Антибиотиктер (гр. autі — қарсы және гр. bіos — тіршілік) — микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын микробтар, өсімдіктер мен жануарлар клеткасынан алынатын органикалық зат; микроағзалармен жоғары өсімдіктермен және жануарлармен микроағзаларды және ісік жасушаларының дамуын басатын және жоятын заттар.
Антибиотиктер микробтар мен кейбір қатерлі ісікке әсер етіп, олардың дамуын тежейді немесе жойып жібереді. Антибиотиктердің пайда болуы микробтар дүниесінде кездесетін бір-біріне қарама-қарсылық әрекетіне негізделген.
Антибиотиктер туралы ғылымның негізін қалап, алғаш көгерткіш саңырауқұлақтан пенициллин алған (1929) ағылшын ғалымы А.Флеминг болды.
Антибиотиктер – микроорганизмдердің тіршілігін тежейтін немесе оларды жойып жіберетін қабілеті бар әр түрлі организмдер: саңырауқұлақтар, бактериялар, актиномицеттер, жануарлар мен өсімдіктер түзетін заттар. Антибиотиктер микробтар дүниесіндегі олардың бір тобының екінші бір тобына қарама – қарсылық әрекетіне негізделген. Микробтар өз тобынан өзге топтарға қарсы болғанымен, өз тобындыларға зиянсыз заттар бөліп шығарады. Əрбір антибиотик тек ауру қоздырғыш микроорганизмдердің белгілі бір тобына ғана жойқын әсер етеді.
Шығу тегі бойынша антибиотиктердің жіктелуі:
• табиғи ( өсімдіктер мен жануарлар тіндерінен пайда болады)
• жартылай синтетикалық ( табиғи молекула модификациясы арқылы
алады)
• синтетикалық (жасанды түрде өндіріледі)
Əсер ету бағыты бойынша антибиотиктердің жіктелуі:
• антибактериальды (ішек және нейрохирургиялық инфекция, тыныс және зәр шығару жолдарының инфекциялары кезінде, эндокардит, менингит)
• саңырауқұлаққа қарсы (тері инфекциялары, ауыз және жұтқыншақинфекциялары, микоз)
• ісікке қарсы ( онкологиялық аурулар мен қатесіз ісіктер үшін қолданылады)
Уақыт өте микроорганизмдер антибиотиктер әсеріне тұрақты болады, оны резистенттілік деп атады. резистенттілік туындау механизмі - генетикалық мутация. резистенттілік себептері:
• шектен тыс антибиотиктерді пайдалану
• кейбір елдерде антибиотиктерді рецептсіз сату
• антибиотиктерді малдың тағамына және жуғыш заттарға қосу