3 Ι тарау. Дидактикалық ойындардың педагогикалық негізі



бет8/9
Дата03.03.2023
өлшемі135,5 Kb.
#71433
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
kur -didaktikalyq-oyyndar

Қорытынды
Қорыта келе дидактикалық ойынның маңызы мынада: дидактикалық ойын оқушылардың қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтеді, оны бекітіп нақтылай түседі және де әрбір дидактикалық ойын оқушыны ойнай білуге баулып, сөздік қорын молайтады, ақыл-ой қызметін қалыптастырады.Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Дидактикалық ойын ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет етеді. Дидактикалық ойында балаларды өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорларын молайтуға көмектеседі.
Дидактикалық ойын түрлері көп. Соның бірі- оқушының ақыл-ойын дамытатын ойын түрлері. Мысалы: өзін қоршаған табиғи орта, табиғат отаны туралы, әртүрлі мамандықта жұмыс істейтін адамдардың еңбектегі істері – бәрі де оқушының идеялық бағытта тәрбиелеуге дағды береді. Оқушының дидактикалық ойындар арқылы еңбекке тәрбиелеу де тиімді әдістердің біріне саналады. Мысалы: логикалық есептер, ойын есептерінде жүргізілетін ойындар оқушыларға көптеген септігін тигізеді.
Айта кеттетін бір жайт, оқытудың ойындық тәсілдері дидактикалық ойындар өзара түсінушілікті, ынтымақтастықты, бірлескен творчестваны орнықтыратын ортақ ақуалда қолданыс тапқан жағжайға салса шынайы ойындық, яғни балалар ерікті түрде таңдап алатын тәсілдерге айнала алады. Сондықтан, оқу-тәрбие процесінде ойынды дұрыс кірістіріп, оның барлық тиімді мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызы зор.
Ойын-балалардың негізгі іс-әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни ойын арқылы бала білім алады.Бала зейіні қажет ететін, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар оның ақылын, дүниетанымын, көзқарасын кеңейтеді, мінез-құлқын,ерік-жігерін қалыптастырады.
Жоғарыда көрсетілген ойын түрлерінің барлығының мазмұны өте қызық және өзіндік ерекшеліктерге толы. Атап өткен ойын түрлері арқылы баланың таным – белсенділігін, сонымен қатар қарым -қатынас, білімге деген құштарлық сезімдерін қалыптастырады.
Адамның жан дүниесінің дамып жетілуі әлеуметтік өмірге бейімделіп тіршілік етуі, әр түрлі іс - әрекеттермен шұғылдану барысында қалыптасады. Сондай әрекеттердің бір саласы – ойын әрекеті. Баланың психикалық даму үрдісінде ойын әрекетінің тағлымдық және тәрбиелік маңызы осы заманғы тәлім – тәрбие психологиясының өзекті мәселесі болып табылады. Адам санасы объективтік дүиені тек бейнелеп қана қоймай сонымен қатар оны жасайды.
Ойын үстінде бала санасын дамыту, тәрбиелеу, оқыту қатар жүргізіледі, оны бала белсенділікпен және асқар ыждағаттылықпен қабылдайтындықтан кімдеген педагоктар ойынды оқу үрдісіне міндетті түрде енгізу жайында айтады. Я. Кошенский өзінің «Ұлы дидактикасында» «Баланың бойында білімге деген құштарлықты арттыру үшін қажет деген ең қарапайым тәсілдің өзі табиғи болуы шарт. Оның үстіне осы тәсілмен қабілеттері оянуы үшін оны ақылдылықпен жандандарып, балаға жағымды еткізіп жеткізе білуі керек. Түсіндірілген сабақ қандай маңызды болса да, әнгімелесу, сайыс, жұмбақ жасыру немесе мысал мен аңыз мазмұнында өткізілгені жөн» деп жазды. Бұл арада К. Ушинскийдің «Ойын баласын ойын үстінде үйрет» деген сөзін де айта кеткен орынды. Л. Выготский «ойын бастап кешкендерді жайғана еске алу емес, ел бастап кешкен әскерлерді жасампаздықпен қайта өңдеу баланы өзінің қажеттіліктері мен қызығушылықтарына жауап бере алатын деңгейдегі қайта құрастыру мен одан жаңа әрекеттер жасау болып табылады» деп санайды. Ойнай жүріп балалар қоршаған орта жайында білімдерін толықтырады, дербес шешім қабылдауға дағдыланады, ойлау барысында ұтқырлық пен тапқырлық танытады. Мектепке дейінгі және мектеп кезіндегілерді тәрбиелеу мен оқыту ойын тарихи үлкен жүк арқалап келе жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет