3 Ι тарау. Дидактикалық ойындардың педагогикалық негізі


Дидактикалық ойындардың түрлерінің жүйесі



бет3/9
Дата03.03.2023
өлшемі135,5 Kb.
#71433
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
kur -didaktikalyq-oyyndar

1.1 Дидактикалық ойындардың түрлерінің жүйесі
Ойын бала үшін - нағыз өмір. Егер ұстаз ойынды ақылмен ұйымдастыра білсе, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. Балаларды оқытып, тәрбиелеуге әр тарапты ойын элементтерін қолдану тиімді әдістердің бірі болып саналады.
Ойын әдістерін қолдана өткізген сабақтар, жаттығу жұмыстары баланы сөзге белсенділігін арттырып, олардың ойлау қабылдау әрекеттерін кеңету, білім сапасын тереңдете тиянақтай түсінуге жәрдемдеседі. Ойынның танымдық сипаты жөнінде М. Горькийдің «Бала ойынды сүйеді. Ойнағанда не болмаса соның бәрімен де ойнайды, ол өзінің айналасындағы дүниені ойын және ойыншық үстінде тез таниды. Бала сөзбен де ойнайды, осы сөзбен ойнағанда өз ана тілінің нәзік жерлерін үйренеді, тілдің музыкасын ұғады»,- дегені мәлім.
Дидактикалық ойындардың түрлеріне шек жоқ. Қазіргі кездегі сабақ материалдарының мазмұнына сәйкес мұғалім белгілі бір ойын бойынша әрқилы ойын ойлап табуына болады.
Тікелей дидактикалық міндетті шеше алмайтын, бірақ балалардың бойынеда ықылас, есте ұстау, байқағыштық, назар аударғаштық сияқты басқа да белгілі бір психикалық процесті, қажеттерді дамытуға бағытталған ойындардың түрлерін педагог ұмыт қалдырмауға тиіс. 1-сынып балалары үшін творчествалық және қимылды ойындармен қатар дидактикалық ойындардың әсері мол. Дидактикалық математикалық ойындарды қолдану сабақтың әсерлілігін арттырып, оқушылардың осы пәнге деген ынтасын дамытады. Бұл ойындар жаңа сабақ процесінде өткенді қайталау, білімді тиянақтау кезінде қажетті сабақ мазмұнына орай пайдаланылады
Айта кеттетін бір жайт, оқытудың ойындық тәсілдері дидактикалық ойындар өзара түсінушілікті, ынтымақтастықты, бірлескен творчестваны орнықтыратын ортақ ақуалда қолданыс тапқан жағжайға салса шынайы ойындық, яғни балалар ерікті түрде таңдап алатын тәсілдерге айнала алады. Сондықтан, оқу-тәрбие процесінде ойынды дұрыс кірістіріп, оның барлық тиімді мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызы зор.
Мектепке дейінгі балалардың ойнайтын ойын түрлері:

  1. Дидактикалық ойындар.

  2. Сөздік-дидактикалық ойындар.

  3. Рольді сюжетті ойындар

  4. Драммалық ойындар.

  5. Творчествалық ойындар.

  6. Әдеби-музыкалық ойындар.

Осылардың ішінде дидактикалық ойындардың маңызы зор. Әрбір мұғалім сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолданылатын күні бұрын сабақ мазмұны мақсатына сай лайықты таңдап алған жөн. Өйткені ойын мектепке келген балалар үшін қызықты әрекет бола отырып, оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы болып табылады. Бірақ, ол ұйымдастырылған педагогикалық процеске енгізілгенде ғана сондай құралға айналады. Ойынның дамуы мен орнығуы оны нақ осылай тәрбиелеу құралы ретінде пайдалануға көп байланысты. Сондықтан да бірінші сыныпта сабақ көбіне ойын ретінде өтіледі. Ойын да оқу мен еңбек сияқты, баланың іс-әрекеттерінің бір түрі. Ойынның барысында баланың жеке қасиеттері қалыптасады. Бұл жастағы балалар айналадан көрген түйгенін бағдарлап байқаған, естіген білгенін ойынмен бейнелейтінін байқау қиын емес. Ойын арқылы қоршаған дүниені бейнелей отырып, олардың өмірге көз қарасы қалыптасады, творчествалық іс-әрекеттері дамиды, өзіне ойын кезінде сенімі артып, күллі жігерін білдіруге жол табады. Үлкендердің іс-әрекеттеріне еркін араласып, қарым-қатынасқа түседі.
Бұл жөнінде психолог профессор А.В.Запоржец: «Біз дидактикалық ойын жекелеген білімдерімен бейімділіктерді игерудің формасы ғана болып қоймайды, сонымен бірге баланың жалпы дамуына көмектесетін, оның қабілетін қалыптастыруға қызмет ететін болуына жетуіміз қажет» десе, Н.П.Крупская: «Алты, жеті жастағы балалар үшін ойын – оқу, олар үшін-еңбек, олар үшін ойын тәрбиесінің елеулі формасы»- дейді. А.С. Макаренко ойын мен бала еңбегінің арасында заңды байланыс болатынын, ал, айналадағы дүниден алған әсерін ойында бейнелеу арқылы нақты еңбек әрекетіне үйренетінін айтады. Сондықтан А.С.Макаренко: «Бала ойында қалай болса, ол кезде де, жұмыста көп жағынан сондай болады»-деп тұжырымдайды.
Дидактикалық ойын түрлері көп. Соның бірі- оқушының ақыл-ойын дамытатын ойын түрлері. Мысалы: өзін қоршаған табиғи орта, табиғат отаны туралы, әртүрлі мамандықта жұмыс істейтін адамдардың еңбектегі істері – бәрі де оқушының идеялық бағытта тәрбиелеуге дағды береді. Оқушының дидактикалық ойындар арқылы еңбекке тәрбиелеу де тиімді әдістердің біріне саналады. Мысалы: логикалық есептер, ойын есептерінде жүргізілетін ойындар оқушыларға көптеген септігін тигізеді.
Оқушының математикалық тілде көп сөйлеп үйренуге бағыт беретін ойындардың бір түрі- сөздік ойындары. Сөздік ойындарын әр сабақта жүйелі жүргізілуі тиіс. Сол арқылы балалар тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ауызша және жазбаша есептеуге дағдыланады. Математика сабағында есептеуге үйрету математикалық диктантпен жұмыс, сұрақ-жауап әдістерін қолдану қажет. Өтілетін тақырып бойынша ойын түрлерін жүргізуден басқа «анаграмма, ребустар, сөзжұмбақтар, өлең есептер» қолдану, түрлі дидактикалық материалдарды пайдалану оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады. Сол сияқты қимыл ойындарының да тиімділігі бар. Қимыл ойындар да бала ағзаларын жетілдіріп, ақыл- ойының дамуына үлкен әсер етеді. Көңіл-күй артып, жүйкелері жақсарады.
Басты мәселе, мұғалім сабақта ойын элементтерін жүргізбес бұрын, оның міндеті мен мақсатын, жүргізу тәртібін балаларға айтып, дайындауы тиіс. Ойынға қажетті құралдарды күні бұрын дайындауы қажет.
Дидактикалық ойындар мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.
Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады.
Әдістемелік әдебиеттерде берілген және бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибесінде пайдаланып жүрген дидактикалық ойындар өте көп. Алайда, олардың барлығы бірдей бүгінгі күннің талаптарынан туындап отырған білім мазмұнының өзгерістеріне, сондай-ақ, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келе бермейді. Сондықтан ғылыми тұрғыда негізделген дидактикалық ойындар түрлерін сұрыптап, ой елегінен өткізе отырып, ойындар жүйесін және оларды пайдалану әдістемесін ұстану қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет