3 1Сактандыргыш клапаны



бет1/7
Дата08.03.2022
өлшемі127,74 Kb.
#27240
  1   2   3   4   5   6   7

Мазмұны

Кіріспе................................................................................................................3

1Сактандыргыш клапаны............................................................................4

1.1Сақтандырғыш клапан түрлері.............................................................4

1.2 Сақтандырғыш әрекет принципі бойынша.......................................6

2.Сақтандырғыш клапан айырмашылығы..............................................9

2.1Сақтандырғыш клапан дизайндағы айырмашылықтар....................12

Қорытынды........................................................................................................14

Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................15

Кіріспе

Клапандар.Цилиндрлерге жалғанатын қоректендіру жүйесінің газ құбырлары,енгізу мен шығаруканалдарының ашылып жабылуы клапандардың көмегімен атқарылады. Клапан біріне-бірі жалғасқан жазық қалпақшадан 16, стерженьнен 1 тұрады. Цилиндрлерді жанғыш қоспамен жақсылап толтыру үшін жіберу капанының қалпақшасының диаметрі шығару клапанының диаметріне қарағанда әлденеше үлкен жасалады. Клапандардың жоғары температурада жұмыс істеуіне байланысты, оларды жоғары сапалы болаттардан дайындайды. Жіберу клапанын хромды болаттан, шығару клапанын ыстыққа төзімді болаттан жасайды, өйіткені ол ыстық пайдаланылған газдармен жанасып, 600 – 800о С температураға дейін қыздырылады. Клапандардың жоғары температурада қыздырылуы, цилиндрлер қалпақшасына арнайы ыстыққа төзімді шойыннан құйма – ершік 15 қоюға мәжбүр етеді. Құйма – ершіктерді пайдалану цилиндрлер қалпақшасының жұмыстық қызметін арттырады. Клапандардың қалпақшасының ершікке тығыздалып жабылуы үшін, оның жұмыстық бетін мұқият өңдеп, 45о немесе 30о бұрыштықта конус тәрізді жасайды. Клапан стержені цилиндр формалы болады. Оларды цилиндр қалпақшасына престеліп салынған шойын немесе металлкерамикалы бағыттауыш төлкеге 2 орналастырады. Стерженьнің шетіне сухариктердің 10 кертігіне арналған цилиндрлі ойық жасалып, серіппенің көмегімен тарелка 9 шайбаның конусты ойығының бетіне қыстырылып тұрады.ЯМЗ, КамАЗ және «Москвич» автомобильдерінің қозғалтқыштарында газ тарату механизмінің жұмыс істеуін жақсарту үшін клапандар ершікке екі серіппемен қысылып тұрады. Мұндай жағдайда серіппелердің бұралу бағыттары әртүрлі жасалады, өйткені серіппелердің біреуі сынатын болса біріне бірінің арасына кіріп, клапан механизмінің тоқтаусыз жұмыс істеуіне кедергі жасамауы тиіс.

Жіберу клапандарының тірек шайбасының астына немесе бағыттаушы төлкесінің үстінгі бөлігіне(ЗиЛ, КамАЗ, ЗМЗ қозғалтқыштарында) резиналы манжета немесе қалпақ кигізіледі, клапандар ашылған кезде, оның стержені мен бағыттауыш төлкесіне тығыз қысылып, төлке мен стержень арасында пайда болған саңылаудан (енгізу ырғағы кезінде) цилиндр ішіне майдың ағуын болдырмайды. Ал, ЗиЛ-130 қозғалтқышының шығару клапандарының(3.6. сурет) бұру механизмі болады. Ол қозғалмай бір орында тұратын корпустан (онын еңкіш жырашығында кері тартылатын серіппе opналастырылған), дискілі серіппеден және құлыпты-сақиналы таяныш шайбалардан тұрады. Механизм клапанның бағыттаушы төлкесімен бірге цилиндрлер бастиегінің ұясына opналасқан. Клапан серіппесі таяныш шайбасына тіреліп тұрады. Клапан жабык кезінде оның серіппесінің кысымы да аз болады. Дискілі серіппенің сыртқы жиегі жоғары қарай майыстырылып, ал ішкі жиегінен тұрқының иініне тіреледі. Бұл кезде шариктер серіппенің кысымымен өзінің шеткі орнына қысылып тұрады.

Клапан ашылған кезде, серіппесінің кысымы артып, таяныш шайбасы арқылы дискілі серіппені түзетеді де серіппенің ішкі жиегі корпустың иінінен кері кетеді. Клапан серіппесі щарикке тіреліп барлык кысымды соған беретіндіктен шариктер корпустың жырашығының түбіне қарай ығысып дискілі серіппені бұрылуға мәжбүр етеді және сонымен бірге клапан серіппесінің тая­ныш шайбасы да, клапан да қоса айналады. Клапан кайта жабылған кезде барлык бөлшектер бастапкы қалпына келеді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет