3
1. ДЕРЕКТАНУ ПӘНІНЕ КІРІСПЕ
Жоспары
1.Тарихи дерек түсінігі.
2.Деректану пәні,мақсаты және міндеттері.
3.Деректану әдістері.
4. Оқулықтар мен оқу құралдарына қысқаша шолу.
Тарих ғылымы мен тарихи білімнің беделі асқақтап
тұрған заманда тарихи
шығармалардың сапасына ерекше көңіл бөлген абзал. Сапалы зерттеу қоғамда
тарихи сананың қалыптасуына игі әсер ететіндігі белгілі. Ал енді тарихи
шығарманың жоғарғы деңгейде жазылуы үшін деректер корпусының толық,
объективті әрі шынайы болуы қажет. Болашақ
тарихшы деректермен жұмыс
жасауды жоғарғы оқу орнында үйренуі тиіс. Сондықтан да тарих факультетінің
оқу жоспарынан деректану пәні ойып тұрып орын алған.
Көлемі үш кредиттен тұратын деректанудың өзекті тақырыптарына арналып 30
сағат дәріс оқылады. Дәріс барысында алынған білім 15 сағаттық семинарда
және
90
сағаттық
студенттердің
өздігінен
істелетін
сабақтарда
зерделенеді,толығады және бекітіледі. Байқағаныңыздай уақыттың көпшілік
бөлігі студенттің өзіндік жұмыс істеуіне арналған. Бүгінгі
студент ақпарат
көздерін барынша пайдалана білуі қажет. Сондықтан оқытушы оларға ақпа-
ратты өз бетімен алу жолдарын ұйретуі кезек күттірмейтін мәселе.
«Деректану»терминін алғаш ғылыми айналымға кіргізгеннеміс ғалымы А.Л.
Шлецер.Тарихи дерек неміс транскрипциясында – «Quellenkunde», француз
тілінде (étude des sources), испан тілінде (estudios de las fuentes),қырғызша
«бұлақтану», татарша «чыганақ»,өзбекше «tarixiy manba», башқұртша «тарихи
сығанактарға»барлығының да аудармасы деректерді зерттеу.
Қай тілде қалай
аталсада терминнің мағынасы –деректер туралы ғылым.
1.Тарихи дерек түсінігі
Ғылымда тарихи деректің түсінігі сан-алуан. Әр заманда, әртүрлі елдің
тарихшылары тарих дерек туралы әртүрлі пікірде болды.
Қалай болғанда да
өткен заман туралы қандай да болсын, мәлімет беретін ақпарат көздерін тарихи
дерек санатына қосқан дұрыс сияқты.
Тек қана олардың мына төмендегі талаптарға сәйкес болуы қажет деп
ойлаймыз. Біріншіден, ұзын-сонар адамзат тарихында
халықтың рухани және
материалдық мәдениет саласында ұрпақтан-ұрпаққа мұраға қалдырған
4
жәдігерлер оның өткенінен шынайы ақпарат береді. Екіншіден,
бұл ақпарат
мұқият тексеріліп, объективтілігі мен шынайлығы анықталуы қажет.
Үшіншіден,табылған,тексерілген, анықталған ақпарат тек зерттеу процесінде
пайдаланған жағдайда тарихи дерек ретінде танылады.
Достарыңызбен бөлісу: