«Электр жəне магнетизм»…
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015
11
Алға қойылған міндеттердің жауабын іздестіруді студенттер басқарушы ықпал ету əсерінен
электрондық оқулықта өтіп жатқан өзгерістерді көре отырып, есептеу барысында іске асырады. Бұл
кездегі оқытушының іс-əрекеті студенттерге қажетті дараланған, жеке көмектер көрсетуге келіп
саяды. Бір студенттер үшін бұл кеңес электрондық оқулықтың басқарушы параметрлері мəнінің
диапазондарының өзгерісіне қатысты болса, басқалары үшін есептеу нəтижелерін ой елегінен өткізіп,
қабылдауға қолайлы формада беру туралы кеңес болуы мүмкін. Студенттер компьютердегі
жұмыстарын аяқтағаннан кейін есептеу барысында өздері алған нəтижелерді талқылау өткізіледі.
Қорыта айтқанда, физикалық есептерді шығару процесінде АКТ пайдалану физиканы оқытудың
қолданбалы бағдарлылығын арттыруға ықпалын тигізеді. Электрондық оқулықты қолданатын
есептер шығару əдеттегі физика есептерін жаңа мазмұнмен толықтыруға мүмкіндік береді, оларды
анағұрлым қолайлы, қызықты етеді.
«Электр жəне магнетизм» пəнінен жасалған электрондық оқулықты қолданып, есептер шығару
мынадай ғылыми жəне əдістемелік талаптарды қанағаттандырады:
есеп шығаруда оқу материалы мазмұнының ғылымның даму деңгейіне сəйкестігі;
оқушылардың есеп шығаруда білім, білік, дағдысына сатылап көтерілуінің əр түрлі деңгейлі
болуы;
жүйелілік жəне сабақтастық, бірізділік, біртіндеп күрделендіру ұстанымдарының сақталуы;
өмірмен байланысын, оқылатын материалдың практикалық мəнін, болмыстың негізгі
құбылыстарын ұғынуға құштарлық туғызатын шығармашылдық ойлау дағдысын
қалыптастыру мұқтаждығы;
есептер шығаруда саралап жəне дербес оқытуға жағдай жасалуы;
оқушылардың ғылыми ойлауын қалыптастыруға қажетті: икемділік, мақсаттылық,
ұтымдылық, сыншылдық, бейімделгіштік сияқты сапалық қасиеттерге ұмтылысы;
пайдаланушыларды рұқсат етілмеген əрекеттерден сенімді түрде қорғалуы.
Əдебиеттер тізімі
1
Беркімбаев К.М., Сарыбаева Ə.Х., Үсембаева И.Б. Физиканы қолданбалы бағытта оқытуда сапалық есептерді
пайдалану əдіс-тəсілдері. — Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясы хабаршысы. — 2013. — № 4 (54). — 100–106-б.
2
Усова А.В., Тулькибаева Н.Н. Практикум по решению физических задач: Учеб. пособие для вузов. Для студентов
физ.-мат. фак. — 2-е изд. —М.: Просвещение, 2001. — 206 с.; ил. — С. 203, 204.
3
Тишкова С.А., Стефанова Г.П. Практикум решения физических задач: Учеб.-метод. пособие. — Астрахань: Астра-
ханский гос. ун-т; Изд. дом «Астраханский университет», 2011. — 60 с.
И.Б.Усембаева, А.Х.Сарыбаева, К.М.Беркимбаев
Достарыңызбен бөлісу: