106
Санақ мәліметтерін салыстырмалы талдаудың міндетті шартты-санақтық
зерттеудің методологиясын анықтау болады. Жарияланған жинақтарда, өткен
дәуірдіңмәліметтеріосы заманғы өлшемдермен берілуі мүмкін. Зерттеуші осы
жерде метрология пәнінен алған білімін пайдаланады. Бұрынғы және қазіргі
өлшем жүйелерін салыстыра зерттеу әдәсінің септігі тиеді.
Статистика көпшілік процестердің сандық заңдылықтарын көрсету мен
зерттеуге арналғандықтан, ол санақ материалдары анық көрсетілген
көпшілік(массовые источники) деректердің қатарына жатады. Деректердің
осындай тобымен жұмыс істеуде Мәскеу университетінің профессоры
И.Д.Ковальченко математикалықәдістерді пайдалануды ұсынады.
Архив қорларының санақ материалдарын игеруде санақтың математикалық
әдісінің үлкен болашағы бар. Осы әдіс арқылы тарихшылар деректік
мәліметтерді топтастыру мен жіктеуден және санақ көрсеткіштерінің өзара
қатынастарын талдаудан бастап, күрделі математикалык модельдер (үлгілер)
құруға дейінгі жұмыстарды атқаруға мүмкіндік алады,
Алайда, мұндай математикалық санақ әдісі – тарихи зерттеу жұмыстарында
негізгі тәсіл емес, ол қосалқы ғана роль атқарады. Негізгі мақсат зерттелетін
қоғамдық оқиғалар мен құбылыстардың сапалы, мағыналы талдануында.
Математикалық санақ әдістерін қолдану тарихи зерттеулердің сандық
өлшемдеріне дәлдік бере отырып, талдау мүмкіңдіктерін көтере түседі.
Қорыта айтқанда, санақ деректері қоғам өмірінің барлық қырынан: өндіргіш
күштердің дамуынан, адамдардың әлеуметтік өмірінің өзгеруінен және т.б. –
құнды мәліметтер береді. Қоғам өмірін сипаттайтын санақ көрсеткіштері уақыт
талабына сай үнемі жаңарып отырады.
Әдебиет
Достарыңызбен бөлісу: