3-4 I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі


Ғалым Мұратбаева Индира Сылбайқызы «Қазіргі қазақ және орыс тілдеріндегі метафораланған терминдердің семантикасы»2002ж



бет61/67
Дата17.03.2023
өлшемі177,14 Kb.
#75120
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   67
Байланысты:
stud.kz-70933

Ғалым Мұратбаева Индира Сылбайқызы «Қазіргі қазақ және орыс тілдеріндегі метафораланған терминдердің семантикасы»2002ж атты диссертациясының авторефератында метафораға былайша анықтама береді. «Метафора образды құрастыра отырып, санамен қабылданатын жаңа мағына туындатады. Табиғи тіл образдан мағынаны бөліп айыра алады. Метафоралық процестің ең соңғы нәтижелерінде тілдік категориялар туындайды.
Метафораны ғылымда, ғылым тілінде қолдану туралы ғалымдардың көзқарастары қарама-қарсы екі жаққа бөлініп отыр. Метафора тура және дәл мағынада қолданылатын, ал образ тиімсіз және қолайсыз мағынаны беру тәсілі деп қарастырды. Метафора болмысын жан-жақты ғылым тілімен байланыстыра келе ұғымға мынадай анықтама береміз: метафора –бір атауда аталатын обьектілердің ортақ ұқсатығы немесе күрделі ассоциация бойынша екніші обьектіге ауыстыру, атауды жаңа ауыспалы мағынада қолдануға бағытталған троп түрі, құбылыстың, процестің обьектінің басқа обьектіге қасиеттерін,белгілерін ауыстыратын сөз, сонымен бірге жаңа ұғымды таңбалайтын танымдық құрал. »
Ғалым Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы 2002ж «З. Шүкіровтың поэзиялық шығармаларындағы метафоралық қолданыстар» атты диссертациясының авторефератында метафораларға мынандай анықтама береді. «Метафора зат, құбылыс, оның белгілерінің ассоциациялануы, байланысуы арқылы жасалып, ойдың дамуына, семантикалық процеске серпіліс береді. Ол –заттардың адам байқамайтын қасиеттерін байқауға көмектеседі. Сол арқылы адамның ойлау дүниесінде күтпеген батыл ассоциациялар жасалады. Дәстүрлі метафоралардың мағынасы халықтың таным-түсінігі, ой-өрісі, тіршілігі мен тұрмысына байланысты. Олар –мағынасы көпшілікке түсінікті, жиі қолданысқа түсетін бейнелі метафоралар. Дәстүрлі метафораның авторы жоқ. Олар –мақал-мәтелдер тәрізді халық қазынасы. Дәстүрлі метафоралар сөз айшығы ретніде тілде тұрақты қолданылады. Бірте-бірте дәстүрлі метафоралардың бейнелілік қасиеті солғындап, күңгірттенеді. »
Ғалым Зайсанбаева Гүлнәр Ниғметқызы «Метафоралы аталымдардың когнитивтік аспектісі» 2004ж атты диссертациясының авторефератында метафоралардың қызметі баяндалады. Метафоралануда заттар мен құбылыс атауларымен қоса қимыл-әрекеттің де тілдік бірліктердің жасалуында белсенділігі байқалады. Қимыл –әрекет атаулары өзі көбінесе метафоралы жасалып барып заттық атауларға ауысып жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет