3-4 жастағы балалардың жас ерекшеліктері


бәрін керісінше жасағаны өзіне ұнады. 3-4 жаста ол алғаш рет өз тілегіне



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата03.11.2023
өлшемі0,87 Mb.
#121561
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
3-4 жастағы балалардың жас ерекшеліктері

бәрін керісінше жасағаны өзіне ұнады. 3-4 жаста ол алғаш рет өз тілегіне
қарсы тұра алатындай қабілетке ие болды. Бала мінез-құлқы бұл
тілектері басқа үлкен адамдармен қарым-қатынас негізінде
қалыптасады. 3-4 жастағы дағдарыстың екінші сипаттамасы қырсықтық
3


(упрямство). Баланың бұл реакциясы оның бір нәрсені талап етіп, өте
қатты керек еткендігінен емес, оның үлкендерге бұл жөнінде өзі айтып,
оның да пікірімен санасуын талап етуінен туындайды. Қырсықтық бала
тілегіне қол жеткізетін табандылық емес. Қырсық бала өзіне аса керек
емес немесе мүлдем керек емес нәрселерді талап етеді. Мысалы, баланы
үйге шақырса, ол велосипед жүргізетіндігін айтып, ауланы айналып жүре
береді. Өтпелі кезеңде бала мінезінде «бірбеткейлік» пайда болуы
мүмкін. Бала өз тілектерін айтып, талап етуге тырысады, басқалардың
орындағаны мен ұсынғандарына көңілі толмайды. Бірбеткейлік
тенденциясы балада анық көріне бастайды. Бала барлығын өзі орындап,
өзі шешкісі келеді. Бұл дербестік жақсы көрініс, бірақ, дағдарыс кезінде
бірбеткейлік шамадан тыс еркіндікке алып келеді. Бұл көбінесе бала
қабілетімен теңеспейді де, үлкендермен дау-дамайға әкеп соқтырады.
Кейбір балалар үлкендермен жиі дау-дамайға түсіп, олар әрдайым
үлкендермен соғысып жүргендей күйде болады. Баласы бар отбасында
деспотизм пайда болуы мүмкін. Бала айналасындағы үлкендерге өз
билігін жүргізе бастайды, нені жеп, не жемейтіндігін өзі шешетіндігін
білдіреді. Егер отбасында бірнеше бала болса, деспотизм орнына
қызғаныш пайда болады: биліктің сол тенденциясы бұл жерде баска
балаларга деген қызганыш, шыдамсыздық танытады. 3-4 жастағы
дағдарыстың қызықты тағы бір түрі – құнсыздану (обесценения). Балаға


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет