13
жағдайы, экономика, саяси-идеология қатынастары туралы құжаттарұлттық
байлықтыңбір бөлігі болып табылады. Тәуелсіз Қазақстан архивінің қызметіне
халықаралық байланыстардың артуы оң ықпалын тигізіп отыр.
Музейтану
музей ісі мен тарихын, оларды ұйымдастыру мен қызметтер
жүйесін, әдістемесін зерттейтін ғылым саласы. Музейтану термині ХІХ
ғасырдың екінші жартысында ғылыми айналымға енді. Музейтану арнайы пән
ретінде музей ісінің теориялық және тәжірибелік, ғылыми-әдістемелік
негіздерін жасайды, музей ісіндегі тарихи-ғылыми, танымдық тәжірибелерді
қорытындылайды.
Музейтануда
археологиялық,
этнографиялық,
өнертану,
палеография,
нумизматика, жаратылыстану ғылымдарының зерттеу әдістері кеңінен
қолданылады. Музейтану ғылыми пән ретінде: музейтану теориясы,
музейтанудың тарихы мен тарихнамасы, музейлік деректану методологиясы,
музей педагогикасы, т.б. құрылымдарға бөлінеді. Музейтанудың теориялық
тұрғыдан зерттелуіне ХХ ғасырдың 50–60 жылдары чех ғалымдары И.Неуступ-
ный, И.Бенеш, поляк ғалымы В.Глузинскийлерүлес қосты.1977 жылы өткен
Халықаралық музейлер кеңесінің 11-конференциясында Халықаралық
музеология комитеті құрылып, іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу
жолға қойылды.
Достарыңызбен бөлісу: