3-6 бет 1-бөлім. Математикалық материалдарды оқушылардың қанай мөлшерде меңгергендігін есепке алу ісінің мақсаты



бет1/13
Дата09.02.2023
өлшемі272 Kb.
#66411
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Білім тексеру критериалды түрде


Мазмұны


Кіріспе............................................................................................................3-6 бет
1-бөлім. Математикалық материалдарды оқушылардың қанай мөлшерде меңгергендігін есепке алу ісінің мақсаты.
1.1. Есепке алу ісіне қойылатын талаптар.............................................7-10 бет
1.2. Оқушылар білімін тексерудің түрлері...........................................11-15 бет
2-бөлім. Оқушылар білімдерін тексеру жолдарының жүргізілуі
2.1. Оқушылар білімінің сапасын анықтап, бағалау нормалары........15-27 бет
2.2. Математикада жаңа технология көмегімен білімділік, біліктілік,
дағдыларды қалыптастырып және тексеру....................................28-32 бет
Қосымша...................................................................................................33-37 бет
Қорытынды..............................................................................................38-39 бет
Пайдаланған әдебиеттер............................................................................40 бет


Кіріспе
Қоғамда туындап жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сәйкес білім беру мақсаты мен міндеттері әлемдік адами даму деңгейіне сәйкес келетін белгілі бір біліммен оқушыларды қаруландыруды және олардың ұлттық сана – сезімін тәрбиелеуді көздейді . Жеке тұлғаны қалыптастырудың әрбір сатысындағы білім беру мазмұнының бірлігін қамтамасыз ету қоғам қажеттілігінен туындап отырған мектеп білім беру мазмұнын жаңартудың басты принциптері – пәнаралық және пәнішілік байланысты іске асыру негізінде ғылымдардың өзара байланысын (оның кіріктілігі мен саралануы) ескеру оқыту мен дамытудың политехникалық бағыттылығы арасында өзара байланысын іске асыру , оқушыларға қоршаған орта жөніндегі білім беру , оқушыларды табиғатқа саналы түрде жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу , олардың күнделікті іс - әрекеттерінде табиғатты қорғау біліктері мен дағдыларын қалыптастыруды қарастыратын экологиялық білім беру және т.б. Бұл принциптер оқытуды ізгілендірудің негізгі бағыттары болып табылады . Жеке тұлға динамикасының аспектілерінің бірі болып саналатын оқу әрекеті – оқушының білімді саналылықпен , ой-өрісі мен қабілеттерінің өсіп , жетілуінің маңызды шарты.
Үзіліссіз білім беруде қолданбалы сипаттағы есептер жүйесі оқушыларға негізгі математикалық ұғымдарды меңгерту мақсатында ғана емес , олардың жалпы білімдерін тереңдете отырып тәрбие беру мақсатында пайдаланылу қажет . Мұндай есептер оқушылардың ойларын дамытып , функционалдық тәуелділік идеясын барынша терең меңгертіп , есептеу мәдениеттерін көтеріп, қолданбалы біліммен , практикалық білік пен дағдылармен қаруландырады.
Осы тұрғыда үзіліссіз математикалық білім беруде пайдаланатын қолданбалы сипаттағы есептер жүйесімен жетілдірудің басты ерекшеліктері:

  • Математикалық білім берудің мақсаты мен міндеттерін іске асыруға

  • бағытталған практикалық әрекет пен үзіліссіз білім беруде пайдаланылатын қолданбалы сипаттағы есептер мазсұнының арасындағы бірлікті, осы есептердің мазмұнын жаңартуды экологиялық , республикалық , ұлттық-аймақтық

материалдарды пайдалану арқылы асыруда жүйелілік үздіксіздік, пәнаралық принциптерді басшылыққа алу;

  • Математика сабақтарында экологиялық білім мен тәрбие беру, көбінесе, табиғаттағы тиімді пайдалану идеясын және экологиялық мәселелердің әлемдік мәнін сипаттайтынын ескеру;

  • Қоғам талабына сай білім беруде математикалық білімнің адамның қоршаған ортада, мәдени құндылықтар айдынында еркін бағдарлай алуына , әр түрлі ақпарлар ағынында өзіндік баға бере алуына мүмкіндік беретін маңызды құрал екендігінің ескерілуі.

Мұндай жетілдіру математикалық білімнің сапасы мен оның күнделікті өмірдегі қолданылып, сабақ тиімділігін арттыруға , табиғатты негізгі байлық деп түсінуге көмектесетін экологиялық , экономикалық білім мен тәрбие беруге, яғни математикалық білім беруді ізгілендіруге мүмкіндік береді.
Есептердің жүйесін жетілдірудің жетекші бағыттары:
а) есеп мазмұнындағы ақпараттардың жаңалығы;
ә) пәнаралық байланыстың сақталуы;
б) есеп мазмұнының оқушыны қызықтыратындай болуы, яғни есеп мазмұнына пайдаланған материалдардың оқушы өміріне етене жақындығы;
в) есептердің қолданбалы бағыттылығы , олардың өмірде өзіндік мәнділігі;
г) есеп мазмұнының тәрбиелік маңыздылығы (әсіресе, экологиялық, экономикалық тәрбие беру жағынан).

  • Математиканың нақты тақырыптарының мүмкіндіктерін ескеру;

  • Таңдап алынған немесе құрастырылған есептердің орындылығын айқындау ;

  • Есептердің бұрынғы өтілген материалға сүйенетін жағдайдағы және алдағы уақытта қарастырылатын байланыстарын анықтау және т.б. талаптар тұрғысынан жоспарланған математикалық білімнің қалыптасу процесін сипаттайды.Математика пәнінің білім мазмұныныдағы қызметін танытуға ерекше көңіл бөле отырып , математика сабақтарында оқушылардың ойлау

және сөйлеу қабілеттерін бірлікте дамыту.

  • Теориялық материалдарды оқушылардың практикалық дағдыларының негізгі ретінде пайдаланып , оқушыларға математиканың танымдық, білімдік қызметтерін бірлікте меңгерту және математикалық білімнің қоғамдық- әлеуметтік мәнін ұғындыру арқылы дүниетанымын көбейту.

  • Оқушылардың ұлттық санасын қалыптастыруға қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімдерін дамытуға ықпал ету.

  • Математикалық білім беруде қолданбалы сипаттағы есептер жүйесі және оны пайдалану әдістемесі.

  • Оқушылардың алған математикалық білімдерінің сапасын арттыруға және оларды практикаға қолдана алу біліктерін қалыптастыруға.

  • Оқушыларға білім бере отырып тәрбиелеуге (экономикалық, экологиялық, ұлттық және т.б.)

  • Оқушылардың өз беттерінше әр түрлі есептеулер жүргізе алуларына оларды әр түрлі ақпараттар ағынына өзіндік талдау жасауға үйретуге.

  • Оқушылардың математикалық білім деңгейлерін көтеруге себептеседі.

Математикада есеп шығаруға ерекше мән берілетіні белгілі. Есептерді шығару іскерлігі – математикалық іс-әрекеттерді жүзеге асырудың ажырамайтын шарты. Есептер болашақ мұғалімдерге математиканы оқытуда олардың атқаратын бес функциясын толық көрсетулері тиіс.
1)Оқыту (оқушыларға математикалық білімдер, іскерліктер мен дағдылар жүйесін қалыптастыру);
2)Дамыту (математикалық ойлауды дамыту);
3)Тәрбиелеу ( танымдық, қызығушылық пен ғылыми дүниетанымды қалыптастыру);
4) Бақылау (оқушылардың оқыған материалдарды меңгертудегі сапаларын тексеру);
5)Әдістемелік есеп шығару процесінің төрт кезеңін бөлу:
а)шартты ұғыну .
ә)шешу жоспарын құру.
б)шешу жоспарын жүзеге асыру.
в)шешуге талдау жасау;
Оқушыларға осы кезеңдерді бөлуді үйрету, бір есепті шығарудың әр түрлі тәсілдеріне әдістемелік түсінік беру. Практикалық сабақтардың басым көпшілігінде әдістемелік функцияларды жүзеге асыруға ұмтылу керек екендігін толық жеткізіп отыру қажет. Математикалық білім берудің тиімділігін арттырудың ең басты мәселесі болып есептер шығару көзделеді . Теорияны практикамен байланыстырып іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік жасау есеп шығарумен шектеледі . Сонымен бірге еліміздің білім саласында жасалған заңдарын, пәнаралық байланыстарды, салуатты да сауатты өмір сүруге деген мақсатпен жұмыс істеу көзделеді . Есеп шығару математика сабағының түйінін шешу деп есептейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет