2.Әдістемелік ғылымның зерттеу әдістері. Әдістемелік ғылымның басқа ғылыммен байланысы



бет13/23
Дата12.05.2023
өлшемі248 Kb.
#92564
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Кинофрагмент. Ол белгілі бір шағын мәселеге арналған қысқа 4-5 минут көрсетілетін оқу сабақ барысында оқу процесіне қосуға ыңғайлы , сондықтан мұғалім экранда өзіне қажетті кадрларды көрсете отырып материалдың тұтастығы мен логикалық желісін бұзбай сабақты ұйымдастыра алады. Координаттық жазықтық, функция көлемі, функция өлшемі, тең фигуралар, берілген функцияға кері функция кинофрагменттері оқу ісіне енгізіледі.
Графопроектор.
Математика сабақтарында диафильмдермен, диапозитивтермен және кинофильмдермен қатар кодоскоп кең пайдаланылады. Соңғы жылдары мектепте әлемдік стандартқа сәйкес (250*250мм) «лектор-2000» графопроекторы пайдаланылады. Графопроектордың көмегімен кез келген оқу материалын (сурет, сызба, схема экранға немесе тақтаға түсіруге болады.) Графопроекторға арналған мөлдір материалға қажетті сызба немесе сурет фотографиялық немесе графикалық тәсілмен түсіріліп, оқу процесінде пайдаланылады.
8. Математикалық ұғымдар.
1.Ұғым логикалық категория.
2.Ұғымның негізгі мінездемелері.
3.Ұғымдарды бөлу және классификациялау.
4.Математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Ұғым өте күрделі логикалық және гнесологиялық категория. Ол біріншіден жоғары материяның желісі екіншіден шындық дүниесін бейнелейді, үшіншіден жалпылау құрамы төртіншіден ұғымның қалыптасуы сөзбен, жазумен және белгілеулермен тығыз байланысты болады.Сонымен, ұғым ойлаудың жоғары түрі шындық дүниесін сипаттайтын қару болып табылады. Ұғым арқылы адам ойлайды. Ой болмысты бейнелейді. Ойлау арқылы адам болмысты танып біледі. Ұғым ақиқат нәрсенің жалпы және елеулі белгілерін ғана бейнелейді. Егер ол болмысты бейнелейтін болса, онда ол әрдайым дұрыс болады. Ұғымның елеулі белгілері деп біртекті нәрселерді басқа нәрселермен айыруға әрқайсысы қажетті және бәрін бірге алғанда жеткілікті белгілердің жиынын айтады. Елеулі белгілер нәрсені сипаттайды және оны танып білуге мүмкіндік береді. Мысалы, параллелограмның елеулі белгілері 1)төртбұрыш; 2)қарама-қарсы қабырғалары параллель; 3)қарама-қарсы қабырғалары тең; 4)диогональдары қилысу нүктесінде қақ бөлінеді; 5)қарама-қарсы бұрыштары тең; Параллелограмның басқа төртбұрыштардан ажырату үшін оның 2-3 белгілерін айтсақ жетеді. Әрбір ұғымның мазмұны мен көлемі болады.Ұғымның мазмұны деп – нәрселердің ұғым қамтитын елеулі белгілерінің жиынтығын айтамыз. Ұғымның көлемі деп – нәрселердің осы ұғым тарайтын жиынтығын айтамыз. Мысалы, Үшбұрыш ұғымы – бұл ұғымның мазмұны, үш қабырға, үш бұрыш, ал көлемі барлық мүмкін болатын үшбұрыштарының жиыны.
2-мысал, параллелограмм ұғымының мазмұны, дөңес жазық төртбұрыш, қос-қостан қабырғалары параллель, қарама-қарсы бұрыштары тең, диогональдары қилысу нүктесінде қақ бөлінеді. Ал көлемі осы денелерге ие болатын барлық фигуралар. Ұғымның мазмұны мен көлемі арасында белгілі-бір тәелділік бар, яғни ұғымның мазмұнындағы өзгеріс, оның көлемінде өзгеріске ұшыратады және керісінше мысалы, жазық төртбұрыш ұғымының мазмұнына қарама-қарсы екі қабырғасы параллель деген қасиетті қосып осы ұғымның мазмұнын кеңейтеміз, сонда ұғымды барлық төртбұрыштардың емес тек трапецияның елеулі белгілері ғана бейнеленеді. Сөйтіп, ұғымның мазмұнын кеңейту оның көлемін азайтуға әкеледі. Басқаша айтқанда ұғымның мазмұны неғұрлым кем болса, соғұрлым оның көлемі тар болады.
Ұғымның мазмұнына жаңа белгілерді қоса отырып ұғымның көлемін бірлік обьектіге дейін жеткізуге болады. Егер бір ұғымның көлемі басқа ұғым көлемінің бір бөлігі болса, онда бірінші ұғым түрлік ұғым, ал екіншісі тектік ұғым деп аталады. Параллелограмм ұғымы ромб ұғымына қарағанда тектік ұғым болады. Ал көпбұрыш ұғымына қарағанда түрлік ұғым болады.
Ұғымдардың мазмұндарының әралуандығына қарамастан олардың көлемдерінің арасындағы қатынастаркөп емес, егер ұғымдардың мазмұндарында ортақ белгілер бар болса, ондай ұғымдар салыстырмалы ұғымдар деп аталады. Салыстырмалы ұғымдар үйлесімді және үйлесімсіз болып екі салаға жіктеледі.
Үйлесімді ұғымдар деп көлемдері толық немесе ішінара беттесетін ұғымдарды айтады. Үйлесімді ұғымдардың арасында мынадай қатынастар болады. Тепе-теңдік ішінара беттесу бірін-бірі қамту көлемдері толық беттесетін ұғымдар бір-бірімен тепе-тең қатынаста болады, ал ұғымның өздері мәндес деп аталады. Көлемдері ішінара беттесетін ұғымдар ішінара беттесу қатынасындағы ұғымдар деп аталады сол сияқты олардың айқасатын ұғымдарын айтамыз.
Егер бір ұғымның көлемі екінші ұғымның көлеміне енсе, онда ол екі ұғым қамту қатынасындағы ұғымдар деп аталады. Мысалы, жай сан, натурал сан, рационал функция, элементар функция. Егер ұғымдардың ортақ белгілері болмаса олар салыстырылмайтын ұғымдар деп аталады. Ұғымдардың көлемдері беттеспейтін болса, онда ол үйлесімсіз ұғымдар деп аталады. Үйлесімсіз ұғымдар қарама-қарсы қайшылықты және бағыныңқы ұғымдарға жіктеледі: мысалы, тең қабырғалы үшбұрыш пен тең бүйірлі емес үшбұрыш қарама-қарсы ұғымдар. Оқыту үрдісінде математикалық ұғымдардың пайда болуы мен құрылымдары олардың материалдық дүниенің заттары мен құбылыстармен байланысын ашу мұғалімнің бірден бір міндеті болып табылған. Мұғалім бұл күрделі методикалық мәселені шешу нәтижесінде оқушылардың бойында ғылыми ұғымдар жүйесін дүниетанымын қалыптастырады. Ұғымды меңгеру оқушылардың белсенді ой қызметімен анализ және синтез ұғымды меңгеру салыстыру мен абстрактілеу және жалпылау сияқты ойлау амалдарын орындаумен байланысты. Ұғымдарды меңгермейінше заңдар мен теорияларды саналы түрде білу мүмкін емес. Өйткені, олардың өзі ұғымдар арасындағы байланысты білдіреді. Математикалық ұғымдар жалпылау мен абстракциялаудың жоғары деңгейі болғандықтан мектеп курсында оған ерекше көңіл бөлінеді. Ұғымдарды қалыптастыру оқушыларды ойлауын дамытумен тікелей байланысты. Математикалық ұғымдарды қалыптастыру оқушылардың белсенді іс-әрекетінсіз мүмкін емес. Оларды игеру таным үрдісінің жалпы және нақтылы іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.
9. Математикалық сөйлемдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет