3- блок. Жаңа дәурдегі қазақстан (XVIII хх ғ. басы)



бет4/9
Дата27.10.2023
өлшемі1,08 Mb.
#120920
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
7 дәріс

1681-1685жылдары Жоңғар феодалдары Оңтүстік
Қазақстанға бірнеше шабуыл жасады:
  • Сайрам қаласын қаратып, егіншілікпен айналысқан аудандарды күйретті.
  • Жоңғар әскерінің:
  • Бір тобы Сарысу өзеніне жетсе;
  • Екінші бір бөлігі Орта жүздің солтүстік-шығыс аудандарына басып кірді;
  • Қазақ ханы Тәуке береке-бірлікті барынша күшейтіп, сыртқы жауға батыл тойтарыс беру үшін қажырлы қайрат жұмсады. Үш жүздің басын қосып, қазақ еліне хандық құрды.
  • 1710жылы жау шабуылын қалай тойтару мәселесін талқылау үшін Қарақұм маңында қазақ жүздерінің өкілдері бас қосты.

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы Тәукенің ''Жеті жарғысы''


Қазақ хандығының тағына берік отырған Тәуке хан хандықтың ішкі жағдайына ерекше назар аударып, мемлекеттіңи күш-қуатын арттыруды мақсат етті.
‘’Жеті жарғы’’ жасауға атсалысқан билер:
Ұлы жүзден Төле би;
Орта жүзден Қаз дауысты Қазыбек ;
Кіші жүзден Алшын Әйтеке би.
  • Қазақ билері — ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің да қызметін атқарған. Билер өздерінің бір ғана сөзімен небір шытырман, даулы мәселелердің дұрыс шешімін тауып отырған. Қазақ билері әділ және елге сыйлы болуға тиісті болатын.

Төле би

  • Төле би
  • Қызметі: би
  • Туған күні: 1663 жыл
  • Туған жері: Жамбыл облысы, Шу өңірі
  • Қайтыс болған күні: 1756 жыл
  • Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет