28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды



Pdf көрінісі
бет18/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

Геральдика
Гербтердіңпайда болуын, ондағы символикалық белгілердің 
мазмұнын 
ашу-геральдика 
деп 
аталатын 
арнайы 
тарихи 
пән 
айналысады.
«
Геральдика
»
термині латынның «heraldus»яғни жаршы деген 
сөзінен шыққан. ОртағасырлықЕуропакорольдерінің сарайында гербтердің 
кімге тиесілі екенін анықтайтын, тіркейтін, жүйелейтін және жаңа гербтерді 
жасайтын арнайы адамдар – герольдтар деп аталды. Кейіннен олар 
«Герольдия»атты мекемелерге біріктіріледі. Олар геральдиканың белгілері мен 
бояу түстері ұғымдарының ерекше жүйесін жасады. Геральдика ХІХ ғасырдың 
екінші жартысынан бастап тарихи пән ретінде қалыптасты. 
Сфрагистика
(грек. мөр), немесе 
сигиллография
(лат–мөр) 
Ресми құжаттар, 
бәрімізге белгілі, мөрмен расталады. 
Әр замандағы, әр елдің ресми мекемелер 
мөрлерінің түпнұсқасын, түрінің өзгеруэволюциясын, олардың бетіндегі 
символикалық бедерін зерттейтін ғылымды сфрагистика деп атайды

Қазақ тарихы үшінбұл ғылымның өзектілігі ерекше. Қазақ би-сұлтандарының, 
ру ақсақалдары мен хандардың жеке басын растайтын жүзік түріндегі 
мөрлерінің болғандығы белгілі. Өкініштісі тарихи деректің осы бір үлкен 
бөлігін зерттеу кенжелеп қалғандығы белгілі. Зерттеуші И. Ерофееваның «Кіші 
жүз хан-сұлтандары» деген кітабынан басқа зерттеуді көрген емеспіз. 
Тарихи география
тарихға жақын ғылымдардың бірі. Екі ғылымның зерттеу 
әдістері бірі-бірін толықтырып отырады. Тарихи оқиғалар географиялық 
кеңістіктен өткендіктен тарихшылар географияның көмегіне сүйенеді.
Бұл ғылымның да бірнеше салалары бар.Тарихи география тарих пен география 
ғылымдарының түйіскен жерінде пайда болған ғылым
.
Оның бірнеше салалас 
бөлімдері бар. Олар мыналар: 
1.Тарихи физикалық география (тарихи жертану) – ландшафттың өзгеруін 
зерттейтін ең консервативті саласы.
2.Тарихи 
саяси 
география 
–әлемнің 
саяси 
картасын,мемлекеттік 
құрылымдарды, жаугершілік жорықтардың маршруттарын зерттейтін саласы. 
3.Тұрғындардың тарихи географиясы –әр ел тұрғындарының этнографиялық 
және географиялық ерекшеліктерін зерттейтін саласы. 
4.Тарихи әлеуметтік география – қоғамдағы қарым-қатынастар және әлеуметтік 
топтардағы өзгерістерді зерттейтін саласы. 
5.Тарихи-мәдени география–рухани және материалдық мәдениетті зерттейтін 
саласы. 


19 
6.Қоғам мен табиғаттың арасындағы қатынастарды зерттейтін саласы. 
7.Тарихи экономикалық география – өндірістің дамуын зерттейтін саласы. 
8.Тарихи-географиялық елтану.
Ғалымдардың есебі бойынша деректанудың айналасында алпыстан аса өзінің 
жеке дара пәні бар ғылым салалары қалыптасқан. Олар жөнінде 
деректанупәнінің жеке тақырыптарын ашқанда сөз болады. 
Әдебиет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет