№28
(10627)
11 шілде
жұма
2014 жыл
баянта
Газет 1931 жылғы 4 қыркүйектен шыға бастады
Газет 1931 жылғы 4 қыркүйектен шыға бастады
БАЯНАУЫЛ АУДАНДЫҚ ГАЗЕТІ
redakciyabayantau
redakciyabayantau@mail.ru
@mail.ru
у
АБЫЗ БАБА МƏШҺҮР ЖҮСІП ТІЛЕКТЕС БОЛҒАН
Съезге
шамамен 300-ге
жуық
делегаттар мен қонақтар жиналды.
Олардың арасында өңірлік кеңестер мен
кəсіпкерлер палаталарының, салалық
бизнес-қоғамдастықтардың, мемлекеттік
органдардың, қоғамдық бірлестіктердің
өкілдері болды.
Ұлттық
палатасының
Төралқа
Төрағасы Тимур Құлыбаев өз сөзінде
Ұлттық палатаның отандық бизнес пен
еліміздің дамуы мүддесінде Үкіметпен
сындарлы сұхбат құруға қабілетті,
құзіретті серіктес ретінде танылғанын
атап өтті.
«Біз жұмысқа белсене араласып кет-
тік, жəне де осы уақыт ішінде бизнестің
мүддесін үкіметпен республикалық
деңгейде
ұсыну
бойынша
жүйе
тұрғызылды. ҚР Президенті жанынан
Ұлттық инвесторлар кеңесі құрылды,
кəсіпкерлік
мəселелері
жөніндегі
ведомствоаралық
комиссияны
ҚР
Премьер-министрі
басқарады.
Біз
сонымен бірге салалық министрліктер
жанынан жұмыс топтарын құрдық.
Кəсіпкерлер
құқықтарын
қорғауды
ұсыну
бойынша
табысты
жұмыс
басталды. Ол үшін Бас прокуратурамен,
қаржы полициясымен келісімдерге қол
қойылды», - деді Тимур Құлыбаев.
Жұмыс
қорытындылары
туралы
баяндай келіп, ҰКП Басқарма Төрағасы
Абылай
Мырзахметов
құрылған
сəттен бастап Палата 10 мыңнан астам
өтініштерді,
хаттарды
қарастырып
шыққанын, оның ішінде 1 770-тен
астамы нормативтік-құқықтық актілер
жобаларына сараптама өткізуге сұ-
ранымнан тұрғанын айтып кетті. Мем-
лекеттік органдарға ҰКП-дан 1 671
сараптамалық қорытынды жолданған.
Ұлттық палата бизнеске практикалық
көмек те көрсетеді – орталық аппаратта
да, өңірлерде де Кəсіпкерлер құқығын
қорғау жөніндегі Кеңестер құрылған.
Күн сайын консультация сұрап қоңырау
шалуға болатын call-center əрекет
етеді. Ұлттық кəсіпкерлер палатасы
құрылған сəттен бері бизнесті қорғау
желісі бойынша 2000-нан астам өтініш
тіркелген. Кəсіпкерлер мəселелерін
шешудің Бірыңғай тізілімі жəне оларды
шешу Карталары іске қосылған, оған
бизнестің 416 жүйелік проблемасы
енгізілген.
Съез
қорытындылары
бойынша
Үкімет Басшысы бірқатар министр-
ліктерге ҰКП-мен бірлесіп ауылдық
кəсіпкерлер
үшін
кредиттердің
қолжетімділігі
мəселелерін
шешу
бойынша мемлекеттік органдардың
ҰКП-мен өзара əрекеттестігінің үлгілік
реттемесін дайындау бойынша ҰКП-да
аккредиттеуден өткен қауымдастық-
тарды салалық зерттеулер жүргізу,
стандарттар, реттемелер жасау процесі-
не тарту мүмкіндігі бойынша ұсыныс-
тар енгізуді жəне даярлауды тапсырды.
Сондай-ақ Үкімет Басшысы Ұлттық
палата
ресурстарын
өңірлердегі
іскерлік
ахуалды
бағамдау
үшін
жəне
Қазақстандағы
кəсіпкерлік
белсенділіктің жай-күйі туралы жыл
сайынғы ұлттық баяндама даярлауға
тұрақты негізде тартуды ұсынды.
Премьер-министр Кəрім Мəсімов
салық амнистиясын жүргізу бойынша
Үкіметтің бастамасы туралы айтып берді.
«Бизнесті 2013 жылғы 1 қаңтардағы
күйіне қарай салық органдарында есепте
тұрған, бірақ 2014 жылғы 1 қаңтардағы
күйіне қарай төленбеген айыппұлдар мен
өсімпұлдардан босату жоспарлануда.
Бұл амнистияны жүргізу кəсіпкерлердің
босаған қаражатты бизнесін дамытуға
жəне кеңейтуге бағыттауына мүмкіндік
береді», - деген түсінік бере кетті ол.
Съездің
бірауыздан
қабылданған
шешімімен Палатаның Төралқа Төрағасы
болып Тимур Құлыбаев, ҰКП Басқарма
Төрағасы болып Абылай Мырзахметов
қайта сайланды.
С.МАҚАЖАНОВ,
Павлодар облысы аймақтық
кəсіпкерлер Палатасының Баянауыл
аудандық филиалының директоры.
ТЕЛЕФОН БАЙЛАНЫСЫ ЖӨНДЕЛДІ
Жуырда Астанадағы Тəуелсіздік сарайында Қазақстан
Республикасы Ұлттық кəсіпкерлер палатасының І
Съезі өтті. Форум жұмысына ҚР Премьер-Министрі
Кəрім Мəсімов қатысты.
АУДАНДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
АУДАНДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
Дайын болайық
ҚЫСҚАША ХАБАРЛАР
ҰЛТТЫҚ КƏСIПКЕРЛЕР
ҰЛТТЫҚ КƏСIПКЕРЛЕР
ПАЛАТАСЫНЫҢ
ПАЛАТАСЫНЫҢ I СЪЕЗI
I СЪЕЗI
ӨТТI
ӨТТI
Таяуда мемлекеттік рəміздер жөніндегі республикалық комиссиясы Павлодар облысы
бойынша мониторинг жүргізді. 7 аудан, Павлодар қаласының мекемелерінің ішінде Баянауыл
ауданы да тексерілді.
Баянауыл ауданы əкімдігінің рəміздерді қолдану мен насихаттаудағы жұмыстары оң баға
алды.
Баянауыл өнер мектебінің ұжымы екі бөлімнен тұратын кітапты оқырман назарына
ұсынды.
Онда көне заманнан бүгінгі күнге дейін айтылып келген Баянауыл туралы əндер
жинақталды.
Жуырда Шөптікөл мектебінің 17 баласы облыстық би конкурсына қатысты. Автобусты
«Майкөбен-Вест» АҚ шешіп берді.
Биыл ғана Майқайың өнер мектебінің филиалы ретінде ашылған «Айкөркем» би ансамблі
алғашқы жеңістерге қол жеткізіп отыр.
«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша аудан орталығына жарнама
қондырғысы келді. Қондырғы мəдениет үйінің қасында орнатылған.
Осы қондырғы арқылы жоғарыда аталған бағдарлама бойынша жаңалықтар беріледі.
30 маусымда аудандық кітапхана «Бір ел – бір кітап» атты акция өткізді.
Биыл акция С.Мұратбековтың «Жусан иісі» жəне «Басында Үшқараның» атты
шығармаларына арналған.
Бұл акцияның басты мақсаты – жоғарыда аталған жазушының 2 шығармасын ел болып
оқып шығу.
Акция жылдың аяғына дейін өтеді. Шығарма елдің барлық санаттарына арналған.
2014 жылы 1 шілдесіне жұмыспен қамту уəкілетті органы арқылы жұмысқа
орналасқандардың саны – 163 адам болды.
Ағымдағы жылдың 27 маусымында бір топ балалар 1 күндік саяхатқа Астана қаласына
барып келді.
Топта – 25 дарынды, жақсы оқитын, олимпиадаға қатысып жүрген балалар болды.
Балалар 1 күн бойы Астананың зəулім ғимараттарын тамашалап, «Бəйтеректе», «Хан
Шатырда» тағы басқа көз тартатын орындарды аралап қайтты.
Маусымның 22-інде Ұзынбұлақ жəне Торайғыр ауылдық округтерінде өрт шықты.
Ұзынбұлақта Ақ иректе 45 га жəне Бозайғыр учаскелерінде 47 га жер жанды.
Торайғырдың Александровкасының маңайында 49 га жерді өрт шалды. Себебі - күн
түскен. Торайғырдың учаскесіндегі 30 адам, 2 трактор, Ұзынбұлақта 1 автогрейдерге 4
адам экипаж, жергілікті тұрғындар ұйымдасып өртті сөндірді.
Күн ысыды, өрт қаупі күшейді. Қаңтар айынан бастап ауданда 32 өрт болыпты. Соның
14-і мамыр айынан басталды. 7 өрт ауылдарда, 7-еуі ұлттық парктің жерінде. Қазір
ауданда өртпен айналысатын 2 мекеме бар. Олар: №28 өрт сөндіру бөлімі жəне төтенше
жағдайлармен айналысатын бөлім. Бүгінде оларды бөліп, міндеттерін өзгерткен. Бірі –
өрт сөндіреді, екіншісі – өрттің неден кеткенінің себептерін анықтап, шара қолданады.
Яғни, сотқа береді, айыппұл салады т.б.
Осы жылы 32 өртке 32 анықтау жұмыстары жүргізілді. 7 рет айыппұл салыныпты.
№28 өрт сөндіру мекемесінде 4 өрт сөндіретін автоцистерна бар. Аудан орталығынан
ауылдар шалғайда жатыр. Оларға бірден жету оңай емес. Сондықтан жергілікті жерде
мобильдік топ, техника, т.б. жабдықтар үнемі дайын болғаны қажет. Өрт бүгінде күннің
ыстығынан, не өзіміздің жауапсыздығымыздан кетіп жатыр.
Біреуіміз өртеп, екіншіміз сөндіріп жатқанымыз дұрыс болмайды. Өрт барлығымызға
тілсіз жау болғандықтан, оның шығуына жол бермей, қауіпсіздік мəселесіне үнемі дайын
болғанымыз жөн.
А.ЛЕКЕРОВ.
2014
жылдың I тоқсанында
аудан
əкімінің ауыл жұртшылығымен өткізген
жиналыстарының бірінде ШҚ басшысы, Ақши
ауылының тұрғыны Х.Тəліпов ауылдағы
телефон байланысының нашарлығы жөнінде сауал қойған еді.
Осы мəселеге байланысты біз «Қазақтелеком» АҚ аудандық филиалының басшысы
А.Ермановпен сөйлестік.
Иə, телефон байланысы сол кезде шынында нашар еді. Ауылдың телефон байла-
-
нысы жерсерік арқылы жасалған. Қатты желдерде антеннасы босап, бірде жақсы, бірде
естілмей тұрған.
Мəселеге байланысты Павлодар қаласынан арнайы бригада шақыртып, антенна жəне
қабылдағыш құрал-жабдықтарын жөндеп алғамыз. Қазір байланысы жақсы, тұрақты.
Осындай сұрақты Ұзынбұлақ ауылдық округі əкімшілігінің бас маманы К.Жұмабеков
те қойды. Бұған да А.Ерманов бүгінгі күнде телефон байланысы дұрысталып, үйлердің
телефондарының істеп тұрғандығынан құлағдар етті.
Жалпы Ақши ауылының жағдайы жақсарып келеді. Бұрын ауылда тұрғындары
теледидардан Қазақстан арналарын көре алмайтын. Қазір əр үй, ұялы телефон
байланысы арқылы сөйлесіп, телеарналардың түр-түрін көреді. Клуб ашылды, мектеп,
кітапхана бар. Енді бұл елді мазалап тұрған мəселе – жол қатынасы жəне балаларға
арналған шағын орталық.
ШЕШІМІН ТАПҚАН
ШЕШІМІН ТАПҚАН
СҰРАҚ
СҰРАҚ
Еліміздің экономикалық əл-ауқаты шағын жəне
орта бизнестің дамуына тікелей байланысты.
Кəсіпкерлік саласы неғұрлым қарқынды дамыса,
халықтың тұрмысы да соғұрлым жақсара түсетіні
заңдылық. Елбасымыз осы мəселелерге ерекше
мəн беретіні белгілі. Бұл бағыт Ел Президентінің
биылғы жылғы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат,
бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында басым
бағыттардың бірі болып белгіленді. Осы міндеттің
басты іске асырушылардың бірі өткен жылы құрыл-
ған Қазақстанның Ұлттық Кəсіпкерлер палатасы мен
оның өңірлік палаталары болып табылады.
Шағын жəне орта бизнестің экономикасы мен
өнімділігін көтеру, ауыл кəсіпкерлерінің құқықтарын
қорғау мақсатында ауданда Павлодар облысы аймақ-
тық Кəсіпкерлер Палатасының Баянауыл аудандық
филиалы ашылды. ҰКП Басқармасының шешімімен Кəсіпкерлер палатасының аудан-
дық филиалының директоры болып Мақажанов Самат Серікұлы тағайындалды.
Филиалдың алға қойған басты міндеттері: салықтық, кедендік заңнаманы жетілдіру,
əкімшілік кедергілерді азайту, ауылдағы кəсіпкерлік мəселелерін шешу, кəсіби-
техникалық білім беруді дамыту, мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмыс жасау,
кəсіпкерлер мүдделерін қорғау болмақ.
Бұл кəсіпкерлер палатасы үшін Республика деңгейінде негізгі басымдық болып
табылады.
Филиалдың мекен-жайы: Баянауыл ауылы, Гагарин к-сі, 62 үй, «Айдабол» СҮ,
2-ші қабат, 10 кеңсе, байланыс телефондары: 8 707 708 08 40.
АУДАНДА КƏСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ
ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ
С.С.МАҚАЖАНОВ
№28 (10627) 11 шілде, жұма, 2014 жыл Баянтау
2
ТАБИҒАТТЫ
ТАБИҒАТТЫ
ЛАСТАҒАНДАРДЫ
ЛАСТАҒАНДАРДЫ
Менің жастық шағым табиғаты бай, айдынды көлдері көзді тұндыратын,
Баянауылдың шұрайлы жерінде өтті. Осында өткен балғын шағымның шақтары
көз алдымнан кеткен емес.
Сырттан қарағанда өлкеміздің экологиясы таза, табиғаты ерекше көрінгенімен,
кейінгі кезде орман-тоғайдың селдіреп, қаулап өскен қалың шөптің шалан
тартқанын, өріс оты ортайғаны байқалады. Туған жеріңнің жүдегенін көріп көңіл
құлазиды екен. Дала мен жол бойында шашылып жатқан тұрмыстық-қалдық заттар
мен күл-қоқыстар мен мұндалап, алыстан көз алдыңда көлбеңдейді. Бұның соңы
жалпақ жазираның бірте-бірте тақырға айналуына септігін тигізетінін білсек те,
саналы түрде қолымызбен табиғатымызға қастандық қыламыз.
Алысқа бармай-ақ қояйын, бірде аптап ыстықтан сая іздеп Сабындыкөлге жол
түсті. Сірə, көл басында қаптаған қауымның да көксегені осы болар. «Көрмейін
десем, көзім бар», жағажайдың жайын көріп, төбе шашым тік тұрды. Бір жағада
демалушылар тастап кеткен қалдықтар қаптап жатыр. Адамдар өте көп, көлдің
маңы лас. Қоқыс салатын арнайы жəшіктер түгілі, дəретхананың да көрінбеуі
өте аянышты. Екінші жағада айдынды арнайы қондырғы тазалап əлек. Тарқатып
айтсақ, Жасыбай, Сабындыкөлді тазалау жұмыстары мемлекет бөлген қаржы
есебінен өткен жылы басталған болатын. Бұл жұмыстардың арқасында көлдер біраз
тазарғандай болып еді. Бірақ, демалушылардың легі өздерінің іс-əрекеттерімен
тазалыққа керісінше əрекет жасауда. Сөйтіп, экологиялық ортаның жұтаңдануына
антропогендік фактор əсер етуде. Демек осы əрекеттерді тиятын, оған тосқауыл
қоятын мезгіл жеткендей. Еліміз үшін болашақта үлкен мəні бар курортты аймақ
бола тұра, өлкеміз сəнінен айырылғандай. Мұның күрделі, əрі көкейкесті мəселе
екенін сезініп, кеңінен ойланып, толғанып шешу ешкімнің ойына келмегені ме?
Табиғатты ластау іс-əрекеттерін заңмен тыйса екен. Оларға тіпті айыппұл да салу
керек деп ойлаймын. Табиғатты қорғауға деген қамқорлық тек сөз жүзінде болып,
іс жүзінде салғырттық танытудамыз. Ал, əлеуметтік жағынан жасалып жатқан
өзгерістер əрине қуанарлық жағдай.
Қоршаған ортаны қорғау туралы сөз еткенде алдымен ол туралы анық бағдар
ұстау керек. Табиғаттың тағдыры ғаламдық деңгейдегі толғанысты болу керек.
Жер, су, ауа – міне осынау қастерлі үш ұғымның өзі адамнан араша сұрайды. Біздің
замандастарымыздың қасиетті парызы да төл табиғатты аман сақтап қалудың
мүмкін болған барлық шараларын қарастыру болып табылады.
Бүгінгі біз сияқты жас ұрпақтың келешегін ойлайтын аға буын табиғаттың
экологиялық жайына жандары ашып, іс жүзінде де жүйелі жұмысқа айналдыруы
керек. Аталған келелі мəселелердің шешімі, оны жүзеге асыру - бүгінгі ұрпақтың
күрделі, əрі қасиетті борышы. Замана тынысы біздерді осыған жетелейді.
Осыған жұдырықтай жұмылып, нəтижелі іске бет бұрсақ, нұр үстіне нұр болар
еді.
Абзал ҚАЙРОЛЛА,
Ақсаң ауылы.
ЗАҢМЕН
ЖАЗАЛ
АСА ЕК
ЕН
ЗАҢМЕН
ЖАЗАЛАСА
ЕКЕН
КӨКЕЙКЕСТI
Баянауыл өлкесі кез келгенді табиғатымен тамсандырмай
қоймасы белгілі. Талай талантты тұлғалардың туған жері
əсте басқаша болуы мүмкін емес секілді. Алайда осынша сұлу
аймақтың сұрқы қашатындай жағдайлардың легі бүгінде белең
алып бара жатыр. Жайдарлы жылы мезгілдің келуімен туристік
өлкеге келіп-кетушілер қатары да көбеюде. Демалушылардың
қарапайым қағидаларды қаперінен шығарып, қоршаған ортаға
бейжай қарауы - экологиялық мəселені туғызып отыр. Жуырда
осының куəсі болғандаймын.
Түсінікті болу үшін өзімнен бастағанды жөн көрдім. Мен осы Қызылтау
ауылында өмірге келіп, бүгінгі күнге дейін осы арада тұрамын. Жасым 78-ге келді.
Қазір ауылда үлкендер қатары сиреп, санаулы ғана адамдар қалды. Бір-бірімізбен
сəлеміміз түзу, араласып-құраласып жатамыз.
Мен ақсақалдар алқасының төрағасы болғандықтан үйлеріне кіріп, қалдарын
біліп, естігенімді айтып, қарт көңілдерін көтеріп тұрамын. Бірақ, солардың көбі
бүгінде төсекте жатыр. Далаға кіріп-шығулары қиын. Бұрынғы қиын уақытта суық
өткен, түзу киімнің жоқтығы, тамақтың аздығы, кешегі елдің басынан өткен қиын
күндер бар, соның бəрі денсаулықтарына сыр беріп, қалжыраған болса керек.
Əртүрлі ауру кездеседі, бірінің тілі, я, қолы жоқ, екіншісінің құлағы естімейді,
тағы біреулері инсульт алып, жүруден қалғандар.
Қалдарын біле барғанымда айтатындары: «Бəріміз бір ауылданбыз, жақсы
танимыз, сен көп жүрмесең де анда-санда таяққа сүйеніп, халімізді біліп жатасың.
Басқа ешкімге біздің керегіміз жоқ. Анда-санда шақырғанда ауыл дəрігері келеді.
Бізге ара-тұра емес, күн сайын демей-ақ қояйық, аптасына 1 рет келіп тұруы керек
емес пе? Қазіргі уақытта біз ешкімге керек болмай қалдық», - деп кейиді.
Ауылдың əкімі кіріп шықса да, көңіліміз марқайып, жадырап қалар едік. Көп
нəрсе сұрап та жатқан жоқпыз. Аллаға шүкір бəрі бар. Көңілді сұрап, халықпен
араласу ауыл əкімінің ойында жоқ, деп ойлаймыз. Əйтпесе, қанша жұмыстан соң
да уақыт табуға болады ғой.
Зейнетақыларының аз болса да өсіп, уақытында алып тұрғандарына шүкіршілік
етеді. Ауылдың байырғы тұрғындары Мəжен Бердібеков, Төлеуғали Оқасов, Зада
Қиышев, Ораз Төлеубеков, Қатиет Ахмадиев, Əнес Байезов, Қораш Түсіпбеков,
Серік Еңсебаев пен Мадияр Шəкенов екеуінің де екі көздері көрмейді, бəйбішелер
Лəззат Армина, Нұрғайша Тасыбаева, Жамал Нұрағалиева, Күлəнда Түсіпбекова
сынды адамдардың бəрі зейнеткер, еңбек ардагерлері, кешегі қиын-қыстау соғыс
уақытында төрт түлік бағып, күн-түн демей жұмыс істеп, майданға май, сүт, ет
жіберіп көмек жасағандар. Сиырмен жер жыртып, егін салғандар, қыста қарда
жатып жылқы баққандар. Ауылдың игілігіне көп еңбек сіңіргендерін мақтан тұтып
отырса да, бүгінде ауырып жатып ешкімге керексіз болғандарына ренжиді.
Осы сөзімнің шындығын ауылға арнайы комиссия жіберіп, өз көздерімен көруіне
болады. Өйткені, айтқанымның бəрі шындық.
«Бірі - мініп келместің кемесіне, бірі - күтіп əнекей жағада тұр» дегендей
қарттарға жылына емес, үнемі көңіл бөлініп отыруы қажет деп білемін.
Қ.БОҚАНОВ,
ақсақалдар алқасының төрағасы,
Ж.Аймауытов ауылы.
ҚАРИЯЛАРДЫҢ КӨҢІЛІН
АУЛАУҒА НИЕТТІМІЗ БЕ?
Баянтау №28 (10627) 11 шілде, жұма, 2014 жыл
3
Сөйледім қадір хал білгенімше,
Қылайық хаққа тəубе өлгенімше.
Тілеңіз жалғыз хақтан жарылқасын,
Көміліп жер қойнына кіргеніңше, - деп Мəшһүр-
Жүсіп өлеңдері мен дастандарында халықты
имандылыққа шақырып, адамгершшік рухында
тəрбиелеуге тырысқан. Мəшһүр Жүсіп:
«...Мен құдайды бір деп білемін, бар деп білемін,
күшті деп білемін. Осы үшеуіне нанымым, сенімім
күшті. Өзге нəрсеге «құлақпен естіген танық, көзбен
көрген анық» дегендей, көзім көрмей нанбаймын»,-
деп, сенiм мен таным көкжиегiн даралап, «құдайсыз
қурай да сынбайды» дегенге меңзеген болар-ау.
Жастайынан діни білім алған Мəшһүр Жүсіп əр
сөздің мағынасын тереңдікпен өлшейді. Ал тереңдік
кедергіні бұзудан тұрады. Бабалардың ғақлиялы,
казыналы сөздерін жүрегінде сақтап өскен Мəшһүр
Жүсіп рақымды тəңіріміздің мейірбан жаны.
Пайғамбарымыз үмметіне екі нəрсе қалдырды.
Біреуі Алланың парызы, Екіншісі сүннəті. Расул
Алланың
хадисінде
ешқандай кемшілік жоқ. Құран хакімін, сүннəтін
орындап, құлшылық еткен пенде - Алланың нағыз
тақуа қылған мұсылман пендесі. Пайғамбар хадисінде
жоқ сөзді қосып айту Аллаға кір келтіру болады.
Себебі Мəшһүр Жүсіп:
Құранның мағынасы - бұйрық заң.
Сүренің мағынасы - насихат.
Аяттың мағынасы - ақыл-кеңес.
Иманның мағынасы - көркем мінез, - деп түсінік
береді. Бірақ, иманды болу үшін, оның парызын өтеген
жөн. Егер көркем мінезді болмасаң, намаз оқып,
ораза ұстап мұсылман бола алмайсың. Сондықтан да
барлық ғибадаттан көркем мінез артық болса керек.
Мəшһүр Жүсіп: «Намаз оқығанның қабірі жарық
болады. Құранның əрпін таныған жан, періштенің
сауалына жауап табады. Ораза ұстағандар қияметтің
қиындығын жеңеді. Тірлігінде хикмат-хадис айтқан
жан бейіштің көлеңкесінен сая табады», - дейді. Демек,
он сегiз мың ғаламның жаратушысы, құдiретi күштi
Алла Тағала екi аяқты пендесiнiң мойнына жүктеген
бес парызының бiрi – ораза ұстау екені ақиқат. Құран
Кəрiмде: «Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы,
ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы
ретiнде Құран түсiрiле бастаған ай. Сендерден кiм
рамазан айында болса, ораза ұстасын. Кiмде-кiм
науқас болып, əйтпесе, жолсапарда жүрсе, онда басқа
күндерде өтесiн. Аллаһ сендерге жеңiлдiк болуын
қалайды, ауырлық түсiргiсi келмейдi» дейдi (Бақара
сүресi, 2/185). Жалпы Рамазан айы – Аллаһ Тағаланың
ерекше ықыласы түскен, шарапаты мол, iзгi ниеттi
iске сауабы көп, жыл он екi айдың ең қадiрлiсi. Исi
мұсылман қадiр тұтатын қасиеттi Құранның алғашқы
аяттары да Алла тарапынан рамазан айында түсiрiле
бастаған. Сондықтан, Рамазан айы – Құранның,
құлшылық пен тəуба, кешiрiмнiң айы.
Мəшһүр Жүсіп Көпеевтің пайымдауынша «Ораза
ұстау - нəпсiнi тыю арқылы орындалатын құлшылық».
Ал Хазiрет Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ораза тiлектiң
қабыл болуына себепшi болады. Ауызашардағы тiлек
тойтарылмайды. Ораза тозақтан қорғайтын қалқан.
Ораза ұстаушылар жəннатқа «Раййан» атты арнайы
қақпадан кiредi. Əр нəрсенiң өзiне тəн тазалығы
бар, рухтың тазалығын – ораза. «Ораза – сабырдың
жартасы» – деген.
Денсаулық тұрғысынан да оразаның көп пайдасы
бар. «Ауру – астан, дау – қарындастан» деген ғой.
«Аш қадiрiн тоқ бiлмейдi», дегендей, ораза ұстағанда,
аштың, аштықтың қадiрiн бiлiп, ұдайы жоқ-жiтiкке
көмектесу сезiмiне ие болады. Сондықтан да ораза –
адам үшiн ең керектi дəрi, рухани əрi материалдық,
медициналық диета болып есептеледі.
Рамазан айында отыз күн ораза тұтқан əр жанның
асқазаны тазаланып одан соң бiршама уақытта
буын-буындағы тұздар тазарып, 27-шi түнде
барлық жүйкелер орнына келедi. Содан үш күннен
соң, яғни оразаға 30 күн болғанда адам организмi
толық тазарады. Сонымен бірге ораза ұстау iшек
ауруларына ем ретiнде кеңiнен қолданылады. Кейбiр
терi ауруларының жақсаруына, асқазан мен iшек
жұмыстарын жеңiлдетуге де септiгi мол. Бүйрек,
бауыр, қуық, сусамыр (қант диабетi), жүрек пен тамыр
ауруларына адам ағзасының қарсы тұру қабiлетiн
де жақсартады. Əлемге танымал ғалым, медицина
ғылымдарының докторы Алекс Каррел: «Белгiлi бiр
уақыт аралығында ашығу бауырдағы шекерлердi,
терi астындағы май қыртыстарын, бұлшық ет, без,
көк бауыр жасушаларындағы (клеткаларындағы)
протеиндердiң белсендiлiгiн арттырады. Барлық
мүшелер өз құрамы мен жүректiң бiртұтастығын
қорғау үшiн жанын сала əрекет етеді. Мiне, осылайша
ораза тканьдердi тазалап, өзгертiп отырады» деп
жазған.
Оразада таңертең күнде ниет ету жəне ұйқыдан
оянып, сəресiнi iшу – сауап. Мұхаммед пайғамбар
(с.ғ.с.) хадисiнде: «Сəресi тамағы – берекет. Бiр жұтым
су да болса, оны тастамаңдар. Өйткенi, Аллаһ сəресiде
тамақтанғандарға рақымдылық етiп, перiштелерi де
олар үшiн кешiрiм тiлейдi» деген. Ақшам намазын
кешке ауызашардан кейiн оқу да – сауапты iс.
Рамазан айында бір ауылда ауызашарда отырған
Мəшһүр Жүсіпті, жұрттың көзінше Сұрау бидің
немересі Ұлбала балағаттаса керек. Сонда атамыз
«Маған не десең менің де саған айтар жауабым сол»,
деп тұрып кеткен. Егер бiреу ораза ұстаушыға дауыс
көтерiп сөйлесе, керiскiсi келсе, «мен – ораза ұстадым»
деп ескертуi тиiс. Бұл ынсапты болуға, өзгелермен
сыпайы қарым-қатынасқа түсiп, сабырсыздықтан
тыйылуға үйретері хақ. Бір сөзбен айтқанда Мəшһүр
Жүсіптің діни мұралары əр қайсымыздың дiнiмiзге
деген түсiнiгiмiзді тiптен кеңiтiп, өмiрдегi барша
қиындықтарды ұмыттырып, сенiмдi күшейтетін
рухани мұра.
Еңсемізді тіктеп, ел болдық. Енді көкірегімізді
ұлттық рух кернеуі керек. Ол үшін жас толқынға
демеу боларлық даналық сөздер қажет. Сондықтан
да діни бағыттың уығын қадасып, шаңырағын
көтеріскен Мəшһүр Жүсіптің нəрлі сөздерінің терең
мазмұны мен шалқар кеңдігін айтуымыз керек. Осы
тұста Рамазан айында орындалуы тиісті Тарауих
намазы туралы баяндай кеткен де жөн болар.
Тарауих – Рамазан айына ғана тəн 20 рəкаттық
намаз. Төрт рəкаттан кейін бір сəлем беріп, тарауық
тəсбиһи оқылады. Ол «тынығу, демалу, рахаттану»
деген мағынаны бiлдiредi. Рамазан айында Тарауих
намазын оқу Ислам рəмiзiне жатады. Пайғамбарымыз
(с.ғ.с.) «Кiмде-кiм Рамазан намазын (тарауихты)
шын көңiлiмен сауабын Аллаһтан күтiп оқыса, оның
өткен күнəлары кешiрiледi» деп үмметтерiнiң сауабы
мол намазды оқуға деген құлшынысын арттыруға
тырысқан.
Тарауих намазы құфтан намазынан кейін, уəжіп
намазынан бұрын оқылады. Тарауих намазын оқу ер
жəне əйел адамдарға сүннет. Ер адамға жамағатпен
оқу сауап, бірақ жалғыз адам да оқи алады. Оқу тəртібі
басқа сүннет намаздары сияқты оқылады, бірақ
дауыстап оқып, жамағат имамға ұйылады. Аллаһ
қаласа, тарауық намазы қадамдарыңыз саулықтан
болсын, Рамазан айының қасиетін берсін. Рамазан
айы мүбəрак болып, баршамызға Аллаһ тағаланың
шарапаты тие берсін. Əмин!
Тарауих оқудың қасиеті туралы Мəшһүр Жүсіп
Көпеев «ұлық Пайғамбарымыз Мұхаммед ғалиəйіс-
саламның «Дуратил уағзин» кітабында былай деп
жазылған» деп көрсетеді:
1-ші күні - тарауық намазын оқыған адамдар
анасынан жаңа туғандай пəк болар.
2-ші күні - оқыған адамның ата-анасы жарылқанып,
азаптан құтылар.
3-ші күні - ғаріптағы періштелер рақым етіп, дұға
етер.
4-ші күні - Құран. Таурат. Зəбүр, Інжілді хатым
қылғандай сауабы болар.
5-ші күні – Бəйтіл Мұхаддасқа, Мəдинаға барып
намаз оқығандай сауабы бар.
6-шы күні – төртінші қат көктегі Бəйтіл Мағмұр
мешітіне барып намаз оқығандай сауап болар.
7-ші күні - Перғауынды жеңген Мұса Пайғамбарға
бергендей Алла тағаланың əл-қуат жəрдемі бар.
8-ші күні - Ибраһимді оттан, судан, оқтан
құтқарғандай Аллаһ тағала барша пəледен, апаттан
аман құтқарып, рақым қылар.
9-шы күні - пайғамбарлармен бірге намаз оқығандай
сауабы бар.
10-шы күні - барлық пасық болған істерден,
күнəлардан аман сақталар.
11-ші күні - дүниеден өтеріңде рақым етті болып,
өз иманын өзі айтып өтетіндей сауап жазылып, нəсіп
болар.
12-ші күні - анасынан жаңа туғандай тазарады.
13-ші күні - машқарда жүз он төрт күндік айдай
толар.
14-ші күні - оқыған адам қияметтке шөлдемейтін
болар.
15-ші күні - барлық періштелер: «Тарауық оқыды
деп куəлік етер, хиссабын жеңілдет», - деп Аллаһ
тағаладан өтініш сұрар.
16-шы күні - Ғаршы Күрсіде тұрған періштелер
күнəсін жеңілдетер деп тілер.
17-ші күні - тамұқтан тəні аман болар, дəптсріне
барлық істеген жақсылығы жазылар.
18-ші күні - пайғамбарларға берілген сауапқа ортақ
болар.
19-шы күні - бір періште хабар айтып, ата-анасы
риза болар.
20-шы күні - тарауық оқыған адам Алла жолында
соғыста өлген шəйіттердің қатарындағы дəрежедей
сауапта болар.
21-ші күні - тарауықтан қалмаған адамға жəннатта
арнайы үй салынады.
22-ші күні - қылғанға қиямет күні ешбір қайғы-
қиындық болмайды.
23-ші күні - жұмақ ішінде жеке шаһар беріледі
екен.
24-ші күні - оқыған адамның тірлігіндегі дұғасы
қабыл болады.
25-ші күні - қабір азабынан аман болар. Оның
шарафатынан басқа бір адамның азабы жеңілдейді.
26-шы күні - тарауықтың түні бойы намаз оқығандай
сауабы бар.
27-ші күні - оқыған жан үш мың жылдық сират
көпірден найзағайдың отындай жылдам өтер.
28-ші күні - жұмақта дəрежелі орында болар.
29-шы күні - оқыған адамға хор қыздары тамақ
əкеліп, кəусар ішкендей болады.
30-шы күні - тарауық намазын оқыған адамға
Аллаһ тағала: «Ей, пенделерім, жеңдер жұмақ-тың
жемістерінен, жуыныңдар, Сабағилден ішіңдер
кəусардан. Мен раббың, сендер құлым», - демек.
Достарыңызбен бөлісу: |