* «Тарихи шах Махмұд мен Мирза Фазыл Чорас», (Шах Махмұд бен мырза
Фазыл Шорастың тарихы) қазақ даласындағы тарихи оқиғаларды баяндайтын
шығарма. Еңбектің әуелгі аты белгісіз. Оны алғашЗәки Уәлиди Тоғантауып,
мұқабасындағы жазуға қарап шартты түрде «Тарих-и шаһ Махмуд ибн Мырза
Фазыл Чорас» деп ат қойған.
Оны автор шамамен 1673–76 жылдары аралығында Шығыс Түркістанда
құрастырылған. Ол кіріспеден және 119 шағын тараудан тұрады. Шығарманың
сипаты, мазмұны және құрастырылуы жағынан жергілікті әулеттер тарихын,
Шағатай әулетінен шыққан Жүніс ханның билік құруынан бастап, Исмаил
ханның (1670) таққа отыру жайын баяндайды.
Еңбектің алғашқы бөліміМұхаммед Хайдар Дулаттың «Тарих-и- Рашидиін»
негізге алған. Автор 55 тараудан бастап өзінің көргендері мен туыстарының
естеліктерін, оқиға куәгерлерінің әңгімелерін пайдаланған. Жылнамада ХVІ–
ХVІІ
ғасырлардағыОрта
Азия,Қазақстан,Қырғызстан,Шығыс
ТүркістанжәнеЖоңғар хандығыжөнінде деректер мол. Оның парсы және ұйғыр
тіліндегі нұсқалары табылып отыр.
* ХV–ХVІІІ ғасырлар арасындағы қазақ даласындағы саяси жағдайдан толық
мәлімет беретін шығармалардың бірі
Тарихи Кыпчаки (Қыпшақ тарихы).
Авторы Қыпшақ хан деген атпен белгілі Қожамқұли-бек Балхи.
Еңбек кіріспе мен 9 тараудан (кейбір деректерде 5 тараудан) және
қорытындыдан тұрады. Онда бұған дейінгі деректерде қамтылмағанҚазақ
хандығыныңертедегі тарихы баяндалады. Еңбек тек қолжазба күйінде
сақталған.
Оның
жекелеген
үзінділері
1969
жылы
«ХV–ХVІІІ ғасырлардағыҚазақ хандығыныңтарихы туралы материалдар » атты еңбекте
жарияланды. «Тарих–и– Қыпшақидың» В.Г. Тизенгаузен аударған тараулары
жарық көрген жоқ. Ол қазір Шығыс зерттеушілерінің архивінде сақтаулы.