№28 мектеп-гимназия Мұғалімнің аты-жөні



Дата18.12.2023
өлшемі18,74 Kb.
#140467
Байланысты:
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР



Мектеп

№28 мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні

Баққожа А.К

Сынып

9 «Г»













Күні

30.11.2023ж













Қатысушылар саны:
















Қатыспағандар саны:
















Бөлім

3-бөлім Гимнастика арқылы денені басқару дағдылары

Сабақ тақырыбы

Спорттық ойындар
Волейбол. Шабуыл соққысын қабылдау әдістерін жетілдіру

Оқу мақсаттары

9.3.2.1 көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді бағалау;



Сабақ мақсаттары

Барлығы: Білім алушылар арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімдікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын түсінеді;
Көбі: Білім алушылар арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімдікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын түсіне отырып жаттығу кезінде қолдана алады. Өзінің және әріптестерінің осал мықты жақтарын ажыратады талдайды.
Кейбірі: Білім алушылар арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімдікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын түсіне отырып жаттығу кезінде қолдана алады. Өзінің және әріптестерінің осал мықты жақтарын ажыратады, талдайды. Қимыл қозғалыс әрекеттерінің бақылайды, үйлесімділігін сақтайды және салыстырады.

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

ресурстары

Сабақтың басы
10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.




Смаликтер арқылы
ҚБ өзін өзі бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
ҚБ

Ұялы телефон
Доптар: түрлі мөлшер, текстура, түс, салмақ, т.б.



Сабақтың ортасы
25 минут

(С, ЖЖ, ҚБ) Оқушылар жұптарға бөлініп допты жоғарыдан беруді жетілдіреді. Торға қарсы қарап тұру қалыптан ойыншылар допты бастан жоғары сәл алға лақтырады, жоғары-артқа сермеуді орындайды, қолдар артқа-жоғары қозғалу үшін артқа шалқайып иықтарын артқа апарады. Бір ойыншы екінші ойыншыға допты бастың деңгейімен береді. Допты беру әртүрлі бұрыштардан және әртүрлі траекториялармен беріледі.
(С, ЖЖ, ҚБ) Оқушылар жұптарға бөлінеді, шабуылдау соққысының орындалу үлгісін (имитация) жасайды. Шабуылдау соққысын орындаудың екі тәсілін ажыратады: тура және қапталдан. Шабуыл соққысы секіруден (орыннан және екпін алып жүгіруден), соққыдан және қонудан тұрады. Екпін алып жүгіріп келу секіру бір немесе екі аяқпен итерілуден орындалады, ал орыннан – екі аяқпен итерілуден ғана орындалады.

Оқушылардың есіне қауіпсіздік техникасын салу қажет. Техникалық амалдарды игеру алдында бұлшықет пен буындарды қыздыру жаттығуларын орындау. Сұраңыз: Ойынды бастаушы ойыншы қандай қасиеттерге ие болуы керек? Шабуылдан соң қорғаныс әрекетін кім бірінші болып жасақтайды?
Назар аударыңыз: Соққы жасаушы қолдың білезік буыны артқа кетпей иықтың үстінде және білек те иықтан жоғары болуы маңызды. Сұраңыз: Тапсырманы орындауда қандай қиындықтар туындады? Қозғалыс әрекеттерін жақсы орындау үшін, бұл тапсырмада сізге қандай дағдылар қажет?

Сабақтың соңы
5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.
Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.

Рефлексия парағы


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет