3-4 жастағы балалардың жас ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата03.11.2023
өлшемі0,87 Mb.
#121561
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
3-4 жастағы балалардың жас ерекшеліктері



Психолог кеңестері: 3-4 жастағы балалардың жас
ерекшеліктері 
1. 3-4 жастағы балалардың жас ерекшеліктері
3-4 жаста балада нақты және саналы қызығушылық біліне бастайды.
Сонымен қатар бұл жас баланың эмоциялық көңіл-күйінің қарқынды
дамуымен сипатталатын кезеңі. Бұл шақта баланың танымдық
қызығушылығы белсенді болады. 3-4 жаста бала тік жүруге
дағдыланады, заттың іс-әрекеттерін және тілді меңгереді, сонымен
қатар оның психикалық дамуында да үлкен өзгерістер болады. Бұл
жаста балада заттар әлеміне жаңа қарым-қатынасы дамиды. Заттар бала
үшін айла-амал үшін ыңғайлы объект болып қана қоймай, нақты қолдану
тәсілі бар зат болады. Бала осы шақта жаңа іс-әрекеттерді - сурет салу,
жабыстыру, кұрастыру, мүсіндеуді игереді. Осы әрекеттерді игеру
барысында балада белсенді сөйлеу қоры қалыптасады. Тілді сезіну және
ой арқылы қорыту пайда болады. Ойын және заттық іс-әрекетте белсенді
сөйлеудің қалыптасуы баланың барлық психикалық дамуының негізі
болып табылады. 3-4 жаста бала барлық негізгі дыбыстарды меңгереді
және сөзді түсіну және айтып беру қабілеті пайда болады. Бала
қоршаған заттарға байланысты сөздерді айтып беріп, оңай түсіндіреді.
Мазмұнды әңгімеде немесе ертегілерде бала түсінбейтін жағдайлар
кездесе, бала оның себебін сұрауға бейім болады. Біртіндеп белсенді
сөздік қоры дами бастайды. Бала өздеріне түсініксіз заттар мен
құбылыстардың қалай пайда болу себептерін үлкендерге көптеген
сұрақтар қою арқылы білгісі келеді. Үлкендерден алған жауабы
баланың көңілінен шықпаса, бала сол сұрақты біренеше рет қоюдан
жалықпайды. 3-4 жаста балада алғашқы сөз тіркестері пайда бола
бастайды. 3 жаста баланың белсенді сөздік қоры 1000-1500 сөзге


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет