№3 (03) 30 қараша, 2015 жыл



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата22.12.2016
өлшемі11,47 Mb.
#9
  1   2   3

№ 3 (03)

30 қараша, 2015 жыл

дүйсенбі

НYРЛЫ


НYРЛЫ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫК ИНСТИТУТЫ

ЖОЛ


ЖОЛ

1 кырк


Y

йегiнен


1

ЖАҢА 


ЖОЛДАУДА НЕ 

АЙТЫЛДЫ?


ҚОҢЫР 

КҮЗДЕГІ 


КЕЗДЕСУ

ЗНАЙТЕ, 


ДУМАЙТЕ, 

ДЕРЗАЙТЕ!



3-бет

6-бет

8-стр.

ЕСТЕ ҰСТАР ЕСТІ СӨЗ 

Кішілік пен кісілік – 

ұлылықтың белгісі.

Махмұд ҚАШҚАРИ

ІС-САПАР

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Тараз мемлекеттік педагогикалық 

институтында болды. Сапар барысында Г. Наушақызы оқу ордасының ғылыми орталықтарының жұмысымен 

танысты. Сапар аясында сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, 

Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев болды.

Жандар АСАН

«Нұрлы Жол»

Қонақтар  алдымен  «Жерұйық»  этнографиялық  орталығын  аралады.  Онда  ұлттық  тарихымыздан  сыр  шертетін 

жәдігерлер  мен  бұйымдар  қойылған.  3D  форматындағы  аудиторияда  кең  дала,  жайлау  және  киіз  үй  бейнеленген. 

Орталықтың басты мақсаты – Елбасының ел тәуелсіздігін баянды етудегі, халықаралық аренада Қазақстанның беделін 

арттырудағы ерен еңбегін насихаттау, ұлттық тарихымызды ұлықтау. 

(Жалғасы 3-бетте) 

ҚР МЕМЛЕКЕТТІК 

ХАТШЫСЫ         

Г.ӘБДІҚАЛЫҚОВА 

ТАРМПИ-ДА БОЛДЫ

Тараз мемлекеттік педагогикалық инстиутының ректоры, ҚР 

ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, 

профессор

Дария Пернешқызы ҚОЖАМЖАРОВАНЫҢ

жаңажылдық құттықтауы

   

 Қадырменді әріптестер!

    Құрметті студенттер!

Халқымызда «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» деген даналық сөз 

бар. Біз қашанда өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықпыз. 

Аяқталып қалған 2015 жыл біз үшін берекелі, жемісті болды. Бірлігі жарасқан 

еліміз жаһандық сипаттағы үлкен сыннан сүрінбей өтуде. Қасиетті де киелі қазақ 

жеріне, Тәуелсіз елімізге Жаңа 2016 жыл қадам басып келеді. Қай-қайсымыз болса 

да, әдеттегідей Жаңа жылға үмітпен қарап, жағымды жаңалықтар күтіп, жаңа 

мақсат-міндеттер белгілейміз. Өйткені, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сарабдал саясаты 

мен халқымыздың бірлігінің арқасында біз жаңа ХХІ ғасырда іргесі берік, әлемдік 

қауымдастықта беделі биік мемлекетке айналдық. Тәуелсіз еліміз шекарасын 

бекітіп, экономикасын нығайтып, әлеуметтік деңгейін өсіріп, Еуразия төсінде жаңа 

Астанасын салып, ғаламдық процестерге ықпалын тигізетін, ата-бабаларымыздың 

арманын іске асыра алатын алпауытты мемлекетке айналды. 2050 жылға дейін 

дүние жүзіндегі ең дамыған 30 елдің қатарына ену мақсатын алдымызға қойдық. 

Мен келе жатқан жыл еліміз жылнамасының жарқын беттеріне жазылатын жаңа 

кезеңнің бастауы болады деп сенемін.

Жаңа жыл құтты болсын, қымбатты достар!


АҚПАРАТ

ТарМПИ-да кеңейтілген Ғылыми Кеңес мәжілісі өтті

№ 3 (03)

30 қараша, 2015 

жыл

дүйсенбі

НYРЛЫ


НYРЛЫ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫК ИНСТИТУТЫ

ЖОЛ


ЖОЛ

АЙТӨБЕЛ

Тараз  мемлекеттік  педагогикалық  институтында  «Мәңгілік  ел  идеясы 

және білім берудегі модернизация» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік 

конференция  өтті.  Филология  факультеті,  Қазақ  филологиясы  кафедрасы 

ұйымдастырған алқалы жиынға зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, жоғары оқу 

орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты. 

 

Дулат САҚ



«Нұрлы Жол»

«Біз  Тәңірге,  тарихи  тағдырымызға  жүздеген  жылдық  күрделі  кезеңдері 

үшін  өкпе  айтпаймыз,  бүгінгі  және  келешек  ұрпаққа  ең  асыл  мұра  болып 

қалған  Ұлы  Отанымыз  –  Егемен  Қазақстан  үшін  рахмет  айтамыз!  Ендігі 

міндет  –  бабалар  аманатына  адал  болып,  Ұлы  Дала  елінде  тәуелсіздікті  мәңгі 

ету.  Мәңгілік  ел  отандастардың  бірегей  тарихи  мақсаты  мен  қаһармандық 

ұраны  десек  қателеспейміз.  Аталған  идея  қазақ  елінің  ғасырлар  бойы 

армандаған  мақсаты  ғана  емес,  тәуелсіздік  жолындағы  жанқиярлық  еңбегі 

мен  тынымсыз  шығармашылығының  нәтижелері  арқылы  қол  жеткен  асу»,  – 

деді,  институт  ректоры  Дария  Қожамжарова  конференция  қатысушыларына 

құттықтықтау сөзінде. Ғылыми-тәжірибелік конференция барысында филология 

ғылымдарының  докторы,  профессор  Мекемтас  Мырзахметұлы  Мәңгілік  ел 

идеясының  тарихи  негіздері  мен  түп-тамырына  шолу  жасады.  Ал,  педагогика 

ғылымдарының  докторы,  профессор  Ботагүл  Тұрғынбаева  мен  филология 

ғылымдарының  докторы,  профессор  Сәуле  Ержанова,  әдебиеттанушы  ғалым 

Гүлзия  Пірәлі  жаңашыл  мұғалім  дайындау  мен  зияткер  ұрпақ  тәрбиелеуді 

тарқатып  айтып  берді.  Сонымен  қатар,  конференция  аясында  Абай  атындағы 

ҚазҰПУ  жанындағы  Жамбылтану  және  халық  ақындары  ғылыми-зерттеу 

институтының директоры Бекен Ыбырайым «Ақындық шеберлік және көркемдік 

тәжірибе»,  жазушы,  публицист  Мархабат  Байғұт  «Бүгінгі  таңдағы  әдебиеттің 

беталысы»  тақырыптарында  келелі  ойларымен  бөліссе,  жергілікті  ғалымдар 

білім берудегі заманауи үлгілер турасындағы пікірлерін ортаға салды.

Конференция  аясында  «Мәңгілік  ел  идеясы:  тіл  мен  әдебиет,  тарих  пен 

тағылым»,  «Білім  беру  жүйесіндегі  модернизация:  интеллектуалды  капитал, 

инновациялық әлеует» және «XXI ғасыр білім сапасы: постиндустриалды қоғам, 

жаңа парадигмалар» атты секциялар жұмыс жасады. Жиын соңында жасалған 

баяндамалар  және  айтылған  ойлар  мен  тұжырымдар  негізінде  ұсынымдар 

қабылданды.  



«Заң үстемдігін қамтамасыз ету». ТарМПИ-да осындай тақырыпта семинар 

кездесу  өтті.  Аталған  оқу  орнының  мұрындық  болуымен  ұйымдастырылған 

жиынға  Жамбыл  облыстық  сотының  судьялары,  институттың  профессор-

оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты. Мақсат – Елбасы ұсынған бес 

институционалдық реформаны насихаттау һәм іске асыру. 

 

Батыр ҚҰРМАНБЕК



«Нұрлы Жол»

Шараны ТарМПИ ректоры Дария Қожамжарова ашып, жүргізіп отырды. 

– Елбасы Н. Назарбаев ұсынған «Ұлт жоспары – бес реформаны жүзеге асыруға 

арналған  100  нақты  қадам»  бағдарламасының  екінші  реформасы  республика 

соттарында  кеңінен  насихаттала  бастады.  Бүгінгі  іс-шара  соның  нақты  дәлелі 

іспеттес. Осы орайда айта кеткеніміз абзал, институтта аталмыш тақырып аясында 

семинарлар,  ашық  сабақтар,  дөңгелек  үстелдер  өткізіліп,  белсенді  іс-қимыл 

жасалып жатыр, – деді, Дария Пернешқызы. 

Кездесу  барысында  сот  қауымдастығы  өкілдері    судьялар  мен  кеңсе 

қызметкерлері  жұмысының  маңыздылығы  мен  қиындығы,  облыс  соттарының 

республика  дәрежесіндегі  жетістіктері,  жаңадан  қолданысқа  енген  қылмыстық, 

азаматтық,  әкімшілік  заңнамалар,  сот  жүйесіндегі  заманауи  технологиялар 

туралы  көптеген  жаңалықтарымен  бөлісті.  Сонымен  қатар  семинар  аясында 

доғарыстағы  судья  Асылхан  Дармурзаев  «Тиімді  сот  жүйесін  құру,  кәсіби  кадр 

құрамын  қалыптастырудан  басталады»,  Жамбыл  облыстық  сотының  судьялары 

Азамат Тлепов «Бүгінгі биік нәтиже – сот реформасының жеңісі», Дінмұхаммед 

Әзіретқұлов  «Жаңа  редакциядағы  АПК  «100  нақты  қадам  –  баршаға  арналған 

қазіргі  заманғы  мемлекет»  Ұлт  Жоспарының  іс  жүзінде  іске  асыру  тетігі» 

тақырыптарында  баяндамалар  жасады.  Онда  Мемлекет  басшысының  сот 

жүйесінде  жүргізіп  отырған  реформалары  егжей-тегжейлі  айтылды.  Сондай-ақ, 

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық 

сотының судьясы Айгүл Маликова Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық 

заңнамасын жетілдіру жолдары жайында тың ойларымен бөлісті.

Жиын  соңында  Тараз  мемлекеттік  педагогикалық  институтының  студенттері 

мен қызметкерлері сот өкілдеріне сұрақтар қойып, толымды әрі нақты жауаптар 

алды.


КОНФЕРЕНЦИЯ

           СЕМИНАР

МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ 

ТАЛҚЫЛАНДЫ

СТУДЕНТТЕР СУДЬЯЛАРМЕН 

КЕЗДЕСТІ

Тараз мемлекеттік педагогикалық 

институты туралы республикалық, 

облыстық БАҚ

ДАЙДЖЕСТ:

ҚАЗАН ҚАРАША

ДАЙДЖЕСТ:

ҚАЗАН ҚАРАША

Ақпараттық-имидждік 

жұмыстар бөлімі



 «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы: 4 



телесюжет.



 «Хабар» телеарнасы: 2 телесюжет.



 «24 KZ» телеарнасы: 3 телесюжет.



 «NUR KZ» ақпараттық порталы: 2 мақала.



 «ТАҢ» телеарнасы: 2 телесюжет.



 «Қазақстан-Тараз» телеарнасы: 10 



телесюжет.



 «Егемен Қазақстан» республикалық 



газеті: 3 мақала.



 «Казахстанская правда» республикалық 



газеті: 2 мақала



  «Арай» облыстық газеті: 4 мақала. 



 «Ақжол» облыстық газеті: 5 мақала.



 «Знамя труда» облыстық газеті: 3 мақала.



 «Казинформ» агенттігі: 6 ақпараттық мақала. 



 «Baq.kz» порталы: 8 ақпараттық мақала.



 «El.kz» порталы: 3 ақпараттық мақала.



 «B News» сайты: 3 ақпараттық мақала.



  «Тенгри ньюс» порталы: 2 мақала.

ФОРУМ БРИТАНСКИХ И КАЗАХСТАНСКИХ 

УНИВЕРСИТЕТОВ СОСТОЯЛСЯ В ЛОНДОНЕ

2  ноября  в  Лондоне  с  участием  руководства 

министерства образования и науки Великобритании 

и  Республики  Казахстан  проведен  первый  Форум 

британских  и  казахстанских  университетов  (UK  – 

Kazakhstan Universities Forum). 

Созванный 

по 

инициативе 



министерства 

образования  и  науки  Казахстана  и  при  поддержке 

Министерства  предпринимательства,  инноваций  и 

навыков  Великобритании,  Британского  Совета  и  UK 

Trade & Investment Форум стал уникальной площадкой 

обмена опытом для 35 казахстанских и 32 британских 

вузов,  первые  руководители  которых  в  формате 

face-to-faceобсудили  перспективы  сотрудничества  в 

области реализации международных образовательных 

программ.  В  частности,  на  пленарном  заседании 

выступили Министр образования и науки Республики 

Казахстан  Саринжипов  А.Б.,  ректор    Казахского 

национального 

университета 

им.Аль-Фараби 

Мутанов  Г.М.,  заместитель  директора  по  политике 

Международного  агентства  Великобритании  по 

высшему  образованию  Дэн  Ша,  ректор  Алматы 

Менеджмент  Университета  Кожахметов  А.Б., 

руководитель  Университета  Уорик  Яна  Полмовски, 

а  также  Президент  АО  «Центр  международных 

программ» Ныгыметов Г.С.

В  ходе  встречи  были  рассмотрены  возможности 

подготовки 

казахстанских 

специалистов 

для 

приоритетных  проектов  Плана  нации  «100 



конкретных  шагов»  и  государственной  программы 

индустриально-инновационного  развития  в  ведущих 

вузах  Великобритании.  Участники  Форума  обсудили 

перспективы дальнейшего сотрудничества и отметили 

новые  направления  реализации  совместных  научных 

исследовательских проектов, в том числе посредством 

подготовки  молодых  ученых  по  программе  SplitPhD 

в  рамках  международной  стипендии  «Болашак». 

Площадка  Форума  позволила  представителям 

отечественных  вузов  презентовать  экспортный 

потенциал  казахстанского  сегмента  образования 

и  провести  двусторонние  встречи  с  британскими 

коллегами. Всего в формате Face-to-face meetings было 

организовано порядка 100 переговоров о дальнейшем 

сотрудничестве британских и казахстанских вузов.

Также  по  итогам  мероприятия  был  подписан 

ряд  документов.  Так,  например,  меморандум  о 

сотрудничестве  между  Министерством  образования 

и 

науки 


Республики 

Казахстан, 

Назарбаев 

университетом  и  Университетом  Кембриджа. 

Аналогичные  меморандумы  были  подписаны  также 

другими  национальными,  государственными  и 

частными вузами двух стран

Информация подготовлена на основании  

портала edu.gov.kz

  (Басы 1-бетте)

ҰЛЫ ДАЛА ӨСИЕТІ

    Бүкіл түркі халқы үшін қызыл қанымды жүгірттім, түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым, төрт бұрыштағы 

халықтың бәрін бейбіт еттім: бастыны еңкейттім, тізеліні бүктірдім!

ТОНЫКӨК,

Шығыс Түрік қағанатының негізін қалаушы



МӘҢГІЛІК ЕЛ 

3

ТарМПИ студенттері «Әлемді өзгертетін идеялар» жобасына қатысты

НYРЛЫ


НYРЛЫ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫК ИНСТИТУТЫ

ЖОЛ


ЖОЛ

САЯСАТ

№ 3 (03)

30 қараша, 2015 

жыл

дүйсенбі

30  қараша  күні  Астанадағы 

Тәуелсіздік 

Сарайында 

Қазақстан 

Президенті 

Нұрсұлтан  Назарбаевтың 

Қазақстан 

халқына 

Жолдауы  «Қазақстан  жаңа 

жаһандық  нақты  ахуалда: 

өсім,  реформалар,  даму» 

тақырыбын 

қамтыды. 

Елбасы  Н.    Назарбаев  cөз 

басында  бүгінгі  әлемдік 

ахуалдың  күрделі  кезеңмен 

ұштасып  отырғанын  атап 

өтті.  Президент  алпауыт 

елдердің өзара санкциялары 

дүниені 

тығырыққа 

тірегенін айтты.

Сонымен  қатар,  Елбасы  мұндай 

аса  жауапты  сәтте  бірліктің  сақталуы 

аса  маңызды  екенін,  сондай-ақ,  барша 

қоғам  ел  игілігі  үшін  аянбай  тер  төгу 

қажеттігін  атап  өтті.  «Біріміз  бәріміз 

үшін, бәріміз біріміз үшін деген қағиданы 

ұстанып,  еңбек  етуге  тиіспіз.  Сәт  сайын 

құбылған  аласапыранға  сай  амал 

табуымыз керек. Ең жақсы жоспар уақыт 

талабына  бейімделген  жоспар  болып 

саналады.  Біз  де  заманның  беталысына 

қарай, 

межелерімізді 



белгілеп, 

жоспарларымызды  жөндеп  отыруымыз 

қажет. Біздің мақсатымыз – елі бақытты, 

жері  гүлденген  Отанымыз  Қазақстанды 

Мәңгілік  Ел  ету»,  –  деді  Н.  Назарбаев.  

Бұдан  бөлек,  Елбасы  Қазақстанның 

алдағы  межесі  әлемдегі  ең  дамыған  30 

мемлекеттің  қатарына  қосылып,  бай  да 

қуатты  елдермен  иық  түйістіру  мақсат 

екенін  атап  өтті.  «Қазақстан-2050» 

бағдарламасын 

екі 


жыл 

бұрын 


жариялаған  кезде,  бұл  межеге  жетуге 

жолымызда  қиындықтар  кездесетінін, 

соған  дайын  болып,  тиісті  шаралар 

қабылдау  керектігін  айтқан  болатынбыз. 

Біз  осы  мақсатқа  жұмылғанда  жететін 

боламыз.  Мен  бүгін  жаңа  қатерлер  мен 

тың  мүмкіндіктер  қатар  өрбіген  жаңа 

жаһандық  нақты  ахуалда  дамудың 

басты 

бағыттарын 



айқындайтын 

Қазақстан халқына арнаған Жолдауымды 

жариялаймын», – деді Н. Назарбаев.

Тараз  мемлекеттік  педагогикалық 

институтының 

ұжымы 


Қазақстан 

Республикасының Президенті Нұрсұлтан 

Назарбаевтың  кезекті  Жолдауын  тікелей 

эфирде  тыңдады.  Сонымен  қатар, 

маңызды  құжатты  талқылауға  арналған 

институт 

ұжымының 

кеңейтілген 

жиналысы  болды.  Іс-шараға  оқу 

ордасының 

профессор-оқытушылар 

құрамы  мен  студенттері  қатысты. 

Институт  ректоры  Дария  Қожамжарова 

Жолдаудың ел тарихындағы орнына, оның 

әрбір саласының әрбір қазақстандық үшін 

қатыстылығына  әрі  маңыздылығына, 

ұлт  тәрбиешілерін  дайындап,  сапалы 

маман дайындаумен тікелей айналысатын 

жоғары  оқу  орны  ұжымы  алдындағы 

үлкен  жауапкершілікті  қажет  ететін 

жұмыстарға кеңінен тоқталды.  

ЖАҢА ЖОЛДАУ ЖАНҒА ЖАҚЫН, ЖҮРЕККЕ ЖЫЛЫ 



ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ Г. ӘБДІҚАЛЫҚОВА ТАРМПИ-ДА БОЛДЫ

ІС-САПАР

– «Елбасының кезекті «Қазақстан 

жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, 

реформалар, даму» атты Жолдауының 

басты  міндеті  –  Қазақстанның  ең 

дамыған  30  мемлекеттің  қатарына 

қосылуы.  Бұл  үшін  тұңғыш 

мемлекеттік 

ресми 

идеология, 



яғни  «Мәңгілік  Ел»  идеясының 

жарияланғанын  да  білеміз.  Бұл  – 

Қазақстан Республикасының ұлттық 

идеясынан  келген  түйін-тұжырым. 

Мәңгілік  Ел  отандастардың  бірегей 

тарихи  мақсаты  мен  қаһармандық 

ұраны 

десек 


қателеспейміз. 

Аталған  идея  қазақ  елінің  ғасырлар 

бойы  армандаған  мақсаты  ғана 

емес, 


Тәуелсіздік 

жолындағы 

жанқиярлық  еңбегі  мен  тынымсыз 

шығармашылығының 

нәтижелері 

арқылы  қол  жеткен  асу.  Сондықтан 

да  бұл  орталық  өскелең  жас 

ұрпақтың төл тарихын терең білуіне 

өз септігін тигізеді», – деді институт 

ректоры Дария Қожамжарова.

Мемлекеттік  хатшының  келесі 

аялдаған жері белгілі ғалым, әдебиет 

танушы  Мекемтас  Мырзахметұлы 

басқаратын  «Бауыржантану»  ғыл-

ыми - зерттеу орталығы. 2004 жылы 

ашылған орталық  Халық қаһарманы 

Бауыржан 

Момышұлының 

мұраларын жинау, зерттеу және басып 

шығару  бағытымен  айналысады. 

Бұған  дейін  ұлт  мақтанышының 

көптомдық шығармалар жинағының 

30  томы,  Мәскеуден  «Легендарный 

батыр»  деген  атпен  естелік  кітабы, 

Алматы  қаласынан  «Фотоқұжаттық 

альбомы» жарық көрді.

Жүсіп 

Баласағұн 



атындағы 

Түркістан 

өлкесінің 

тарихын 


зерттеумен  айналысатын  ғылыми 

орталықтағы  атқарылған  істермен 

жете 

танысқан 



Мемлекеттік 

хатшы  төл  тарихымызды  терең 

зерттеп-зерделеуде  осы  тақылеттес 

орталықтардың  атқаратын  рөлі  зор 

екенін атап өтті. 

–  Ғасырлар  бойы  азаттық  пен 

тәуелсіздікті  армандап,  көптеген 

қиындықтарды  басынан  өткеріп 

бүгінгі  бейбіт  күнге  жеткен 

халқымыздың  тарихын  жаңаша 

көзқарас  тұрғысынан  таразылау 

заңды құбылыс. Бұрын белгісіз болып 

келген «ақтаңдақтарды» зерттеу үшін 

арнайы  шығармашылық  мақсатта 

ғалымдар мен ұстаздар шұғылдануы 

керек, – деді, Г. Наушақызы.

Айта кетейік, Түркістан өлкесінің 

тарихына  қатысты  кешенді  зерттеу 

жұмыстарын жүргізу, Тараз өңірі мен 

Әулиеата  уезінің  тарихы  бойынша 

бұрын  жарық  көрмеген  архив 

құжаттарын жинастыру, қордаланған 

материалдардың  негізінде  көптом-

дық 


құжаттар 

жинағы 


мен 

монографиялық  еңбектер  даярлау 

басты  мақсаты  болып  табылатын 

орталықта  бұған  дейін  30-дан 

астам  ғылыми  еңбектер  жарыққа 

шықты.  Олардың  қатарында  «Қазақ 

хандығы»  энциклопедиясы,  «Тұрар 

Рысқұловтың 

биохроникалық 

күнделігі», 

«Жетісу 

Ресей 


империясының  құрамында»  және 

«Қазақ  хандығы»  монографиялары 

т.б. бар. 

  (Басы 1-бетте)

ҰЛЫ ДАЛА ӨСИЕТІ

    Бүкіл түркі халқы үшін қызыл қанымды жүгірттім, түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым, төрт бұрыштағы 

халықтың бәрін бейбіт еттім: бастыны еңкейттім, тізеліні бүктірдім!

ТОНЫКӨК,

Шығыс Түрік қағанатының негізін қалаушы



ТАРМПИ LIFE

4

Институтта мектеп оқушылары арасындағы I облыстық зияткерлік ойындары 

өтті

НYРЛЫ


НYРЛЫ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫК ИНСТИТУТЫ

ЖОЛ


ЖОЛ

№ 3 (03)

30 қараша, 2015 

жыл

дүйсенбі

ТАРМПИДА

Елу 

жылдық 

тарихы бар 

Тараз мемлекеттік 

педагогикалық 

институты ұстаздардың 

ұстаханасы атанған оқу орны. 

Бәсекеге қабілетті, білімді 

һәм заманға сай бейімделген 

маман даярлау басты мақсаты 

болып табылатын институтта 

көптеген игілікті істер 

атқарылып жатқаны көзі 

қарақты көпшілікке белгілі. 

Біз бүгін білім ордасындағы 

10 оң өзгерісті 

назарларыңызға 

ұсынып отырмыз. 

2014-2015  оқу  жылында  сыртқы  тексеру  және  БСҚА 

сарапшыларының  арнайы  халықаралық  мамандандырылған 

тексеру  қорытындысына  сәйкес  «Білім»  берудің  халықаралық 

стандартқа сәйкес бағыты бойынша ТарМПИ-ге бакалавриаттың 

12  мамандығы  мамандандырылған  аккредитациядан  өткені 

туралы куәлік берілді. Сондай-ақ институт ғалымдары 3 гранттық 

жоба иегері атанды. Білім беру саласын сапамен қамтамасыз ету 

жөніндегі  тәуелсіз  қазақстандық  агенттіктің  рейтингі  бойынша 

ТарМПИ  Қазақстан  Республикасындағы  педагогикалық  жоғары 

оқу  орындарының  үздік  үштігінің  сапына  енді.  Ал,  «Тарих» 

мамандығы  бойынша  екінші  орынды  иемденді.  «Сарапшы 

сауалнамасы»  және  «Жұмыс  беруші  сауалнамасы»  рейтингі 

бойынша ең жоғары межені көрсетті.  




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет