3-4 I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі



бет1/67
Дата17.03.2023
өлшемі177,14 Kb.
#75120
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
stud.kz-70933




Курстық жұмыс


Тақырыбы:Сәкен Жүнісов «Жапандағы жалғыз үй» романынының лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Мазмұны


Кіріспе..................................................................................................................3-4
I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі..................................................5-11
1.1. Соматикалық фразеологизмдер.................................................................12-17
1.2. Зооморфтық фразеологизмдер ....................................................................18-19
1.3. Сандық (нумеративтік) фразеологизмдер ................................................20-21
1.4. Түр –түстік және сындық фразеологизмдер...............................................22-25
1.5.Шығарма тіліндегі антоним, синоним, омоним сөздердің қолданыс ерекшелігі............................................................................................................26-52
ІІ. Шығармадағы көркемдегіш-бейнелеуіш тәсілдердің қолданысы
2.1. Теңеу...............................................................................................................53-60
2.2. Эпитет.............................................................................................................61-65
2.3. Портрет...........................................................................................................66-68
2.4.Мақал-мәтел, кірме сөздер, көнерген сөздердің қолданысы.....................69-89
2.5.Метафора, метонимия,синекдоха................................................................90-97
Қорытынды...........................................................................................................98
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................99-100


Кіріспе
Лексикология – сөз байлығын қарастыратын тіл білімінің бір саласы. Тілімізде қанша сөз болса, солардың тұтас жиынтығы лексика немесе сөздік құрам делінеді. Лексикология тілдің сөздік құрамын тексеретін ғылым болып табылады.
Лексикологияның зерттейтін обьектісі-сөз. Белгілі бір заттың, оқиға, құбылыстың қимыл, түр-түстің және тағы да басқа ұғымның атауын сөз дейміз.Сөз белгілі бір тілде сөйлеуші халықтың барлығына бірдей ортақ түсінікті болып табылады. Адам өзі түсінген, таныған заттарына, ұғымдарына, атау тағады, оны күнделікті тұрмыста қарым-қатына жасау, пікір алысу үшін қолданады.
Сөздердің мағынасын, оның жалпы лексикалық жүйедегі алатын орнын, шығу төркінін, қолдану қабілетін, күнделікті қарым-қатынастағы көрінісін, түрлі стильдік мәні мен сипатын тексеретін ғылымды бір сөзбен лексикология дейді. Лексикология сөздерді тілдің қазіргі даму тұрғысынан да, сонымен бірге өткен тарихымен тығыз байланыстыра отырып та зерттейді.
Қазақ тіл білімінің лексикология саласы 1950 жылдан бастап зерттеліп, осы салада көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді. Қазақ лексикасының диахронды-синхронды жай-күйі қазақ тіл білімінде тілші ғалымдар І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, Ғ.Мұсабаев, К.Аханов, Ә.Болғанбаев, Р.Сыздық, Т.Жанұзақов, Ғ.Қалиев, Б.Хасанов, К.Хұсайын, Б.Қалиев, Н.Уәлиев, Ф.Оразбаева, Ж.Манкеева тағы басқа ғалымдардың еңбектеріне негіз болғандығы белгілі.
Лексикология сөздерді тілдің қазіргі даму тұрғысынан қарастыра отырып, әр халықтың өткен тарихымен де байланыстырады. Нақтылып айтқанда, тіл құбылыстарын диахронды және синхронды тұрғыдан зерттейді. Лексикология тіл білімінің фонетика, грамматика, сияқты салаларымен тығыз байланысты.
Сөз байлығы лексика қарастыратын негізгі және күрделі единица. Тілдің сөз байлығына тұрақты тіркестер де жатады. Бұлар замандар бойы біртіндеп туып қалыптасқан, ұзақ дамудың жемісі. Сондықтан лексиканы зерттеу сөздік құрамды тұтас алғанда бір бүтін система деп қарауды міндеттейді. Яғни лексикология жекелеген сөздер тобын емес, тілді қалыптасқан лексикалық жүйесі тұрғысынан қарайды. Тілдің қаншалықты дамып жетілгендігі сөздік құрамдағы сөздердің санымен де, мәнімен (көп мағыналығымен) да өлшенеді. Сөздік құрам неғұрлым бай болса, тіл де соншалықты дамыған болады. Бүгінгі қазақ тілі сөз байлығы жағынан дамыған тілдердің қатарына жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет