3 Ағымдық бақылау сұрақтары Жүрек-қантамыр жүйесі



Дата09.04.2023
өлшемі16,06 Kb.
#80765
Байланысты:
№3-22 аралық бақылау сұрақтары (12 саб)


3 Ағымдық бақылау сұрақтары
Жүрек-қантамыр жүйесі

  1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы.

  2. Жүрек камераларының құрылысы. Жүректің клапан аппараты. Құлақшалар құрылысы, қызметі.

  3. Жүрекке кіретін және жүректен шығатын ірі тамырлар. ҚАШ.

  4. Жүрек қабырғаларының құрылысы. Жүрекшелер мен қарыншалар миокардысының құрылысы.

  5. Жүрек жұмысы. Жүректің өткізгіш жүйесі, оның практикалық маңызы.

  6. Жүрекқаптың құрылыс ерекшеліктері, оның топографиясы.

  7. Жүректің негізгі және қосалқы қанмен қамтамасыз етілу қайнар көздері. Жүрек қабырғасында артериялардың тарауы, жүрек қанайналым шеңберлерінің қалыптасуы.

  8. Кіші қанайналым шеңбері тамырлары, жалпы сипаттама, олардың өкпеде таралу заңдылықтары.

  9. Үлкен қанайналым шеңберлерінің тамырлары, жалпы сипаттама, Қолқа, оның бөлімдері: өрлемелі, қолқа доғасы, тармақтары.

  10. Кеуделік қолқа, оның қабырғалық (париеталық) және ағзалық (висцералық) тармақтары, олардың қанмен қамтамасыз ету аймақтары.

  11. Жалпы ұйқы артериясы, топографиясы. Қан кеткенде артерияны басу орны. Сыртқы ұйқы артерия, оның үш топ тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.

  12. Жоғарғы жақсүйек артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.

  13. Ішкі ұйқы артериясы, оның топографиясы, тармақтары. Көз артериясы, оның тармақтары.

  14. Мидың қанмен қамтамасыз етілуі. Виллизий және Захарченко артериялық шеңберлері, олардың практикалық маңызы.

  15. Бұғанаасты артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.

  16. Қолтық артериясы, оның топографиясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.

  17. Иық буыны тұсындағы артериялық анастомоздар, олардың практикалық маңызы.

  18. Иық артериясы, оның топографиясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.

  19. Кәріжілік, шынтақ артериялары, олардың топографиясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.

  20. Шынтақ буынының артериялық торы, оның практикалық маңызы.

  21. Қолбасының қанмен қамтамасыз етілуі, беткей және терең алақан доғаларының қалыптасуы.

  22. Кәріжілік-білезік буынының қанмен қамтамасыз етілуі.

  23. Құрсақтық қолқа; оның жұп висцералық және париеталық тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.

  24. Құрсақтық сабау; топографиясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.

  25. Жоғарғы шажырқай артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.

  26. Төменгі шажырқай артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.

  27. Жалпы және сыртқы мықын артериялары. Алдыңғы құрсақ қабырғасындағы артериялық анастомоздар, олардың практикалық маңызы.

  28. Ішкі мықын артериясы, оның париеталық және висцералық тармақтары.

  29. Сан артериясы; топографиясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.

  30. Ұршық буыны тұсындағы артериялық анастомоздар, олардың практикалық маңызы.

  31. Тақым артериясы, оның топографиясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.

  32. Алдыңғы, артқы асықты жілік артериялары, олардың тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.

  33. Тізе буынының артериялық торы.

  34. Аяқбасының қанмен қамтамасыз етілуі.


А.Б. Аубакиров атындағы адам
анатомия кафедрасының меңгерушісі,
м.ғ.д., профессор А.Ы. Алмабаева

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет