тақырып. Есептің ғылым ретінде қалыптасуы (19-шы ғасыр – 20-шы ғасырдың басы) – сағ



бет1/2
Дата27.04.2022
өлшемі19,05 Kb.
#32453
  1   2
Байланысты:
лекция 6-7


6-тақырып. Есептің ғылым ретінде қалыптасуы

(19-шы ғасыр – 20-шы ғасырдың басы) – 4 сағ.
ХІХ ғ. Бас кезінде Италияндық мектепте екі бағыт бастау алған:

1) Құқықтық бағыт – бұл есепті құндылықтардың сақталуы мен қозғалысына байланысты пайда болған қатынастар. Николло Д. Анастасио (1803) екі маңызды ой ұсынды:



  1. Есеп – бұл меншік иесінің құқықтары мен міндеттерін тіркеу.

  2. Есепке алудың орталық жүйесі болып, меншік иесінің шоты табылады. Мысал үшін, зат жеткізушілерден келіп түскен тауарларға мынадай екі жақты жазбамен (проводкамен) көрсетуге болады:

Тауар шоты дебеттелініп, капитал шоты кредиттелген және капитал шоты дебеттелініп, зат жеткізіп берушінің шоты кредиттелген. Бұл дегеніміз, қоймашы тауарды зат жеткізушілерден емес, меншік иелерінен қабылдап алады.

2) Экономикалық бағыт – бұл ең негізгі құндылықтарды есепке алу болып табылады.

Экономикалық бағытты қолдаушылар (екінші тенденция) соңғы нәтижесінде барлық шоттарда құндылықтар сонымен бірге материалдар есепке алынады деп саналған және өздерінің теориясын материалдық теория деп атаған. Оның түсіндірмесін Миландық автор Джузеппе Лудавико Криппомен (1838 ж) берілген. Ол “Есептің мақсаты” шаруашылық қызмет нәтижесін зерттеуден тұрады деп көрсетті.

XIX ғ. ортасынан бастап Еуропаның әр түрлі елдерінде бухгалтерлік есеп тәжірибені қорытатын, сонымен бірге оны жетілдіретін ғылым ретінде дами түсті. Д.Анастасио, Криппо жаңа бухгалтерия ғылымын ойлап тапты. Бухгалтерлер өздерінің жұмысын ғылым деп санаған және өз күш жігерін бухгалтерлік есептің мәні мен әдістерін анықтау жолындағы жан-жақты сәтті ізденістерге бағыттаған. Ізденістер әр түрлі нәтежиелерді көрсетті және ХІХ ғ. бітпей жатып оған сенбеушілер пайда бола бастады. Вингенсо Джитти (1856-1945 ж.ж.) «Екіжақты жазудың шын принципі» «әлі де болса мағұлмат аз деп санады, ал Мишель Гива (1830-1903 жж.) жоқ және ешқандай автор оның құрылымын дұрыс көрсете алған жоқ»,- деп өкінішпен айқындады. Бірақ бұл Д. Криппо негізін салған ғылымның арқасында үш атақты итальян мектебі дүниеге келді. Оларды зерттеу басқа бухгалтерге бұйырды.

Бірінші -



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет