28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды



Pdf көрінісі
бет165/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

Католгтың көмегі: 
Каталог кітапхана қорының мазмұнын көрсетуде, 
оқырмандардыңқажетті кітапты тез тауып алуында, кітапхана міндеттерін 
шешуде көмекші құрал болып табылады. Кітапхананың кітап қорын жасайтын 
түрлі тақырыптағы баспадан шыққан шығармалар мен оқырмандар талабының 
әрқилылығы каталогтың күрделі жүйесін құруды қажет етеді. Атқаратын 
қызметіне қарайкаталог – 
оқырмандар каталогы
және 
жұмыс каталогы 
болып 
бөлінеді. Жұмыс каталогына оқырмандар сирек талап ететін және ескірген 
әдебиеттердің тізімі енеді. 
Каталогтарға баспадан шыққан шығармалар түрлері тізіледі: кітаптар, мерзімді 
басылымдар, графикалық шығармалар, стандарттар, патенттер және авторлық 
куәліктер. Ірі кітапханаларда кітапхананың толық қорын қамтитын бас 
Каталогпен 
қатар 
бөлімдердің 
қорын 
көрсететін 
Каталогтар 
құрастырылады.Кітапхананың және кітапханааралық абоненттің ақпараттық 
қызметі кеңейген сайын жинақтау Каталогның маңызы артады. Ол бірнеше 
дербес кітапханалардың қорын көрсетеді және территориясына не саласына 
қарай жасалады. Форма жағынан каталогтар карточкалы каталог, баспалы 
каталог(кітап түрінде), блоккарточкалы каталог (блокнот немесе альбом 


157 
түрінде) болады. Мезгілінде толықтырып, өзгертіп отыруға ыңғайлы 
болғандықтан, карточкалы каталог көп тараған. 
Библиографиялық көрсеткіштермен жұмыс істеу әдістері 
Көрсеткіштерді дұрыс пайдалану зерттеуші жұмысын көп жеңілдетеді. Олар 
кітапхананың анықтамалық – библиографиялық бөлімдерінде орналасқан. 
Зерттеу жұмысыңды деректермен қамтамасыз етуде, олардың авторларын, 
датасын, шыққан жері сияқты мәліметтерді анықтағандакөрсеткіштердің көмегі 
мол. 
Әлем тарихы, оның кезеңдері, белгілі бір өңір тарихы,нақты бір проблемаға 
арналған көрсеткіштер болады. Осы күні тарих ғылымыныңсалалары жөніндегі 
әдебиеттерді жинақтаған, тарихи журналдар мен жинақтарда жарияланған 
мақалаларға арналған көрсеткіштер де бар.Тіпті деректердің әр түрлерін 
топтастырған көрсеткіштер де жарық көруде.Бірақ олардың бар екендігін біліп 
қою аз, олардан өзіңе қажет ақпарат алу әдістерін меңгерген жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет