Науқас Пакистанда (Карачи) бір апта болып келген. Келгеннен кейін 2 күні жедел қайталамалы құсық және жиі сұйық дәрет мазалаған. Дене қызуы барлық күндері қалыпты. Даусы қарлыққан, аяқ бұлшық еттерінің құрысуы орын алған. Бет пішіні үшкірленген. Тері жамылғысы құрғақ, тері серпінділігі төмен, еркін қатпарланып жиналады. АД – 100/60 сын. бағ. Диагноз? Аурудың қоздырғышы? (2)//
Наусқас ауру басталғаннан бастап 2 күні ауруханаға мұрнының бітіп, басының, тамағының ауырғандығына, құрғақ жөтелге және көзініңқышуына шағымдарына келіп түсті. Дене қызуы 380 С, аран кілегей қабаты қызарған, артқы қабырғасында үлкейген фолликулар, бадамша бездері ұлғайған. Конъюнктива және склера қан тамырларының инъекциясы байқалады, қабағы ісіңкі. Диагноз? Ауруға тән симптом? (2)//