№3-4 дәріс Педагогиканың пайда болуы мен дамуы



бет5/5
Дата27.09.2023
өлшемі159,75 Kb.
#110710
1   2   3   4   5
Байланысты:
3-4-лекция

Оныншы кезең
1990 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кезең оқытудағы педагогикалық технологиялары, соның ішінде ақпараттық-коммуникативті технологияны және тұлға-бағдарлық білімді беруді енгізу мәселелеріне қатысты қызығушылықтардың туындауымен сипатталады. Педагогикалық инновацияның, педагогикалық мониторингтің, менеджменттің теориялық негіздері зерттелінді. Бұл сұрақтарды зерттеуде Ю.А. Конаржевский (1990 ж.), Т.И. Шамова (1991 ж.), М.М. Поташник (1992 ж.), Л.С. Подымова (1995 ж.), М.В. Кларин (1995 ж.), Г.К. Селевко (1998 ж.), В.П. Беспалько (1998 ж.), Е.В. Бондаревская (2000 ж.), И.С. Якиманская (2000 ж.) және тағы басқа ғалымдар зор үлесін қосты
Қазақстандық педагогиканың даму жолы ерекше болып келеді. Қазақстандық педагогика ғылымының дамуындағы алты кезеңді шартты түрде атап айтуға болады
Бірінші кезеңтәрбиелік ойлар жазылған эпос пен жырлардағы, ертегілердегі халықтың ауызекі өнерімен, қазақтың салт-дәстүрімен байланысты
Екінші кезеңШығыс Ренессанс дәуірі деп аталып кеткен шығыс мәдениетінің қалыптасу кезеңімен байланысады. Себебі еуропалық Қайта өрлеуге дейін араб-мұсылман ғалымдары антика дәуірінің рухани мұрасын түбегейлі зерттеп, өзіндік гуманистік әлемдік көзқарасын қалыптастырды.
Қазақ халқының педагогикалық көзқарастарының қалыптасуына Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950), Әбу Әли Хусейн ибн Абдаллах Синаның (980-1037), Әбу Рейхан Мухаммед аль-Бирунидің (970-1048), Әбу Хамида аль-Газалидің (1056-1111), Насэреддин Тусидің (1202-1273) және т.б. тәрбие және білім беру жайлы еңбектері зор ықпал етті. Алайда ғалым-энциклопедистердің тәрбие және білім жайлы құнды педагогикалық ойлары біртұтас жүйеге келтірілмеген еді
Үшінші кезең – қазақстандық педагогиканың дамуына үлкен үлес қосқан танымал философтардың, ғалымдардың, ақындардың, жазушылардың, ағартушылардың атымен байланыстырылады, атап айтсақ, Ш. Уәлиханов (1883-1865), Ы. Алтынсарин (1841-1889), А. Құнанбаев (1845-1904), С. Торайғыров (1893-1920), Ш. Құдайбердиев (1858-1931) және тағы басқалар. Олардың тәрбие және білім беру жөніндегі ойлары, идеялары отандық педагогиканың дамуындағы аса маңызды құндылықтар болды. Мысалы, Ы. Алтынсарин қазақ мектебінің негізін қалаушы, ол бірінші болып «Қазақ хрестоматиясын» (1879 ж.), «Қазақтарды орыс тілге үйретудегі бастапқы басшылық» (1879 ж.) атты қазақ оқулықтарын жазған. Ы. Алтынсариннің басшылығымен алғашқы қазақ мектептері мен училищелері ашылды.
Төртінші кезең – дарынды оқытушы-педагогтар А. Байтұрсыновтың (1873-1937), Ж. Аймауытовтың (1889-1931), М. Дулатовтың (1885-1935), М. Жұмабаевтың (1893-1938), К. Жұбановтың (1899-1938), Х. Досмұхамедовтың (1883-1938), Е. Омаровтың (1892-1937), К. Кемеңгеровтың (1896-1937), Ш. Әлжановтың (1901-1938) аттарымен байланысты. Мысалы, М. Жұмабаевтың «Педагогика», Ж. Аймауытовтың «Дидактика», «Психология», «Тәрбиеге көмекші», «Жан жүйесі және өнер таңдау», «Комплексті оқыту жолдары» секілді еңбектері көпке дейін педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің негізгі оқу құралдары болып келді. Ш. Әлжанов бірінші боп педагогиканың және психологияның мәселелерін сабақтастыра зерттеп, жоғары оқу орындарында сабақ беру әдістемесін ғылыми тұрғыдан дәлелдеді.
Бесінші кезең – 1937 жылдан 1989 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Қазақстандық педагогика кеңес педагогикасының жүйесінде дамыды. Бұл кезеңде оқушылар ұжымының қалыптасуы, жанұя мен мектептің арақатынасы, бағдарламалау және проблемалық оқыту, оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендендіру және т.б. мәселелер зерттелді. Осы кезеңде педагогика дамуына үлес қосқандар С. Қожахметов (1910-1945), С. Аманжолов (1903-1958), Т. Тәжібаев (1910-1964), Қ. Бержанов (1924-1976), Ә. Сембаев (1905-1989) және т.б.
Алтыншы кезең 1990 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезең. КСРО-ның құлауынан кейін, педагогикалық ғылым біртұтас кеңес ғылым ретіндегі дәрежесін жоғалтып, тәуелсіз мемлекеттер достастығы өзіндік отандық ғылымның қалыптасуында жұмыс атқарды. Отандық педагогика белсенді түрде білімнің стандартталуы мен ақпараттануы, педагогикалық технологияларды енгізу арқылы мектептегі оқу мен тәрбие туралы мәселелерді зерттеу үстінде.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА

РАХМЕТ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет