№ 7 (129)
шілде, қоян жылы 2011
)
2
Сұхбат
Сұхбат
БІРЛІК ПЕН БЕРЕКЕНІҢ ҰЙТҚЫСЫ
БІРЛІК ПЕН БЕРЕКЕНІҢ ҰЙТҚЫСЫ
БОЛАРЛЫҚ ҰЖЫМ БАР
БОЛАРЛЫҚ ҰЖЫМ БАР
- Ерлан Мұхтарұлы, алдымен бүгінгі
«қазақстандық білім» туралы айтар
қорғасындай ойларыңыз болса, бізбен
бөліссеңіз...
- Өте дұрыс сауал қойып отырсыз. Неге
десеңіз бүгінде Қазақстандық білім деп ауыз
толтырып айтатын білім жүйесі қалыптасып
үлгерді. Бұрын Кеңестік білім жүйесі негізінде
қаланған білім беру процесі өзінің миссия-
сын орындап бітті.
Өзіңіз білесіз, сол кезде бəрін біріктіретін
орыс тілі болды. Яғни, балабақшадағы тəлім-
тəрбие, орта мектеп, техникум, институттар
мен университеттерде білім-ғылымды иге-
ру тек орыс тілінде жүргізілді. Екіншіден,
Кеңес заманында ағартушылық жұмыспен
білімсіздікті жою ұраны негізгі міндетті
атқарды. Ол кезде бүкіл зауыттар мен совхоз-
колхоздарда кəсіби білім алған мамандармен
қамтамасыз ету білім жүйесінің негізгі мақсат-
міндеті болды. Мұны кеңестік білім жүйесі
толығымен орындады деп айта аламыз.
Қазақстандық білім жүйесінің ерек шелік-
теріне келер болсақ, біріншіден, бүгінгі
қазақстандық білім функциялары жалпы
ұлттық мүдделерге бағытталған. Қазақ
мектептерінің саны артып, қазақ тілінде
білім алатын тəлімгерлер қатары өсті. Оған
тəубə дейміз! Сондықтан да, «қазақстандық
білім» сөзін «қазақ білімі» деп айтуға да
болады. Екіншіден, кезінде Қазақстанда
2 университет, қалғаны институттар мен
техникумдар негізінде қалыптасқан білім
саласы болатын. Ал бүгінде еліміздің əр
өңірінде қалыптасқан ірі-ірі университеттері
бар. Одан бөлек еліміздегі бірқатар ұлттық
университеттермен жаһан алдына мақтана
алатын жағдайға жеттік. Мəселен, Қазақстан
Республикасының
Тұңғыш
Президенті-
Елбасы
Н.Ə.
Назарбаев
қолдауымен
Астана төрінде халықаралық Назарбаев
университеті талапты студенттерге ғылым
мен білімді меңгерте бастады. Заманауи
ғылыми зерттеу орталықтары жəне лабо-
раториялармен
жабдықталған,
əлемнің
танымал ғалымдары дəріс беретін аталған
білім ордасы қазақ ғылымы мен біліміне зор
серпіліс беретініне сеніміміз мол. Сонымен
қатар, отанымызда уақыт талабына сай жау-
ап беретін басқа да халықаралық универси-
теттер де студенттерге білім беруде.
Қазақстандық білім беру саласындағы
жоғары оқу орындары доктор PhD, маги-
стратура, бакалаврлық білімді кредиттік
білім беру жүйесі негізінде ілім беруде. Де-
мек, Боллондық хартия процесінің жүйесіне
негізделген десе де болады. Бұл қазіргі
қазақстандық білім саласының ең басты
ерекшелігі деуге болады.
Меніңше, қазақ білімі асқар шыңға
жақындап қалды. Мəселен, біздің Ата
заңымызда орта білім туралы сөз бол-
ғанда білім міндетті түрде тегін берілуі тиіс.
Міне, осындай бір Конституциялық нор-
ма қалыптасқан. Бірақ, өзіңіз айты ңызшы,
орта біліммен ХХІ ғасырда адам өмір сүре
ала ма? Əрине жоқ. Орта білім тек адамның
ойлау жүйесін ғана қалыптастыра алады.
Адам өмір сүруі үшін міндетті түрде кəсіби
білім алуы қажет. Алған кəсіби білімі арқылы
қызмет жасап, шаңырағындағы отбасын
асырауы тиіс.
Жалпы адам өміріндегі кəсіби білімнің ор-
ны ерекше. Сондықтан да, қазақстандық бі-
лім дегенде орта білімнің миссиясына
ешкім таласа алмайды. Бірақ та, адам
өмірінде кəсіби білімнің рөлі жоғары
екенін мойындауымыз керек. Осыған орай
бізде Ата заңымызға өзгерістер енгізуге
жарарлық ұсыныстар бар. Оның формула-
сы Қазақстанда əрбір адам міндетті түрде,
орта біліммен қоса кəсіби білім алуы шарт
болуы тиіс. Ол мысалы кəсіби лицей, кол-
ледж, ЖОО болсын міндетті түрде кəсіби
білімін меңгерсе. Яғни, отанымыздағы əр
адам мамандық иесі болса нұр үстіне нұр
болар еді. Ол инженер немесе құрылысшы,
не жүргізуші болсын əйтеуір бір мамандық
болуы тиіс. Бірақ, күн өткен сайын біз осы
міндеттерді орындауға жақындап қалдық.
Жоғарыда қазақ білімі асқар шың басы-
на жақындап қалды деуімнің мəні осын-
да. Бұл біздің Тəуелсіздіктің 20 жылдығы
қарсаңындағы үлкен жеңісіміздің бірі.
Негізінен Боллондық хартия процесі
қазақстандық білімге оң əсер ететін тұстары
өте көп. Неге десеңіз, мəселен, Еуропадағы
жоғарғы білім саласының қалыптасқан
тарихы 8 ғасыр, ал бізде ол 1 ғасырға да
жетпейді.
Ең қызығы өткен ғасырдың орта ширегінде
жапондарда университет түгілі институт
болған жоқ еді. Ал қазір бəрі жапондарға там-
сана қарайды. Жапондықтар шын мəнінде
үлкен бір жаңалық ашқан жоқ. Олар тек ең
үздік деген үрдістердің қанқасын көшіріп,
ішкі рухын жапондық менталитетке биімдеді.
Америкада (АҚШ) солай жасады. Ең мықты
ғалымдарды өздеріне тартып, жағдайларын
жасады. Нəтижесінде бүкіл əлемге қуатты
держава ретінде АҚШ дирижер болып отыр.
Қазір бізге еуропалық стандарттың пайда-
сы өте көп. Мысалы, мен бас қа рып отырған
университет жақында Гер маниядағы үлкен
халықаралық ак кре дитациялық орталықтан
(AGUIN) 8 мамандық бойынша өтті. Бұл
жақсы емес пе? Жақсы дейтінім, енді біздің
университеттің (осы 8 мамандық бойынша
білім алған) студенттері диплом алғаннан
кейін Еуропаның кез-келген елінде қызмет
жасай алады. Біз мұнымен шектеліп
қалмаймыз. Алдағы 5 жыл ішінде 40-50
мамандық бойынша білім сапасын көтере
отырып, аккредитациядан өткізуді жоспар-
лап отырмыз. Демек, алдағы бірнеше жыл-
да университетіміздегі əрбір мамандық иесі
Кəрі Құрлық елдерінде жұмыс жасай алатын
болады. Осы қойған мақсаттарға жету үшін
біз жұмыс жасаудамыз.
Жүсіп Баласағұн: «Ақыл – шырақ, қара
түнді ашатын, Білім – жарық, нұрын саған
шашатын», – деп білімнің, ғылымның
қадір-қасиетін дəл айтқан. Яки, білімсіз
алдың тұманды деген сөз. Қазақстандық
білімде дəл солай. Оған басқа көзқараспен
қарасаңыз білім тек қана бір қатып қалған
мəліметтер үйретумен ғана шұғылданбай,
рухани байлығы кемел маман даярлау,
яғни, қалыптасқан тұлға дайындау деген
ұғым бар. Осы маман дайындау да, тұлға
даярлауда да білім арқылы қалыптасады.
Бірақ, əлемнің екінші ұстазы Əл-Фараби
айтқандай: «Тəрбиесіз білім алу мүмкін
емес». Сондықтан, меніңше орта білімнің
философиясы
тəлім-тəрбие
арқылы
берілуі керек. Ал жоғары білімнің филосо-
фиясы, парадигмасы білім ғылым арқылы
беріледі. Осы мəселеге үлкен көзқараспен
қарап, мектепте орта білім арқылы тұлға
қалыптастыруға ерекше мəн беретін кез
келді. Осы мəселелерді толығымен шешілді
деп айта алмаймыз. Яғни бұлда шешімін
табу керек мəселе.
Дана халқымыз, «тəрбие адамгершілік тің
қайнар көзі», – демей ме? Ал, қазіргі кезде
жастарды пəндік олимпиадаға дайындай-
мыз, ҰБТ жоғары балл жинау керек деп
тəрбиеге мəн бермей кеттік. Міне, осылар
бүгінгі таңның үлкен проблемасына айна-
лып отыр. Осы екі мəселені біріктіру керек.
Тұлға қалыптастыру, маман дайындау деген
нəрселерді бір арнаға тоғыстырып, бір жер-
де ұстауымыз керек. Мен бұл жерде білім
жəне ғылым арқылы берілетін парадигманы
атап кеткім келеді.
Білім жəне ғылым туралы заңдарға
енгізілген соңғы өзгерістерде қуанарлық
жаңалықтар көп. Солардың бірі «ғылыми
университет» деген ұғым қалыптасты.
Қандай тамаша?! Өзіңіз қарап көріңіз
университеттердегі
студенттер
мен
мектептегі оқушылардың айырмашылығы
неде? Мысалы, мектепте сынып, бізде ау-
дитория, мектепте сабақ, бізде лекция,
оларда факультатив, бізде арнайы курс,
міне, айырмашылық тек қана атауларында
ғана. Олай болмауы керек. Бізде білім беру
жүйесі мүлдем басқа болуы керек. Студент-
тер – аудиторияда емес, лабораторияда
тəжірибелік білімін шыңдау қажет. Студент-
тер – оқулықпен емес монография, ғылыми
еңбектермен дайындалуы тиіс. Студенттер
– өндіріс ошақтарындағы, ауыл шаруашылық
кешендердегі жұмыс тарды оқу ордасын
бітірмей тұрып кəсіби түрде меңгерулері ке-
рек. Осындай оқу процесінен кейін ғана сту-
дент нағыз маман болып қалыптасады.
- С.Торайғыров атындағы Павлодар
мемлекеттік университетінің ректоры
қызметіне келгелі бері университеттің
тыныс-тіршілігіне
қандай
өзгерістер
əкелдіңіз?
- Кезінде Қасым Аманжолов «Өзге емес
өзім айтам өз жайымды», – деп осындай-
дан айтса керек-ті. Мен осы университетте
11 жылдай ректор қызметін атқарудамын.
Əрине, бұл жылдар мен үшін халық
алдындағы үлкен азаматтық сын сияқты
көрінді. Сондай-ақ, мен өзімді əке жолын
қуған бақытты перзентпін деп есептеймін.
Сондықтан болар, маған бұл қызмет өте
ыстық, һəм жауапкершілігі зор болып
көрінеді.
Ақиқатында осы жылдар ішінде өз ге-
рістер өте көп болды. Ол – менің ректорлық
қызметіме байланысты ғана емес. Ол
– Отандық білім саласындағы тамаша
жаңашыл реформалар мен бет бұрыстар
орайына байланысты дер едім. Отанымыз-
да жаңашыл реформалар болып жатса білім
саласы да дəл сондай өзгерістерге толы.
Осы оң бетбұрыстардан шет қалмай өзінің
ұстанған принциптерін орындап, көшпен
бірге біздің қара шаңырағымызда келе жа-
тыр.
Менің үлкен бір мақтанышпен айтатыным
ол біздің университетте ғылыми ортасы мен
зиялы тұлғалары бар ұжым қалыптасты.
Қай жағынан алып қарасаңыз да бірлік пен
берекенің ұйтқысы боларлық ұжым бар. Мен
соған қуанам...
Университет басынан əр түрлі кезеңдік
өзгерістер өткізді. Біріншіден, өзіңіз білесіз
алғашында
индустриялдық
университет
ретінде студенттерге білім берсе, қазір
көпсалалы білім жүйесіне көшіп, жаңа
мамандықтар аштық. Екіншіден, материал-
дық базамызға байланысты бізде бірнеше
корпус салынды, заманауи зерттеу зертхана-
лары ашылды. Бүгінде университетті заманға
сай техникалық жабдықтармен қамтамасыз
етудеміз. Керек десеңіз университеттің кіре
берісі қандай болуы тиіс болса, соған сай
жабдықтадық. Мұны айтпай кетуге де бол-
мас. Үшіншіден, ең маңыздысы оқу процесі
қатты өзгерді. Профессорлар бұрынғыдай
сарғайған қағаздарына жазылған дəрістерін
немесе кітаптан оқып тұрып сабақ бермейді.
Қазір оқытушы профессорларда, студент-
тер де өзгерді. Жай ғана жүгіріп келіп мен
экономист, не заңгер, инжинер болам деп
қалтаға дипломын салып кететін кезден
өттік. Ол кезді біз бастан өткіздік. Қазір тəубе,
студенттеріміз нағыз кəсіби маман болып
қалыптасқан, өз ісін білетін білікті мамандар.
Тағы да бір үлкен мақтанышымыз ол бізде
оқитын студенттердің 71 пайызы мемлекет-
тік грантта оқиды.
Алғаш мен осында ректор болып келгенде
2400-дей студент болған. Ал қазір олардың
саны 12 000-ға жетті. 90-жылдардың басын-
да бірнеше ғылым докторлары бар болса,
қазір университет қабырғасында 60-тан
астам ғылым докторы бар. Оған қаншама
кандидаттарды қосыңыз. Осының бəрі үлкен
бір нəтиже, үлкен жетістік.
Университетімізде магистратура, доктор
PhD жүйесі толығымен қалыптасты. Жыл
өткен сайын магистратурада, докторанту-
рада оқып жатқан жас ғалымдар саны өсіп
келеді.
Жəне де осы жылдар ішінде біздің
ғылыми журналдарымыз шетелде жоғары
бағаланып, халықаралық сертификаттар-
дан өтті. Сонымен қатар, инновациялық
ғылыми жаңалықтардың жаршысы болып
отырған
халықаралық
Нанотехнология-
лық ғылыми орталығы, Биотехнология лық
ғылыми-практикалық
зерттеу
орталығы
жəне қазақ руханиятына тамаша кітаптар
тарту етіп жүрген «Мəшһүртану» ғылыми
практикалық орталығы, Е. Бекмаханов
атындағы тарих жəне этнография ғылыми-
практикалық
орталығы,
Ж.Аймауытов
атындағы «Этнопедагогика жəне білімдегі
инновациялық технологиялар» ғылыми-
практикалық орталықтары жұмыс жасау-
да. Ондағы мақсат студенттер ғылыммен
көбірек айналысса, ертең ғалым болмаса
да ғылыми принциптерді түсінетін жақсы
маман болып шығады деген ой. Біз тек
қана білім-ғылыммен ғана шектеліп қалмай
мəдениет, спорт салаларын қолдауда да
атқарып жатқан еңбектеріміз сүбелі екенін
айтқым келеді. Университеттегі филар-
мония жастардың өнерлік қабілеттерін
шыңдауға ат салысса, Естай атындағы
ұлттық оркестрімен ерекше мақтануға бо-
лады. Осы шағын шығармашылық ұжымда 8
мəдениет қайраткері жұмыс жасайды.
Ал спорт жайлы айтар əңгіме көп. Тек ең
бастысына тоқталсам. Олимпиада ойын-
дары, əлем чемпионаттарына универ-
ситет спортшылары Қазақстан намысын
қорғап, көк байрағымызды желбіретіп жүр.
Мəселен, Астана мен Алматыда өткен
Азиядаға 6 спортшымыз ел намысын қорғап,
жүлделі орындар алды. Осының бəрі біздің
университетіміздің үлкен бір белесі.
Отандық университеттер арасындағы
рейтингте С.Торайғыров атындағы Павло-
дар мемлекеттік университеті 5-6 орында
үнемі тұрақтайды. Алдымызда Əл-Фараби
атындағы
Қазақ
Ұлттық
университеті,
Л.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық
университеті секілділер. Мұны да зор нəтиже
деуге болады.
Елбасы Н.Ə. Назарбаев: «Халықаралық
деңгейдегі рейтингтерде жоғары көрінуіміз
керек», – деп тапсырма беріп отыр ғой!
Біз осы міндеттерді орындау мақсатында
Шанхай таймс рейтингіне тапсырыс бердік.
Алдағы уақытта үздік 500 университеттер
қатарынан көрінетін шығармыз деп ойлай-
мын.
ҰБТ КОРРУПЦИЯНЫ ЖОЮҒА
ҰБТ КОРРУПЦИЯНЫ ЖОЮҒА
БАҒЫТТАЛҒАН
БАҒЫТТАЛҒАН
- Бірнеше жоғары лауазымды қыз мет-
тер атқарғаныңызды жақсы білеміз. Сол
кездегі сіз атқарған биіктерден қарағанда,
жоғарғы оқу орындарының кемшіліктері
мен артықшылықтары қан дай? Жалпы,
университеттегі оқу-білім стандарттары-
на көңіліңіз тола ма?
- Хакім Абай «Бес нəрседен қашық бол,
бес нəрсеге асық бол», – деген ұлағатын
жастайымыздан санамызға сіңіріп «Ағын –
ақ, қарасын – қара» деп айту қасиетін бойға
дарыттық.
Енді кемшіліктерінен бастасам.
Бірінші кемшілік – еліміздегі көптеген
ЖОО уақыт талабына сай ілесе алмай отыр.
Ал, екіншіден, жоғары білім беретін оқу
ордаларындағы материалдық база заман
талабына сай жабдықталмауы қынжылтады.
Сол материалдық техни ка лық базасы зама-
науи талаптарға сəйкес жабдықталмауынан
жас мамандар ЖОО тəмамдағаннан кейін
жұмысқа белсене араласа алмай жүр. Бұл
жерде техникалық база дегеніміз корпу-
стар ғана емес, ғылыми-зерттеу зертха-
налары екенін ескерген жөн. Шетелдерге
барып жүргенде қабырғалары сап-сары
университеттерді көресіз. Бірақ, жоғары мек-
ТӘРБИЕСІЗ БІЛІМ АЛУ МҮМКІН ЕМЕС
ТӘРБИЕСІЗ БІЛІМ АЛУ МҮМКІН ЕМЕС
№ 7 (129)
шілде, қоян жылы 2011
)
3
Сұхбат
Сұхбат
теп ішіндегі зертханалар қымбат қаражатқа
алынған материалдық техни калық база-
лармен қамтамасыз етілген. Оны көргенде
қызығасыз. Неге мұндай техникалық база-
лар бізде жоқ деп өз-өзіңе сауал қоясың.
Үшінші кемшілік – академиялық бостандықты
кеңейтуіміз керек. Онсыз жоғары білім
саласының дамуын елестетудің өзі қиын.
Сонда жоғары мектептер де əр түрлі болып
шығады. Бізде қазір институт та көп, уни-
верситет, академия да баршылық. Бірақ,
айырмашылығы тек қана атында. Оның за-
тын өзгертуіміз керек. Ол дегеніңіз ғылыми
зертханалар арқылы ғылымды кіргізу.
Ең бастысы ЖОО беріліп жатқан білімдер
адамға өмірлік азық болуы тиіс. Олай бол-
маса жоғары мектептің не керегі бар?
Енді жетістіктеріне келер болсақ. Əсіресе,
соңғы жылдарда мені қатты қуантатын
біріншіден, ғылыми техникалық парктердің
пайда бола бастауы. Яғни, инновациялық
жұмыстарға көп мəн бере бастады.
Екіншіден, біздің ЖОО ештеңеден қорықпай
тың жаңалықтарды, үрдістерді енгізіп жа-
тыр. Біз сияқты Кеңес үкіметінің құрсауында
болған мемлекеттер мұндай тəуекелге
барған жоқ. Мұны да жетістік деп бағалауға
əсте болады.
Жақында Білім жəне ғылым министрі
Бақытжан Тұрсынұлының көптен бері
шешімін таппай келе жатқан мəселелерді
бір жөнге салып, «ұлттық ғылыми универ-
ситет», «ғылыми-зерттеу университеті» де-
ген ұғым кіргізді. Міне, осы жерден білімге
ғылымсыз жол жоқ деген проблемалы
мəселенің шешімі табатын болады. Ол да
артықшылық болып есептелмей ме? Қазір
3-4 ЖОО осындай атақтар алады. Соған
қарап бəріміз де талпынамыз. Кім біледі
мүмкін мен басқарып отырған университет-
те осындай атаққа ие болатын шығар. Біз де
осы ортаның қатарында қосылғымыз келеді,
сол себепті біз конкурсқа қатысып отыр-
мыз. Бұл өз кезегінде Отандық ЖОО ашық
бəсекеге түсуге ықпал жасайды.
Қазір біз магистранттарымызды ақша
төлеп академиялық ұтқырлық бойынша
ізденсе, жақында ғана қол жеткізген келісім
бойынша біздің 10 студентіміз бен 10 ма-
гистрантымыз Əл-Фараби атындағы Қазақ
мемлекеттік университетінде жазғы се-
местрде оқиды. Сондай-ақ, ғылыми білігін
арттыру мақсатында менің 15 əріптесім
Еуропаның үздік білім ордаларында ғылыми
тəжірибелерін шыңдамақ.
- Ауыл жастарының Алматы жəне Аста-
на қалаларында бой көтерген жоғарғы оқу
орындарына мемлекеттік грант арқылы
түскендері болмас, ақы лы бөлімде білім
алуға ата-аналары ның қалталары көтере
бермейді. Ал сіздерде ауыл шəкірттеріне
арналған қандай жеңілдіктер бар?
- Жалпы ауылдан түлеп ұшқан талап-
керлерге мемлекет тарапынан көмек аз
көрсетіліп жатқан жоқ. Гранттық конкурстар
кезінде қаланың талапкерлеріне қарағанда
ауыл оқушыларына көп же ңілдіктер бар
екенін білесіз. Мұны бір деңіз. Екіншіден, əр
университетте студенттерге көрсетілетін
жеңілдіктер жүйесі қалыптасқан. Мыса-
лы, біздің университетте егерде семестрді
үздік жапса 20 пайыз, əлеуметтік жағдайы
төмен болса немесе білім, өнер саласында
жəне спорттық жоғары жетістіктері болса 50
пайыздық жеңілдіктер қарастырылған.
Тағы бір айта кетерім мəселен ақылы
бөлімде оқитын студенттердің төлемақысын
енді біз ай сайын төлеуге мүмкіндік бердік.
Себебі, бөліп төлеп отыру ата-аналарға
көп жеңілдік тудырады. Бұл шешімге келуге
ата-аналармен кездескен кезімде, осындай
жүйеде ақша төлеу тиімді екендіктерін ата-
аналар айтты. Содан бері ай сайын бөліп
төлеуді енгіздік.
Сонымен қоса, үздік оқитын студентерге
М-Ж. Көпейұлы, С. Торайғыров, Қ. Сəтбаев
жəне т.б. тарихи тұлғалар атындағы атаулы
стипендиялар тағайындалады. Дарынды
студенттер ректордың грантына да ие бола
алады.
Тағы бір ауыл жастарына жеңілдік – об-
лыс əкімінің, аудан əкімінің, ірі өндіріс
ошақтарының гранттары да тағайын далады.
Бұл да үлкен жеңілдік деп айтар едім.
ЕҢ АЛДЫМЕН ӨЗІНІҢ АНА ТІЛІН,
ЕҢ АЛДЫМЕН ӨЗІНІҢ АНА ТІЛІН,
ӘДЕБИЕТІН СҮЮІ ШАРТ
ӘДЕБИЕТІН СҮЮІ ШАРТ