29 шілде 29 шілде қоян жылы, 2011


- Тəуелсіздікке қол жеткізгелі бері білім



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата08.01.2017
өлшемі4,37 Mb.
#1454
1   2   3   4   5   6   7

- Тəуелсіздікке қол жеткізгелі бері білім 

саласында  көптеген  өзгерістер  орын 

алды. ЖОО-ға Ұлттық бірыңғай тест тап-

сыру арқылы түсіп жүрміз. Сөйтіп, халық 

арасында: «Бақ шаба ма, бап шаба ма?», - 

деген пікір деп қалыптасып үлгерді. Оның 

үстіне білімі таяз мектеп түлектері «тисе 

терекке,  тимесе  бұтаққа»  деп,  əйтеуір, 

сұрақтың  кез  келген  нұсқасын  белгілей 

салуды  шығарды.  Осы  туралы  не  айта-

сыз? Бұл жастардың санасына кері əсер 

етпей ме? 

- Жалпы Ұлттық бірыңғай тестілеуге (осы-

дан кейін ҰБТ) байланысты мынандай бір ой-

мен  бастасам.  Əрбір  механизмнің  тууының 

өзіндік  себептері  болады.  Кезінде  бізде 

тестілеу  пайдаланылған  жоқ.  Қолданса  да 

басқа  формада,  басқа  жағдайда  пайдалан-

ды.  ҰБТ-ның  енгізілуін  бір  нəрсемен  ғана 

байланыстырамын. Ол – білім саласындағы 

коррупцияны жоюға бағытталған форма де-

уге болады. 

Кезінде  талапкердің  оқуға  түсер  кезінде 

объективті  бағалау  жағы  қиын  болды.  Бұл 

үлкен  қоғамдық  дерт  болатын.  Ол  кездері 

ЖОО  оқуға  түсу  үшін  тамыр-таныс  арқылы 

шешіліп,  жүзеге  асатынын  көрдік.  Міне, 

ҰБТ  осы  мəселені  шешетін  фактор  ретінде 

қарастырылды. 

Бұл 

үлкен 


əлеуметтік 

мəселені  ҰБТ  шешіп  те  берді.  Осы  орайда 

ҰБТ-ға рахмет айтуымыз керек (күліп.) 

ҰБТ осымен басталды. Бірақ, əр нəрсенің 

өзінің  бір  мүмкіндігі,  шекарасы  бар.  ҰБТ  өз 

шекарасынан шығып кетті. Бірнеше функци-

яны ҰБТ-ның иығына салып жіберді. Ал оны 

ҰБТ  көтере  алмады.  Мысалы,  ҰБТ  мектеп 

бітіріп  отырған  балаларға  баға  беру  ғана 

емес, бір сəтте жоғарғы оқу орынына түсуге 

мүмкіндік  беріп  отыр.  Сондай-ақ,  мектеп-

терге,  мұғалімдерге,  облыстардың  бі лім 

басқармаларының  рейтингтерін  анықтай-

тын формулаға айналды. 

Меніңше  адамның  білімін  тек  қана  ҰБТ 

арқылы  анықтау  мүмкін  емес.  Біреуінің  сөз 

саптауын тыңдау керек, ал екіншісінің жазу-

ын көру керек. Консерваторияға түсіп жатқан 

бала  тестіні  қайтеді?!  Консерваторияға 

түсетін  талапкердің  дауысын,  тексеру  ке-

рек.  Суретші  болатын  балаға,  ақынға  не 

журналистке математиканың қажеті қанша? 

Міне,  осы  мəселелерге  ерекше  мəн  беру 

керек.  Мамандықтар  əр  түрлі.  Сондықтан 

барлық мамандыққа бірдей ҰБТ енгізу қате. 

Қосымша  түрде  енгізу  керек.  Демек,  негізгі 

емтихан  еркін  формада  тапсыру  керек  те, 

шығармашылық  емтихан  қосымша  болуы 

тиіс.  Ал  тест  қосымша  тексеру  элементі 

ретінде қолдану керек. 

Осы  орайда,  ҰБТ-ға  байланысты  тағыда 

бір  нəрсе  есіме  түсіп  отыр.  Кезінде  əкем 

марқұм: «Балам білім екі түрде болады», - деп 

айтушы еді. Енді осындағы білімнің «бірінші сі 

тілдегі білім, екіншісі жүректегі білім», - деуші 

еді  əкем.  Сонда  көрдіңіз  бе?  Тілдегі  білім 

ол  тек  қана  жаттанды  білім.  Ал  жүректегі 

білім  ой-сезім,  сана.  Жоғарыда  атағандай 

маманды  тұлға  қалыптастыратын  міне  осы 

жүректегі білім. ҰБТ балаларды, ұстаздарды 

жаттанды  білімге  салып  қойды.  Логикалық 

мəселелер ше? Оларға қазір жол жоқ болып 

қалды. Осыған байланысты кемшілік айқара 

көрініп  тұр.  Негізгі  əңгіме  осында.  Қазір 11 

сынып  оқитын  оқушылар  сабақ  оқымайды. 

Сондықтан осы мəселелерді шешу үшін мен 

мыналарды  ұсынар  едім:  біріншіден,  ҰБТ 

қосымша білім сапасын анықтайтын форму-

ла ретінде пайдалануымыз керек. Екіншіден, 

мамандықтарға  байланысты  қарауымыз 

қажет. Шынын айту керек, топырлатып бала-

ларды бір аудиторияларға жинаймыз, сырт-

та  топырлап  жүрген  ата-аналар,  милиция-

лар тыныштықты бақылап жүреді. Бұл – ҰБТ 

тапсыратын кездің ортақ сюжеті. 

Меніңше  осыған  байланысты  жалпы 

бір  күнде  тест  тапсыру  қате.  Балалардың 

дайындығына 

орай 

жыл 


мезгілдеріне 

қарай  қойсақ  қой.  Оны  балалардың  өздері 

дайындықтарына орай таңдаса жақсы болар 

еді. Міне осы жақында ғана ҰБТ өтті. Ал енді 

шілде  айында  былтырғы  колледж  бітірген, 

сол  жылы  оқуға  түсе  алмай  қалған  жастар 

тест тапсырады. Бірақ оларға назар аударып 

жатқан ешкім де жоқ. Ал олар міндетті түрде 

шілде  де  емес,  жылдың  ортасында  қыста 

болама  тапсырып  қойса  жақсы  болар  еді. 

Ол үшін тест орталықтарын жеке ашу керек. 

Демек,  тест  мектептер  мен  университеттер 

де өтпеуі тиіс. Өйткені, мектепте өтіп жатқан 

ҰБТ-ға ата-аналар араласуға тырысады. 

Оның  үстіне  төрт  сағаттың  ішінде  бес 

пəннен  тапсырып  шығу  балаларға  үлкен 

психологиялық  салмақ  түсіреді.  Одан 

шығатын жол пəндерді жеке-жеке таңдаулы 

уақыттарда тапсырсын. 

Жалпы  ҰБТ  өз  міндетін  орындап  отыр. 

Бірақ тағы да айтқым келеді бір ҰБТ арқылы 

біз барлық мəселені шеше алмаймыз. Жат-

танды  ауыздағы  білімге  байланысты  ҰБТ 

кемшілігі  осында.  Ол  жастарды  тек  қана 

жаттауға  итермелейді.  Яғни,  фундаментал-

ды білімге жол жоқ деген сөз.



-  Мəселен,  Еуропада  ЖОО-ның 90 пай-

ыздан  астамы  мемлекеттің  игілігінде. 

Аталмыш  білім  ордалары  шəкірттерді 

тек білім гранты арқылы қабылдады. Ал 

онда  түсе  алмай  қалған  түлектер,  амал-

сыз.

-  Меніңше  сіз  өте  дұрыс  айтасыз.  Жалпы 

əлем  бойынша  əртүрлі  жүйе  қалыптасқан. 

Мысалы,  Германияда,  Францияда  мемлекет 

тарапынан өте көп студенттер оқиды. Мен ен-

ді оны 90 пайыз деп айта алмаймын. Ол мүм-

кін емес. Ондай ақшаны мемлекеттер шыға ра 

алмайды. Бірақ, оларда мемлекет тарапынан 

білім алу жүйесі бар. Мұндай гранттар бізде 

де  бар.  Бірақ,  негізгі  айырмашылықтарын 

айтайын.  Грантқа  биыл 345000 теңге 

мемлекет  тарапынан  қаржы  бөлінді.  Ал 

қаржы  неге  жұмсалады,  ол  мұғалімнің  жа-

лақысына,  университеттің  техникалық  база-

сын  қамтамасыз  етуіне.  Былайша  айтқан да 

университеттің бар лық шығындарын жабуға. 

Ал  шет  елде  жағ дай  мүлде  бөлек.  Онда 

ақылы бөлімде оқитын студенттің ақысы уни-

верситет  шығындарын  жабуға  жұмсалады. 

Ал ағар тушы ғалымдардың жалақысын мем-

лекет төлейді.  

Мемлекет 

тарапынан 

гранттардың 

саны  жыл  сайын  өсіп  жатыр.  Мəселен, 

мемлекеттік  гранттардың  саны  биыл 22 

375  жетті.  Білім  жəне  ғылым  министрлігі-

нің  бірінші  вице-министрі  болып  алғаш 

жұмысқа кіріскенде, бізде 12 000 грант бола-

тын.  Соңғы 12 жылдың  ішінде 3 есеге  өсті. 

Осы қаржының бəрі республикалық бюджет 

тарапынан  бөлініп  отыр.  Десе  де,  гранттар 

саны  əлі  де  аз.  Сондықтан  да,  мен  сіздің 

осы  сұрағыңызды  толығымен  қолдаймын. 

Осыған  орай  мен  мыналарды  ұсынар  едім: 

біріншіден  гранттар  санын  əлі  де  көбейту 

керек,  екіншіден,  колледждегі  гранттарға 

белгілі  бір  жүйе де  стандарт  енгізу  керек. 

Мысалы, бір облыста гранттар саны тым көп, 

ал екінші бір облыста осы гранттардың жар-

тысы  да  жоқ.  Үшіншіден,  бəрін  мемлекеттің 

мойынына  артудан  арылуымыз  керек.  Он-

дай көзқарастан кетуіміз қажет. Елімізде ірі 

холдингтер, өндіріс ошақтары, халықаралық 

қорлар  көп.  Міне,  осылар  ЖОО  гранттар 

қарастыруы  қажет.  Біздің  университетте 

осындай  грантпен 400 студент  оқиды.  Бұл 

деген  тамаша  ғой.  Шетелде  бұндай  грант-

тар өте көп. Біздегі тағы да бір қайшылықта 

қалған  дүние  ол  гранттардың  бəрі  де  мем-

лекет  тарапынан  бөлінеді.  Ал  жергілікті 

бюджеттен  ақша  бөлу  жүйесі  қалыптасқан 

жоқ. Біздің облысымызда ғана мұндай жүйе 

бойынша  грант  бөлу  реттелген.  Міне,  осы 

жылы 1000 грант бойынша біздің студенттер 

білім алып жатыр. Осындай гранттық жүйені 

еліміздің барлық өңірлерінде енгізу керек.

Сонымен  қоса,  əр  аудан  əкімгершіліктері 

грант  бөлуде.  Жыл  сайын 220-240 бала 

аудандық  бюджет  бойынша  оқуын  жалғас-

тыруда.  Қосымша  облыста 200 стипендия 

облыс əкімінің тарапынан алады. Міне, осы-

ны  бір  жүйеге  келтіруіміз  керек.  Алдағы 10 

жылдың  ішінде  мемлекеттік  гранттар  емес 

жоғарыда  аталған  бизнес  гранттар  көп  бо-

луы тиіс. Сонда қоғамның кадр дайындауға 

көзқарасы оң бағытта қалыптасады. 

ЖАСТАРДЫ  ИМАНДЫЛЫҚТА 

ЖАСТАРДЫ  ИМАНДЫЛЫҚТА 

ТӘРБИЕЛЕСЕК, БОЛАШАҒЫМЫЗ 

ТӘРБИЕЛЕСЕК, БОЛАШАҒЫМЫЗ 

ЖАРҚЫН БОЛАРЫ СӨЗСІЗ

ЖАРҚЫН БОЛАРЫ СӨЗСІЗ

-  Қазіргі  жастардың  білімі  мен  білігі 

сіздің  ойыңызша  қандай  дəрежеде?  Жа-

стардан күтер үмітіңіз...

- Тамаша сұрақ... Біз кезінде оқығанда он-

дай білім бізде болған жоқ. Қазір қараңызшы 

кіп-кішкентай  сəбилеріміз  ат  құлағында 

ойнағандай компьютерді меңгерген. Үш тілді 

де  (қазақ,  ағылшын,  орыс)  қатар  алып  келе 

жатыр.  Ең  бастысы  біздің  жастар  білімді 

қазақша  алып  отыр.  Мысалы,  мен  өзім 

орысша  оқыдым.  Ал  менің  өз  балаларым 

қазақша  оқып  жатыр.  Мен  оған  қуанамын. 

Ал  енді  білігі  Аллаға  шүкір  заманға  сай, 

прагматикалық көзқарас пайда болып отыр. 

Ол  өте  дұрыс.  Одан  шошымауымыз  керек. 

Сонымен  қатар  мамандықты  таңдағанда 

да  ойлануымыз  керек.  Осы  орайда  Мұхтар 

Əуезов тің  «Қазақ  мектебіндегі  бала  келе-

шекте  қай  мамандыққа  барам  десе  де,  ең 

алдымен  өзінің  ана  тілін,  əдебиетін  сүюі 

шарт. Сол сүюді орта мектеп табалдырығын 

аттаған  соң  да,  мамандық,  білім  беретін 

жоғары  мектепке  ауысқанда  да  асыл 

қасиетіндей  сақтауы  керек»,  дегені  біздің 

заманға  қарата  дəл  айтылған.  Міне,  ата-

аналар  мен  ұстаздарда  осы  асыл  қасиетті 

сақтай  отырып,  балалардың  мамандық 

таңдауына  көп араласуымыз керек.  

Өкінішке орай қазір мынандай бір тенден-

ция  бар  ол – оқуын  бітіргеннен  соң  дипло-

мын  қалтасына  салып  алып,  өз  таңдаған 

мамандығы  бойынша  жұмыс  істемейді. 

Сондықтан  бұл  ретте  мен  ата-аналардың, 

ұстаздардың белсенді түрде кіріскенін қалар 

едім.  Ал  жастар  тамаша.  Қазіргі  студент-

терге  қарасаңыз керемет сондай бір рухта-

нып  қаласыз.  Əсіресе  қазақ  балалары  жан 

жақты ғой. Сөйлеген сөздері нық, кең көсіле 

сөйлеген  жастарды  көргенде  мақтанамын. 

Жастар өмірге ашық көзімен қарап отыр. Біз 

кезінде  коммунистік  заман  салған  жолмен 

өстік. Ал, бүгінгі жастар өз елінде, өз жерінде, 

ата бабалар əруағы қолдауымен оқып жатыр. 

Кезінде  əкем: «Балам  амал  жоқ,  сендерден 

түк  те  шықпайды.  Профессор  боларсың, 

жақсы  маман  боларсың,  бірақ  коммунистік 

дүниетаныммен  тəрбие лен ген  сендердің 

буындарыңнан  Мұхтар  Əуезов  шықпайды 

ғой!», - деп айтушы еді. Осы философиялық 

сөздердің мəнін қазір түсініп отырмын. Əкем 

осы  сөздерді  тілін,  тарихын,  дінін,  дəстүрін 

білмей қала ма деген қынжылысынан айтқан 

екен  ғой!  Ал  қазір  жағдай  басқаша.  Құдайға 

шүкір, бүгінгі жастар өмірлерінің 80 пайызы өз 

қолында болса, 20 пайызыныкі өмірдегі түрлі 

бетбұрыстарға  байланысты  болып  жатады. 

Ал  біздің  кезімізде  керісінше  еді.  Меніңше, 

бүгінгі жастардан үлкен үміт күтуге болады.  

Мен енді облыстық маслихаттың депутаты 

ретінде ауылдарға жиі барамын. Сондай бір 

сапарымда мектеп газетіне сұхбат беріңізші 

деді.  Сұхбат  кезінде  қойылған  сұрақтарға 

қараңыз: «Өзіңізде  жас  болдыңыз,  қазіргі 

жастармен 

сіздердің 

тұстарыңыздағы 

жастар дың  айырмашылығы  неде?», - де-

ген  сұрақ  қойды.  Ойлап  қарасаңыз  өзіндік 

философиялық  астары  терең,  мағыналы 

сұрақ.  Осы  сұраққа  мен  «кешегі  жастар  да 

бүгінгі  жастар  да  маған  бірдей  көрінеді», - 

деп  жауап  бердім.  Бізде  жас  кезімізде  мек-

тепте  сабақ  тезірек  бітсе,  далаға  футбол 

ойнауға  жүгірсек,  демалысқа  тез  шықсақ 

деп армандап жүретінбіз...», деп жауап бер-

ген  едім.  Осы  орайда  тағыда  бір  дүниені 

айта  кеткім  келеді,  біздің  жастар  өзгерген 

жоқ,  ата-аналар  өзгерді.  Бірақ  қараңызшы 

менің  əкем  біздерге  қандай  əке  болды,  ал 

мен балаларыма қандай əке болудамын ай-

ырмасы  жер  мен  көктей.  Мен  бұны  барлық 

ата-аналардың назарына салар едім. 

Жастардан  не  күтеміз?  Əрине,  биік-биік 

шындардан көргіміз келеді.

Тəуба,  бүгінгі  жастар  заманауи  білім  мен 

біліктері бар сауатты ұрпақ. 

Білік  білімді  пайдалану  деген  сөз.  Ал 

білікті болудың формуласы заман талап етіп 

отырған  білімді  игеруі,  адамгершіліктің  ру-

хани қазынасын сіңіріп, отанының патриоты 

болуы тиіс. 

Қазақ жастарына білімді, білікті болыңдар 

деп айтар едім. 

Біздің  жастар  отанымызды  биік  шың-

дардан  көрсетіп,  осыған  дейін  қазақ  елі 

бағындырмаған  белестерден  көрсететініне 

сенемін.

– Əкеңіздің айтқандары құлақ түрерлік 

дүние екен. Осы орайда, сіз əкеңіз секілді 

бола  алмадым  дейсіз.  Бірақ,  сізден 

үлкен  адам  шықты, 11 жыл  бойы  сту-

денттермен  жұмыс  істеп,  қу  тіршілікте 

көрген  тəжірибеңіз  аз  емес.  Олай  болса, 

бүгінгі  жастардың  тəрбиесінде  сізді  не 

алаңдатады?

–  Қызық  сауал  екен...  Негізі  əкеден  озып 

туған кім бар? 

Осындайда  мынандай  оқиға  еріксіз  есіңе 

келеді екен. 

Бірде 


Жамбыл 

Жабаев 


атамыздан 

жазушылардың бірі сұрапты: 

-  Сіз  қазақтардың  арғы-бергі  тарихын 

мықты білесіз. Жалпы сіз қазақ тарихындағы 

бірегей қайраткер ретінде кімді танисыз?», – 

деп сұрақ қойыпты. 

Сонда, Жəкең біраз ойланып: 

- Құнанбайдан артығы болмас – депті.

- Қалайша?! – деп таң қалған жазушы: 

- Абайды қайда қоясыз? – дейді. 

Сонда, Жəкең:

- Е, Құнанбай сияқты əкеден Абай секілді 

дана туады да, – депті.

Шынында  да,  əкеңнен  асып  тудым  деу 

бос сөз. Сондықтан да, əкемдей болу қайда. 

Бірақ, əкеме ұқсап бағуға əрдайым тырыса-

мын, əкем шыққан асқар биікке шығуға тал-

пынамын.  Əкемнің  азамат  ретінде  халқына 

жасаған  қызметтерін  жасауды  армандай-

мын. 


Ал 

бүгінгі 


жастардың 

тəрбиесінде 

алаңдататын  мəселе  біріншісі,  ұлттық 

тəрбиенің  тым  аздығы.  Расында  да  ұлттық 

тəрбиеге  толық  мəн  беріліп  отырған  жоқ. 

Көшеге шығып Қалибек Қуанышбаев, Күлəш 

Байсейтованы  сұрасаңыз  жастар  білмейді. 

Ал  ол  кісілер  өткен  ғасырда  ғана  қазақ 

мəдениетін  өрге  сүйреген  тұлғалар  ғой. 

Осыдан-ақ, ұлттық тəрбие қандай деңгейде 

жүріп жатқанын білесіз.

Екіншіден, жастардың қандай қасиет терін 

тəрбиелеу керек десеңіз, ойлау қабілетін, ой 

санасын тəрбиелеу қажет.

Үшіншіден,  мемлекетшіл  сананы  өсіру 

керек.  Бұрындары  аталарымыз  руды  тегін 

білу үшін, ұлт ретінде бірігу үшін, туыс іздеп 

сұраса,  ал  бүгінде  үлкендер  жік-жікке,  ру-

руға  бөліну  үшін  жастардың  руын  сұрай-

ды.  Жастар  тəрбиесінде  алаңдататын  мə-

селенің  бірі  осы.  Ақиқатында  жастарды 

мемлекетшіл,  отаншыл  санаға  көтермей 

ертеңіміз қараңғы.  

Төртіншіден,  үлгі  боларлықтай  тұлға-

ларды  əлі  дұрыс  насихаттай  алмай  от-

ырмыз.  Бала  кезімізде  бізге  «Өскенде  кім 

боласың?», - дегенде, «Гагарин  боламын, 

космонавт  боламын», - деуші  едік.  Бүгінде 

Ə.Кекілбаев,  М.Шаханов,  К.Саға диев,  ке-

ше гі 


Абай, 

Ə.Бөкейханұлы, 

А.Бай тұр-

сынұлы,  Т.Жүргенов,  Қ.Сəтбаев,  І.Омаров, 

Ө.Жəнібековтер  жастарға  үлгі  боларлықтай 

алыптар. Тек осыны дұрыс жолға қойып на-

сихаттау керек.

Бесіншіден,  ислам  дінінде  ең  керемет 

ұғым – имандылық.  Имандылық – тəрбие 

негізі.  Қазақта  имандылық  адамгершілік, 

əділеттілік,  ізгілік,  мейірімділік  қасиеттерді 

білдіреді.  Сондықтан  жастарды  иман ды-

лық та  тəрбиелесек,  болашағымыз  жар қын 

болушы еді.



Қазақ əдебиет газетінен.

№ 7 (129) 

шілде, қоян жылы 2011



4

Интернет-конференция

Интернет-конференция

ТЕМІРХАН:

ТЕМІРХАН:

- Сіз басшылық етіп отырған уни-

верситетте бір отбасынан 2 неме-

се одан да көп студент ақылы топ-

та  білім  алған  жағдайда  қандай  да 

бір жеңілдіктер қарастырылған ба? 

- Осы университетте ақылы білім ала-

тын  студенттер  үшін  бірнеше  жеңілдік 

түрі  бар.  Мəселен,  сіз  айтқандай,  бір 

отбасынан екі бала қатар білім алатын 

болса, оның біреуі 50 пайыз жеңілдікпен 

оқиды. 

Сондай-ақ, 



үздік 

оқитын 


студенттерімізге  де 50 пайыз  жеңілдік 

қарастырылған. Ең дұрысы, студенттер 

өздері  оқитын  кафедраларына  келіп, 

университет  ұсынған  мүмкіндіктер  ту-

ралы біліп тұрғандары жөн. 

МƏДИ:

МƏДИ:

-  С.Торайғыров  атындағы  ПМУ-

дың  журналистика  факультетіне 

грантқа түсу үшін ұлттық бірыңғай 

тестілеуден  шамамен  неше  балл 

алу  керек  жəне  республикалық,  об-

лыстық  пəн  олимпиадаларындағы 

жетістіктердің оқуға түсуге көмегі 

тие ме?

-  Өткен  жылы  журналистика  маман-

дығына  қалалық  талапкерлер 100, ал 

ауыл  балалары 98 балмен  оқуға  түсті. 

Негізінен,  Қазақстан  тарихы  мен  қазақ 

тілі  пəнінен  алған  балдар  есептеледі. 

Сонымен  қатар,  оған  қосымша  екі 

шығармашылық емтихан бар, яғни қазақ 

тілінен  сөйлем  талдау  жəне  шығарма 

жазу. Осы екі емтиханның əрқайсысынан 

25  балдан 50 балл  алуға  болады.  Ал 

республикалық  жəне  облыстық  олим-

пиадалардан жетістіктері бар түлектер 

жазбаша емтиханнан босатылады. Тағы 

бір  айта  кетерлігі,  əке-шешесі  жоқ  не-

месе аз қамтамасыз етілген отбасының 

балалары үшін аудан əкімдерінің тара-

пынан грант бөлінуі мүмкін. 

Білімге  құштар  жастардың  оқуға 

түсіп,  алға  қойған  биік  мақсаттарына 

жетулеріне тілектеспін. 

НҰРБОЛАТ:

НҰРБОЛАТ:

-  Бірыңғай  ұлттық  тестілеуден 

89  балл  жинадым.  Таңдау  бойын-

ша  алынған  пəнім – физика.  Грант 

иегері  атануыма  мүмкіндік  бар  ма? 

Егер, бар болса, қандай мамандықты 

таңдағаным жөн? 

- Нұрболат, сен таңдаған физика пəні 

техникалық мамандықтарға түсуіңе негіз 

болады. Əрине, бəрін конкурс нəтижесі 

шешеді.  Бірақ,  мемлекеттік  білім  гран-

тына  қол  жеткізе  алмаған  жағдайда 

ақылы  білім  алуыңа  болады.  Сөз  ба-

сында  айтып  кеткендей,  біздің  универ-

ситетте  ақылы  білім  алатын  студент-

терге  көп  жеңілдіктер  қарастырылған. 

Тіпті, 2 курстан  кейін  грантқа  ауысып 

кетіп  жататын  үлгілі  жастарымыз  да 

баршылық. 

НҰРСҰЛУ:

НҰРСҰЛУ:

-  Мен  жуырда  Алматы  қала сын-

дағы  бір  жоғары  оқу  орнын  бітіріп, 

«Информатика»  мамандығы  бой-

ынша  диплом  алдым.  Өзім  Павло-

дар  қаласында  туып  өскендіктен, 

енді  сонда  магистратураға  оқуға 

түскім  келеді.  Алайда,  бұл  жақта 

«өз»  түлектеріне  бүйрегі  бұрылып 

кете ме деген күмəнім де жоқ емес. 

Десе де, бағымды сынап көруге бел 

байладым.  Сол  үшін  құжаттарды 

қашан тапсыру керек жəне мұнда оқу 

мен  жұмысты  қатар  алып  жүруге 

мүмкіндік бола ма?

- Бірден айта кетерлігі, біздің универ-

ситетте  студенттер  мен  талапкерлерді 

тұрғылықты жеріне, бітірген оқу орнына 

қарап алалау, кемсіту деген жоқ. Емти-

хан кезінде арнайы мемлекеттік комис-

сия  жұмыс  істейді  əрі  республикадағы 

ешбір  жоғары  оқу  орны  магистрату-

ра  гранттарын  үлестіру  ісіне  қатыса 

алмайды.  Сондықтан,  бұл  жағынан 

ешқандай кедергілер болмайды. Əрине, 

білімді жастардың біздің университетте 

оқығанын  қолдаймыз,  қуанамыз.  Оқу 

орны – барша  студентке  ортақ  орда. 

Ал магистратураны сырттай оқуға бол-

майтындықтан, магистранттарға жұмыс 

істеуге  рұқсат  бермейміз.  Нұрсұлуға 

айтарым,  алдағы  он  күннің  ішінде 

құжаттарыңды əкеп, тапсыра бер. Біздің 

университеттің  магистранты  атануыңа 

тілектеспін!

НАРТАЙ:

НАРТАЙ:

-  Ерлан  Мұхтарұлы  мен  сізге  өз 

жерлестерімнің  атынан  шексіз  ал-

ғыс  айтқым  келеді.  Жуырда  ғана 

ауылға  барып,  Исабек  хазіреттің 

кесенесінің 

құрылысы 

салынып 

жатқанын көр дім. Ол осы құрметке 

лайық, қасиетті адам еді. Өзіңіз бас 

болып  қолға  алған  ісіңіз  сауаптан 

болсын!

-  Рахмет!  Исабек  Ишан  хазіреттің 

кесенесі  Мəшһүр  атамыздікі  секілді 

аймағымыздағы 

киелі 

де 


көркем 

нысандардың бірі болады деп сенемін. 

Қазір құрылыс жұмыстары қарқын алу-

да.  Бұл  қайырымды  істің  жүзеге  асуы-

на  Мұхит  Омаров,  Əбілқақ  Түгелбаев, 

Жұмабек  Қамзин  сынды  облысымыз-

дың  беткеұстар  абзал  азаматтарының 

да зор үлес қосқанын атап өткім келеді. 

Сонымен  қатар,  өзімнің  ұжымымдағы 

барлық  педогогтарға,  қызметкерлер 

мен студенттерге алғыс айтамын. Олар 

да қолдау көрсетуден аянған жоқ. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет