3 1Сактандыргыш клапаны



бет6/7
Дата08.03.2022
өлшемі127,74 Kb.
#27240
1   2   3   4   5   6   7
Қорытынды

Клапан ашылған кезде, серіппесінің кысымы артып, таяныш шайбасы арқылы дискілі серіппені түзетеді де серіппенің ішкі жиегі корпустың иінінен кері кетеді. Клапан серіппесі щарикке тіреліп барлык кысымды соған беретіндіктен шариктер корпустың жырашығының түбіне қарай ығысып дискілі серіппені бұрылуға мәжбүр етеді және сонымен бірге клапан серіппесінің тая­ныш шайбасы да, клапан да қоса айналады. Клапан кайта жабылған кезде барлык бөлшектер бастапкы қалпына келеді.

Клапан серіппесі клапанды өз үясына тығыз жабу үшін кызмет етеді. Сонымен бірге серіппе клапанның күйентеден ажырамауымен оның белгіленген ашылу уакытын камтамасыз ету үшін керек. Серіппе серпімді болат сымнан жасалып, жұмыс кезінде пайда болған дірілді (вибрацияны) болғызбау үшін орамдарының қадам аралығы өзгеріп отырады. Серіппенің бір ұшы цилиндрлер қалпақшасының үстіндегі шайбаға тіреліп, екінші ұшы таяныш шайбасы арқылы клапанның стерженіне бекітіледі. Шайбаны клапанның стерженіне кигізілген екі бөлек конус тәрізді сухарь ұстап тұрса, ал өзі ішкі бетіндегі қырымен клапан стерженінің кертігіне тіреліп тұрады.

Клапан қалпақшасы ершікке толық жабылуы үшін, клапан стержені мен күйентенің ұшы (винті) арасына немесе түрткіш бұрандасы арасына қажетті анықталған жылу саңылауы керек. Клапандарда жылу саңылаулары олар қатты қызғанда, желініп кеткенде және реттеулері бұзылғанда өзгереді. Егерде клапандарда жылу саңылаулары көп болса, онда олар толық ашылмайды, соның әсерінен цилиндрлерге жанғыш қоспаны толтыру мен пайдаланылған газдарды шығару төмендейді, сонымен бірге клапан механизмдерінің соқылы салмақты жұмыс істеуі артады. Егер клапандарда жылу саңылаулары жеткіліксіз болса, онда олар ершікке толық орнықпайды, соның әсерінен газдардың шығуы болып, ершік пен клапанның жұмыстық беттері күйіп, күйе орнауы мүмкін. Клапандардың толық орнықпауының салдарынан сығылу ырғағының кезінде жұмыстық қоспа шығару құбырына еніп кетуі мүмкін, ал ұлғаю ырғағы кезінде жоғарғы температурадағы газдардың жіберу құбырларына еніп кетеді, соның әсерінен бұл құбырларда тарсыл пайда болады немесе алдын – ала тұтану болады, бұл клапандардың толық жабылмай тұрғандығын білдіреді. Клапандардың қалпақшаларының ершікке толық жабылуы үшін күйенте ұшы 17 мен клапан стерженінің 2 арасында (таратқыш біліктің төмен орналасу қозғалтқыштарында ЗиЛ, КамАЗ, ЗМЗ) немесе клапан жетегінің рычагі 3 мен таратқыш біліктің жұдырықшасының арасында (таратқыш білік жоғары орналасқан қозғалтқыштарда ВАЗ-2105, - 2107) жылу саңылаулары реттеледі.ВАЗ (артқы жетекті) автомобильдердің қозғалтқыштарында жылу саңылауларының өлшемі 0,15 мм жіберу мен шығару клапандарына бірдей болады. Оларды қозғалтқыштың салқын кезінде реттегенде контрсомынды 6 босатып, реттеуіш бұранданы 5 бұрайды, көрсетілген өлшемді рычаг 3 пен жұдырықша 4 арасына өлшеп реттейді.Алдыңғыжетекті ВАЗ – 2108 «Спутник», ВАЗ – 2109 автомобиль қозғалтқыштарында таратқыш біліктің жұдырықшасы мен реттеуіш шайбалардың арасында 0,2±0,05 мм өлшемі жіберу клапандары үшін, 0,35 ±0,05 мм өлшемі шығару клапандары үшін жылу саңылауы h реттеледі. Реттеуіш шайбалардың жиынтығы 3 мм – ден 4,25 мм – ге дейін қалыңдығы 0,05 мм аралығында болады. Шайбалардың қалыңдығы оның беткі жағына белгіленеді.



Бұл жіберу мен шығару ырғақтарына аз уақыт бөлінетіндігіне байланысты, және қозғалтқыштың иінді білігінің максималды айналу жиілігінде мыңнан бір бөлігіндейді құрайды. Содықтан егерде калапандардың ашылуы мен жабылуы шектік нүктелерге тура келгенде орындалатын болса, онда цилиндрлерді жанғыш қоспамен толтыру және жанған газдарды шығару толық жүргізіліп үлгерілмейді. Содықтан төрт ырғақты қозғалтқыштарда клапандардың ашылу мен жабылу моменттері пошеньнің Ж.Ш.Н. немесе Т.Ш.Н. байланысты ертерек немесе кешігіңкіреп белгіленіп орындалады. Газ тарату фазасының жалпы дөңгелек диаграммасында көрсетілгендей, енгізу ырғағы кезінде енгізу клапаны 1 поршеньнің Ж.Ш.Н. жақындағанынан бастап ертерек ашыла бастайды. Жіберу клапанының ертерек ашылу бұрышы α әртүрлі қозғалтқыштардың модельдерінде 10 – 32о бұрыш аралығында болады. Жіберу клапанының жабылуы кешігіңкіреп поршеньнің Т.Ш.Н. өткеннен кейін сығылу ырғағы кезінде жабылады. Жіберу клапанының кешігіңкіреп жабылу бұрышы βқозғалтқыштардың модельдерінде 40 – 85о бұрыш аралығында болады. Шығару клапаны 2 поршеньнің Т.Ш.Н. жетпей жұмыстық жүріс кезінде ашыла бастайды. Шығару клапанының ертерек ашылу бұрышы γ әртүрлі қозғалтқыштардың модельдерінде 40 – 70обұрыш аралығында болады. Шығару клапанының жабылуы кешігіңкіреп поршеньнің Ж.Ш.Н. өткеннен кейін жіберу ырғағы кезінде жабылады. Жіберу клапанының кешігіңкіреп жабылу бұрышы δқозғалтқыштардың модельдерінде 10 – 50о бұрыш аралығында болады. Клапандардың ашылу бұрыштықтарының ертерек немесе кешірек болу уақытын көбірек жасауы, қозғалтқыштың максималды қуаттылығын арттырған кезде иінді біліктің айналу жиілігі де жоғарылауына байланысты болады. Газ тарату механизмінің тістегеріштерін белгілерімен орналастыру немесе цилиндрлер блогының арнайы қиылысындағы белгіге жетекші жұлдызшаның (ВАЗ қозғалтқышында) белгісін қарама – қарсы орналастырғанда дұрыс болады. Жалпы диаграммада көрсетілгендей белгіленген уақыт мерзімінде жіберу мен шығару клапандары бірдей ашық болады. Иінді біліктің айналуы бұрыштық аралықтары α + δкезінде екі клапандардыңашылуы,клапандардың қосарланып ашылуыдеп аталады, бұл өз уақытында және сапалы түрде цилиндрлерді жанған қоспалардан тазарту үшін қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет