттер сызуды оқи отырып, сызбаның көмегі арқылы қазіргі замандағы техникалармен, 
жаңа технологиялардың жетістіктерімен танысады. Сонда «Сызу» пəні студенттердің бақылау, 
салыстыру, геометриялық формаларды талдау арқылы заттардың конструкциясын жəне олардың 
кеңістіктегі орнын ойша ойлау қабілеттерін арттырады. Мұндай іс-əрекеттің нəтижесінде 
студенттердің техникаларды, механизмдерді, техникалық шығармашылықты, аспаптарды ойлап табу 
мүмкіндіктері жоғары дəрежеде дамитынына көз жеткіземіз. 
«Дизайн» мамандығы бойынша оқытылатын «Инженерлік» графика пəнінің мазмұнында сызба 
геометрия курсы оқытылады. Қазіргі кезде жобалаушылық жəне зерттеу іс-əрекеттерінде кескіндерді 
тұрғызудың аспаптық көлемі біртіндеп азайып, ақпараттық технологияда компьютерлік графика 
құралдарын қолданып орындау талаптары өсуде. Сондықтан оқушыларды графикалық дайындаудың 
жаңа мазмұнын құрамдауға деген шынайы қажеттілік туды. Оқытуда басты бағыт нысандардың 
геометриялық образын көрнекі түрде елестете білуге, оларды өзгертуге, бейне-үлгілерге зерттелуші 
нысандардың өзгеруінің динамикасын көре білуге, графикалық үлгілеудің, ойша эксперимент 
жасаудың əдістерін меңгеруге, оқушылардың зияткерлік қызметін байыту мен дамытуға беріледі. 
Жалпы қоғамның технологиялық үдерістен ақпараттық үдеріске өтуі көптеген ақпараттарды 
меңгеруге əкеліп соғады. Машиналық графиканың көмегімен үлкен көлемдегі ақпарат өңделіп, 
нəтижесі көрнекі, ықшам түрде ұсынылады, сонымен қатар графикалық ақпараттармен жедел алмасу 
да артуда. Бар ақпараттарды шығарып алу мақсатында графикалық үлгілеудің негізгі əдістерін, 
графикалық кескіндерді тұрғызу тəсілдерін білу, білім беруде, ғылымда, техника мен өнерде үлкен 
қажеттілікке ие болуда. Осыған байланысты сызба геометрия курсының мазмұны мен құрылымына 
ғылыми-əдістемелік негіздеу жасауға болады. 
Кез келген ғылымды оның əдісі анықтайды — олар зерттеу тəсілдері жəне сəйкестендірілген 
тапсырмаларды шешу. Сызба геометрияны ғылым ретінде оны да өзінің тəсілі анықтайды. Осы тəсіл 
оны басқа геометрия саласынан ерекшелейді. Сызба геометрия əдісі геометриялық тапсырмаларды 
зерттеу жəне шешу болып табылады. Бұл əдістің ерекшелігі бізді қоршаған ортадағы кеңістіктік 


Ж.Ə.Қожықов, Қ.Т.Көшкімбаев т.б. 
16 
Вестник Карагандинского университета 
формалармен байланысты заттардың жазық графикалық кескіндердің бейнесімен анықталған 
геометриялық тапсырмаларды сызба көмегімен зерттеп, шешеді [2]. 
Сызба геометрия əдісі оның мазмұнын ғылым ретінде анықтайды: кеңістіктік фигуралардың 
сызбаларын тұрғызу тəсілдерін зерттеу жəне дайындау оның нақты мақсаты болып саналады. 
Кеңістіктік геометриялық тапсырмаларды сызба көмегімен (өлшемдік жəне позициялық есептер) 
зерттеу жəне дайындау тəсілдері — сызба геометрияның кері бағыттағы тапсырмалары. Сондықтан 
ғылым ретіндегі сызба геометрияның мазмұны жөніндегі берілетін жалпы ескертулер, дизайнер 
мамандарын дайындайтын жоғары оқу орындарында оның оқу курсы ретінде нақтылы мазмұнын 
ашпайды. 
Қазіргі замандағы жоғары оқу орындарында, сызба геометрия жалғыз геометриялық пəн ретінде, 
болашақтағы дизайн мамандығын меңгеретін мамандарға, геометриялық білім беретін пəн мəніне ие. 
Геометриялық білім конструкторлық ойлау қабілетін, əр түрлі технологиялық жəне экономиялық 
сұрақтарды дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. 
Геометриялық білім əсіресе сəулет жəне дизайн мамандықтарына өте қажет. Осы салаларда 
мамандар конструкциялау, зерттеу, дайындау, күрделі формалардың техникалық беттерінің 
эстетикасы туралы сұрақтармен жиі кездесіп тұратын болғандықтан, геометриялық білім міндетті 
түрде қажет болады. Осыдан барып, сызба геометрия оқу курсын геометриялық конструкциялау, бет 
жəне қисық беттерді зерттейтін тапсырмалармен тығыз байланыста болатын материалдармен 
толтыру қажеттілігі туындайды. 
Сондықтан сызба геометрияның құрылымы мен əдістемесін ұйымдастыруда бет жəне қисық 
беттерді геометриялық бейне ретінде оқытудың негізгі нысаны туындайды. Өкінішке орай, көптеген 
жоғары оқу орындарында оқытылатын сызба геометрияда, көбіне нүктеге, түзуге жəне 
жазықтықтарға негізгі назар аударылады. Одан басқа беттер туралы тапсырмалармен байланысты 
сұрақтарды зерттеуде, «кескіндер» деп аталатын бетпен байланысты сұрақтар туындап, бұл кескінді 
тым қарапайым мағына ретінде түсінеді. Мұнда техникада, сəулет, құрылыс немесе ғылым 
салаларында қолданылатын беттер туралы жəне олардың қолданылуын оқытудағы мысалдар 
қарастырылмайды. Ал егер мысалдар қарастырылса да, геометриялық конструкциялаумен жəне 
сызба геометрияның əдістері тапсырмаларымен табиғи байланыста болмайды. Жоғарыдағы 
айтылғандарды қорытындылай келе, сызба геометрияның оқу пəні ретіндегі негізгі мақсаты болашақ 
дизайн мамандығын алатындарға конструктивтік-геометриялық білім беру болып саналады. 
Сонымен, кеңістіктік фигуралардың сызбаларын жəне сызбаның көмегімен кеңістіктік 
геометриялық тапсырмаларды шешу тəсілдерін тұрғызудың əдістерін зерттеу мен дайындауда 
мынаны еске алу керек: сызба геометрияның оқу курсы өзінің құрылымы мен мазмұны жөнінде 
болашақ дизайн мамандығын алатындарға конструктивтік-геометриялық білім беруін қарастыруы 
қажет. Жоғарыдағы айтылған мақсаттан басқа, сызба геометрия курсын оқуда тағы бір мақсатты алға 
қою керек, ол — студенттерге келешекте техникалық сызба курсы туралы қажетті теориялық негізін 
беру. 
Техникалық сызбалар проекциялық сызбалар екендігін ескере отырып, проекциялаусыз 
əдістермен алынған сызба геометрия курсындағы сызбалар қажет болмауы мүмкін. Сондықтан сызба 
геометрия курсына іздер, кеңістіктік квадранттар мен октанттар, проекция остерімен байланыстағы 
материалдарды кіргізбеуге болады. Сонымен қатар алып тасталынған материалдардың орнына 
келешекте сызу курсын оқыту үшін қажетті материалдарды кіргізуге болады. Олар: техникалық 
сызудағы үшінші проекцияны тұрғызу, көлбеу қиманың нақты шамасын анықтау, «беттер 
проекциясы» жəне «кесілген беттер проекциясы» шартты түсініктер. 
Сонымен, сызба геометрия курсын оқуда екі мақсат пайда болды: біріншісі — болашақ 
дизайнерлерге алдағы тəжірибелік іс-əрекетіне қажетті білім мен дағды беру жəне екіншісі — 
студентке алдағы оқу жоспарын оқуға қажетті нақты дағды мен білім беру. Осы мақсаттар сызба 
геометрияның оқу курсының нақты мазмұнын анықтайды жəне сызба геометрия курсының мазмұны: 
сызба геометрия əдісі ғылым ретінде, оның оқу курсын оқыту мақсатымен, сонымен қатар 
құрылымымен жəне оқыту əдістемесімен анықталады. 
Енді курс құрылымына тоқталайық. Курс мазмұнына курс құрылымы белгілі бір ықпалын 
тигізеді. Бір құрылымда материалды бірнеше рет қайталау беріледі, ал басқасында оны бір теориялық 
жинақталған негізде береді. Соңғысы алдын ала теориялық ескертулерде қосымша түсініктерді 
кіргізуді талап етеді. Курс құрылымы көбіне таңдап алынған оқыту əдістемесіне тəуелді болады. 


«Инженерлік графика» пəнінің… 
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015 
17 
Біріншіден, құрылым сұрақтарын шешуді неден бастауымыз керек екенін білуіміз керек, ол 
кредитті жүйе негізінен немесе курстың топталуымен таңдалады. Қай негізді таңдаса да, ол курс 
сұрақтарының негізгі құрылымдық шешімін анықтайды. Курстың дəстүрлігі немесе топталуы — ол 
сызба геометрияның тікелей тапсырмаларын оқу, ал содан кейін қайтарымды немесе тікелей жəне əр 
геометриялық бейнені біруақытта қайтарымды оқыту. Курстың дəстүрлігі немесе топталуы — ол 
бөлім негізінде тапсырманы шешудің бірегей əдісі немесе басқа геометриялық бейнені салу [3]. 
Қазіргі замандағы жоғары оқу орындарындағы курстардың ақпараттық көлемі ұлғаюына 
байланысты жəне оларды оқытуға кететін уақыттың азаюына байланысты негізгі дəріс курстарын 
тезистермен береді. Сондықтан сызба геометрияның келесі құрылымы мен мазмұнын ұсынуға болады. 
Кіріспеде — сызба геометрияның мақсаты мен мазмұны жəне əдістері, беттерді геометриялық 
конструкциялау, беттерді анықтауыштар, сəулетте беттерді қолдану. 
Бір картиналы проекциялы сызбада — проекция əдістері, проекциялау аппараты, бəсекелес 
нүктелер, фигуралар, фигуралар проекциялары, қайтарымды сызбаларды орындау. 
Кешенді сызбалардың пайда болуы. Кешенді сызбадағы геометриялық бейнелерге тапсырмада 
— ортогональ проекциядан кешенді сызбаның пайда болуы, кешенді сызбаның қайтарымы, беттер 
мен қисық беттердің берілуі, кесілген беттерге арналған тапсырмаларды орындау. 
Позициялық тапсырмаларда — сызықтар мен беттердің жалпы элементтерін тұрғызу, екі беттің 
жалпы элементтерін тұрғызу, көмекші қиюшы жазықтықтар арқылы беттердің өзара қиылысуын 
анықтау, проекциялаушы жəне жалпы жағдайдағы қосымша қиюшы беттер. 
Өлшемдік тапсырмаларда — өлшемдік тапсырмаларды анықтау, түзу мен жазықтықтың 
перпендикулярлығы, түзудің нақты шамасын анықтау. 
Кешенді сызбаларды түрлендіруде — кешенді сызбаны түрлендірудің мақсаты, кешенді сызбаны 
түрлендірудің негізгі тəсілдері, кешенді сызбаларды түрлендіруді қолданып, позициялық 
тапсырмаларды шешу, кешенді сызбаларды түрлендіруді қолданып, өлшемдік тапсырмаларды шешу. 
Тақырыптардың ықшамдалғанына қарамастан, ұсынылған сызба геометрия курсының 
құрылымы мен мазмұны барлық курсты, сонымен қатар əр жеке алынған бөлімді де қонымды 
тұрғызуға анық белгілі бір ұсыныс береді. Бөлімнің тапсырмаларын шешу үшін ғылыми жəне 
əдістемелік негізі болатын əр бөлімнің негізіне айқындалған теориялық орнын жеңіл көруге болады. 
Тапсырманы шешу əдістемесі тəжірибе жүзінде алгоритмдеуге жеткізілген. Мұнда бірін-бірі 
қайталау əдістері мен тəсілдері жоқ. Бірінші дəрістен бастап, курстың соңына дейін беттер мен қисық 
беттерге байланысты сұрақтар зерттеледі. Мақаланың көлемінің шектелуіне байланысты əр бөлімге 
ұсынылған құрылымның əдістемелік талдауына толық тоқталуға мүмкіндік болмады. Сондықтан, 
сызба геометриядан дəріс беретін əр оқытушы ұсынылған бөлімдерге өз беттерімен талдау жасауға, 
сонымен қатар ұсынылған құрылым мен мазмұнды қазіргі кездегі жоғары оқу орындарында бар 
əдістемелермен салыстырып, тиісті қорытынды жасауына болады. 
Əдебиеттер тізімі 
1 Қожықов Ж.Ж., Бодықов С.Ж., Көшкімбаев К.Т. Сəулеттік дизайн мамандануындағы сабақтарда мультимедиалық 
көрсетілімдерді қолдану // Қарағанды ун-тің хабаршысы. Педагогика сер. — 2014. — № 2 (74). — 56–60-б. 
2 Архангельский С.И. Лекции по научной организации учебного процесса в высшей школе. — М.: Высш. шк., 2011. — 
320 c. 
3 Рыжов Н.Н. Лекции по курсу начертательной геометрии. — ВЗЭИ. — М.: Высш. шк., 2009. — 276 c. 
Ж.А.Кожиков, К.Т.Кошкумбаев, А.Кароглы, С.Ж.Бодиков


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет