28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды



Pdf көрінісі
бет29/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

ДжоМартин 
Винценттің
1934 жылышыққан«
Тарихи зерттеу құралында» 
негізінен 
қосалқы тарихи пәндер:дипломатика, палеография, хронология, геральдика, 
сфрагистика, метрология, нумизматикажәне т.б.туралы материалдар бар. 
Сонымен қатар, дипломатикалық және картографиялық материалдардың 
ерекшеліктеріне арналған бөлімдер бар. Соңғы бөлім тарихи дерек ретіндегі 
куәгерлердің жауаптары туралы материалдан құралған.
 
Түрлі мемлекеттердің тарихи журналдарында жарияланған жеке мақалалардан 
басқа, деректану мәселелеріне арналған, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін 
пайда болған батыс зерттеушілерінің бірнеше жұмыстарын атап өту керек. 
Америка тарихшысы 
Вильям Лео Лусидің «Тарих, әдістер мен 
түсіндірмелер
»
жұмысы 1958 жылы Чикагода екінші басылыммен (бірінші 
басылым 1948 жылы басылды) жарияланды. Жұмыста мынадай: 
тарихи 
деректер, сыртқы сын, ішкі сын, деректерге түсінік беру (түсіндіру) 
бөлімдері 
болғандықтан, ол зерттеушілердің қызығушылығын тудырады. 
Кітапта АҚШ-тың ірі мұрағаттарында, мұражайларында, кітапхананың 
қолжазбалар бөліміндегі тарихи деректердің сипаты туралы, оларды іріктеу 
және сақтау тәртібі туралы, көптеген деректерді бұрмалау тәсілдері және 
жалған нұсқаларын анықтау жолдары жөнінде пайдалы мәліметтер келтірілген.
Жұмыста тарихи деректерді сынауға аса назар аударылған. Лео Луси 
«куәгердің 
сенімділігі оның сипаттарына: жасына (жас, орта жастағы, егде, кәрі), 
темпераментіне (арсыз, сангвиник, пессимист), тәрбиесіне және өмірдегі 
жағдайына (ақсүйек, шенеунік) байланысты. Біз жас қыздан және егде сая-
саткерден, сауатсыз шаруадан және колледж профессорынан бірдей 
куәгерлікті күтпейміз» 
деп есептейді. Бұл пікірмен келіспеуге болмайды. 
Зерттеуші шынымен де қоғамдық жағдайды, құжатты құрастырушының жеке 
қасиеттері мен жасын ескеруі қажет. Бірақ автор куәгердің дүниетанымын, 


27 
саяси көзқарастарын және куәгерліктің шынайылығын анықтауда өте маңызды 
бірқатар жағдайларды қозғамайды. 
Сонымен қатар Луси бірқатар куәгерліктерге қандай да бір сынды қолданудан 
бас тарту керек деп есептейді. Ол: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет