31.Пән бойынша берілген ғылыми-танымдық шығарма түрлерін атаңыз.
Ғылыми-танымдық шығармалар: мақала, очерк, естелік, өмірбаян, күнделік (аспан әлемі, су асты тіршілігі, табиғат құбылыстары, жаратылыс құпиялары, адамзат сырлары, халықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүр туралы шығармалар).
32.Тыңдалым және айтылым бойынша оқушыларда қалыптасатын дағдыларды
атаңыз.
˗ тыңдауға, мазмұнын түсінуге әр түрлі жанрдағы мәтіндерді ұсыну;
˗ шығарманы қайталап тыңдау, негізгі ойды анықтау;
˗ тыңдалған шығарма бойынша сұрақтар қою;
˗ шығарма бойынша жоспар құру
˗ тыңдаған шығарманың белгілі бір бөлігін өз сөзімен айтып беру;
˗ шығарманың мазмұны бойынша қарама-қарсы пікір айту, дәлелдеу;
˗ шығарманы өз қиялымен өзгертіп аяқтау;
˗ мәтіндегі оқиғаларды, іс-әрекеттерді салыстыра талдай алу;
˗ ұсынылған тақырып бойынша сұхбат алу немесе сұхбат беру және нәтижесі
бойынша ауызша есеп беру;
˗ жоспарланған тақырыптар бойынша пікірталас ұйымдастыру; жұпта ым-ишараны
пайдаланып, оқиғаны жазуға дайындалу (мысалы, «Бағытталған оқу» және «Бағытталған
жазу»);
˗ ауызша айтылғанды түсіну және сұрақтарға жауап бере білу;
˗ берілген тақырып бойынша диалог құрастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |