28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды



Pdf көрінісі
бет170/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

инвентарлық опись
деп аталады. Бұл есепке алу 
құжаты әрі оларға сипаттама беретін анықтамалғы. Онда өз алдына нөмірі бар 
істердің атаулары және құрамы жөнінде ақпарат бар. Қордыңбарлық опистеріне 
жалпылама мәлімет беретін анықтамалықты 
тізім (список)
және 
қор беттері 
(листы фондов) 
деп атайды.Тізім қорлардың тізбесі, ал қор беттері әрбір қорға 
бөлек бөлек жасалады. Онда қордың атауы мен нөмірі, қайта атау және 
ведомстволық бағыныстылық жөнінде мәлімет бар. Сонымен қатар құжаттың 
қысқаша қортындалған құрамы мен мазмұнының сипаттамасы,әр опистің 
хронологиялық шегі және қордың сақталған орны көрсетіледі. 
Мұрағаттағы 
каталог,шолу
және 
жолкөрсеткіштер 
ақпараттық анықтамалық 
болып есептеледі. Мұрағат каталогтарында сақтаулы тұрған құжаттар туралы 
ақпарат болады.Онда қатырмалы кәртішкеге тақырыбы, саласы және пәні 
жазылған мәлімет бар.Ол бөлім,тақырып және рубрикаға бөлінген.
Жүйеленген каталогта 
кәртішкелер білімнің саласы және қызымет түрі 
бойынша, ал рубрика ішінде логикалық тәртіппен орналастырылады.
Пәндік-
тақырыптық 
каталогта кәртішкелер алфавит бойынша пәндік белгілеріне 
қарай логикалық ретпен орналастырылады. 
Хронологиялық каталогтарда 
әрбір сақтау бірліктерініңжасалу уақытына байланысты құрастырылады. 
Мұрағаттарда
мұрағат шолуы 
деп аталатын анықтамалық бар.Бұлардың 
зерттеушіге тигізер көмегі зор. Өйткені онда кейбір құжаттар кешені туралы 
жүйеленген мәліметтермен қатар деректемелік талдаулар дайын күйінде 
кездеседі. 
Істерді зерттеу,құжаттарды табу және іріктеу әдістер 
Мұрағат қорларынан өзіңе қажетті дерек табу аса зор шыдамдылықты және 
еңбекқорлықты қажет етеді. 
Анықтамалықпен танысқаннан кейін өзіңе қажетті деген істерге тапсырыс 
бересіз. Істің алғашқы және соңғы құжаттарымен танысқаннан кейін, оның 
қажеттілігі 
немесе 
қажетсіздігі 
белгілі 
болады. 
Осыдан 
кейін 
құжаттармензерттеу жұмысы басталады. 


161 
Талдау үшін ірктеліп алынған құжаттарды 
атрибуциялау
қажет. Яғни оның 
авторы,пайда болған уақыты,жазылған жері анықталады. Бұл үшін тарихи 
арнаулы пәндердің көмегіне жүгінесіз. Егер құжаттың авторы көрсетілмесе осы 
адамдар жазуы мүмкін дегендердің тізімі жасалады.Содан кейін құжаттың сти-
ліне,жиі пайдалынатын сөздерінежәне басқа да ерекшеліктеріне назар аудара 
отырып тізімнің шеңберін тарылта бересіз. Құжатты атрибуциялаудың әдістері 
көп. Сондықтан зерттеуші соларды меңгеруге мәжбүр болады. 
Мұрағат қорынан алынған құжаттың көшірмесі жасалады. Ондағы автордың 
ойы толық келтіріледі. Контекстен өз пікіріңді дәлелдейтін сөлемдерді жұлып 
алып пайдалануға болмайды. Кейде бір гипотезаны дәлелдейтін дерек аз болуы 
мүмкін. Онда қажетті құжаттарды басқа мұрағат қорларынан іздейсіз. Басқа бір 
зерттеуші жария еткен құжаттарды пайдалана отырып мұрағатқорына сілтеме 
жасауға болмайды. Бұл плагиат болып шығады. Өз концепцияңызды дәлелдеу 
үшін мұрағат құжаттарына фальсификация жасауға тағы болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет