9.2С «1 (I), 2 (II) және 13 (III) топ элементтері және олардың қосылыстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
|
9.2.1.3-1 (І)ші және 2 (ІІ)-топ металдарының жалпы қасиеттерін салыстыру және реакция теңдеулерін құрастыру
Кальций оксиді мен гидроксидінің негіздік қасиеттерін түсіндіру және қолданылуын сипаттау
Атом құрылысы негізінде алюминийдің қасиеттерін түсіндіру, оның маңызды қосылыстары мен құймаларынның қолдану аймағын атау
Алюминий, оның оксиді мен гидроксидінің екідайлы қасиеттерін зерттеу
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
1 және 2 топтағы металдардың жалпы қасиеттерін салыстырады және реакция теңдеулерін құрастырады
Кальций оксиді мен гидроксидінің негіздік қасиеттерін және қолданылуын түсіндіреді
Алюминийдің кристалл торының құрылымдық бөліктерін ажыратады және осы құрылыстың негізінде оның қолданылуын түсіндіреді
Алюминий оксидінің балқымасының электролизі арқылы алюминийді алудың реакция теңдеуін құрастырады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білу және түсіну Қолдану
|
Орындау уақыты
|
20 минут
|
Тапсырма 1-нұсқа
Периодтық кестедегі І топ элементтеріне литий, натрий, калий және рубидий элементтері жатады.
Неліктен калий керосин ішінде сақталатындығын түсіндіріңіз.
Калий ауада өздігінен тұтанады.
(і) Калийдің ауада жануының реакция теңдеуін жазып, оны теңестіріңіз.
|
(іі) Калий сонымен қатар хлормен де өздігінен реакцияға түседі. Калий мен хлордың арасындағы реакция теңдеуін жазыңыз.
Калий ыстық сумен әрекеттескенде калий гидроксиді мен сутек газы түзіледі. ІІ топ элементтерінің бірі магний ыстық сумен әрекеттеседі ме? Әрекеттесетін болса қандай өнім(дер) түзетінін реакция теңдеуі арқылы жазып көрсетіңіз:
Арман үйін сырлау үшін базардан сөндірілген әк, көк түсті бояу және ацетон сатып алды. (а) Арман әк суының Са(ОН)2 ерітіндісін дайындау үшін сөндірілген әкке (Са(ОН)2) қандай еріткіш қолданады?
Еріткішті таңдаудың себебін түсіндіріңіз:
(b) Кальций гидроксидінің, Са(ОН)2 (с.е.) электролиттік диссоциация механизмін жазыңыз:
Алюминий табиғатта көп тараған металл. Ол таза және құйма күйінде қолданылады.
(а) Алюминийдің физикалық қасиетін, металдық байланыс тұрғысынан сипаттауға болады. Таза алюминийдің құрлымдық диаграммасы төменде көрсетілген:
(і) Таңбаланған диаграмманы қолданып алюминийдің металдық байланысына сипаттама беріңіз:
(іі) Алюминий электр сымдарын жасау үшін қолданылады, себебі алюминий жақсы электр өткізгіш. Неліктен алюминий электр тогын жақсы өткізетіндігін түсіндіріңіз:
(b) Дюралюминий құймасының құрамы 95% алюминий және 4 % мыстан тұрады.
(і) Дюралюминий құймасының, алюминийге ұқсас құрылымдық диаграммасын
салып көрсетіңіз:
(іі) Неліктен таза алюминий жұмсақ және майысқақ болып келеді де, дюралюминий құймасы қатты және берік болып келетіндігін түсіндіріңіз:
(с) Павлодар алюминий зауытында жыл сайын алюминий кенінен шамамен 250 мың тоннадай алюминий өндіріледі. Егер Павлодар алюминий зауыты алюминий өндіруде қайта өңдеу әдісін жүзеге асыратын болса оның бір артықшылығы мен бір кемшілігін жазыңыз:
Алюминийдің жер қыртысында тек қосылыстар құрамында кездеседі. (а) Алюминийді қай кенінен алады?
Алюминийді алу үрдісінде криолит деп аталатын қоспа қосады. (b)Алюмний өндіру кезінде криолиттің маңызы қандай?
Алюминий оксиді балқымасынан электр тогы өткізілді.
(с) Катодта қандай үрдіс жүзеге асады? Реакция теңдеуін жазыңыз:
Анодта қандай үрдіс жүзеге асады? Реакция теңдеуін жазыңыз:
Алюминий оксиді электролизінің молекулалық теңдеуін жазып, реакцияны теңестіріңіз:
Достарыңызбен бөлісу: |