3-апта 5-дәрістің тақырыбы: Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері. Қиысу



Дата09.02.2022
өлшемі17,34 Kb.
#25077
Байланысты:
3-АПТА ДӘРІС


3-АПТА

5-дәрістің тақырыбы: Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері. Қиысу

Дәрістің мақсаты: Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері туралы түсінік беру.Қиыса байланысқанн сөз тіркестері туралы түсінік беру

Қарастырылатын мәселелер:

1.Сөздердің байланысуының аналитикалық және синтетикалық тәсілдері.

2.Сөздердің өзара жалғаулар, шылаулар, орын тәртібі, интонация арқылы байланысу ерекшеліктері.

3.Қиыса байланысу формасы және оның ерекшелігі туралы көзқарастар мен тұжырымдар.



Аналитикалық тәсіл – қазақ тіл білімінде кең тараған. Синтаксистегі көрінісі – интонация, орын тәртібі, шылау.

Интонация амалының синтаксистік тұлғаларды байланыстырып отырудағы қызметі әлдеқайда кең. Интонациялық қызмет синтаксистік компоненттер арасын, яғни құрмалас сөйлем сыңарларын байланыстыруы айқын ашылған. Сондай-ақ, тең дәрежеде тұрған синтаксистік бірліктер бұл байланыс құралына жиі жүгінеді.

Орын тәртібі амалы да барынша белсенді қызмет атқарады. Орын тәртібінің қазақ тілінде жалғаусыз келетін сөзтұлғалар арасында болатындығы орныққан. Ал жалғаусыз, орын тәртібі амалына бағына байланысқан сөздер тобының орналасу реті тұрақты. Олардың орнын ауыстырып айтуға келмейді.

Шылау амалы. Әдетте, шылаудың екі түрі жеке сөзтұлғаларды байланыстырады. Мұндайда, бір жағынан, тең дәрежедегі тілдік бірліктер, екінші жағынан, бір-біріне бағынышты тілдік бірліктер аралығындағы қызмет ескеріледі. Алғашқы жағдайда жалғаулық шылаулар байланыстырады.

Қиысу – сөйлемдегі предикаттық қатынасты білдіретін негізгі тұлғалардың арасындағы басты байланыс формасы. Мұның өзі орайлас байланыс пен предикаттық қатынас заңдылығына негізделеді. Қиысудың грамматикалық көрсеткіші – жіктік жалғау. Сондықтан да, сөйлемнің баяндауышы бастауыштың жақтық және жекелік не көптік мағынасына үйлесе тұлғаланады. Ол баяндауыштың жіктік жалғауынан көрініс табады дегенді алға тартады ғалымдар1. Мәселен, Сүйіндік Бөжей сөзінен тіксініп қап еді (М.Әуезов) деген сөйлемде Сүйіндік тіксініп қап еді тіркесімінің өзара қиыса байланысқа енуі жіктік жалғаудың нөлдік тұлғасымен байланысып тұр. Сондай-ақ, интонация амалы да қиысу байланыс формасын түзуге әкеледі: Көпшіліктің ішінде қатты өскен атаЖұмық (Қ.Жұмаділов). Бірақ елге қызмет көрсетуді бұлайша тым оңайлату өздері үшін тиімсіз (К.Ахметбеков)

Бақылау сұрақтары:

1.Сөздердің байланысуының аналитикалық және синтетикалық тәсілдері дегеніміз не?

2.Сөздердің өзара жалғаулар, шылаулар, орын тәртібі, интонация арқылы байланысу ерекшеліктері қандай?

3.Қиыса байланысу формасы және оның ерекшелігі туралы айтыңыз.


6-дәрістің тақырыбы: Матаса байланысқан сөз тіркестері және олардың құрылымдық-мағыналық ерекшелігі.

Дәрістің мақсаты: Матаса байланысқан сөз тіркестерінің ерекшелігі туралы түсінік беру, байланысудың басқа түрінен айырмашылығын меңгерту.

Қарастырылатын мәселелер:

1.Матаса байланысқан күрделі сөз тіркестері және олардың ерекшелігі. Бағыныңқы сыңары күрделі матаса байланысқан сөз тіркестері.

2.Басыңқы сыңары күрделі матаса байланысқан сөз тіркестері және олардың құрылымдық-мағыналық ерекшелігі

Матасу – анықтауыштық қатынастағы сөзтұлғалардың мағыналық және синтаксистік жағынан үйлесіп келуі. Бұл форманың грамматикалық көрсеткіші – ілік септік пен тәуелдік жалғауы. Бұлардың өзара тығыз байланыста жұмсалатындығын жоғарыда айттық. Мейрамның көзі Ардаққа түсті. Папкасы қолында, жиынға телміре қарап, шеткері тұр (Ғ.Мұстафин) мысалының бірінші сөйлемінде мұндай тұлғаланудан тұрған сөзтіркесімдері берілген. Ал екінші сөйлеміндегі алғашқы сөз (папкасы) ілік жалғаулы сөзтұлғаның контексте жоқ екендігіне қарамастан, оның ойша табылуына көмектеседі. Матасу формасындағы сөзтұлғалар сөйлемішінде орын талғамайды, әрі есім сөз табының кез келгенінен бола береді. Әнеки, солардың бірі – осы үйдің иесі Жәмила апай (К.Сегізбеков). Қараңғы үйдің ішінде ақырын жүріп келе жатқан сұлудың шолпысы сылдырады (М.Әуезов). Күн бүгін тымық, көптің шаңы онша көтерілмей, баяу ұшып басыма қонды (Ғ.Мұстафин).

Матаса байланысқан сөз тіркесі сыңарларының күрделенуі. Бағыныңқы сыңарларының күрделенуі: Зат есім: Жиреншенің атының басы, Заманның ғашықтарының көбі, Шәмшия Игілікованың қабілеті, Ербол ағайдың өлеңі.Сын есім мен зат есім: шыншылдық қабілетінің артуы, узақ ждртуылдың аты. Сан есім мен зат есім: бір-бір үйдің жалғызы. Есімдік пен зат есім: өз елінің тумағы. Кейде осындай құрамды бағыныңқы сыңарлардың негізгі сыңары сын есім, сан есім, есімдік оған түйдектелген басқа сөз таптары арқылы:Әсем екеүміздің кітабымыз, Саят атының бәлсіз, бір мықтының қызы, алты-жеті қыздың улгерімі.Тұрақты тіркес: артығымен орындаудың әсері.Басыңқы сыцардың күрделенуі:Зат есім мен зат есім: Закираның еңбек жолы.Сын есім меи зат есім: Республиканың творчестволық қауымы.Сан есім мен зат есім: баланың бірінші бестігі т.б.Географиялық атаулар мен мекеме, ұйым, көше аттарын айтқанда ілік септіктің көрсеткіші көбіне жасырын келеді. Иелік - меншіктілік мәні көмескіленіп, екі сөз (Каспий теңізі) бір мағыналы атауға айналып, сөйлемнің бір-ақ мүшесі, бір-ақ сыңары болып кетеді.Бір сөздің қайталануы арқылы:Зат есім: түйенің түйесіндей;Сын есім: қызылдың қызылы, әдемінің әдемісі;Сан есім: алпыстың алпысы;Етістік: бағудың да бағуы, күлудің де күлуі;Үстеу: бүгіннің бүгіні.

Бақылау сұрақтары:

1.Матаса байланысқан күрделі сөз тіркестері және олардың ерекшелігі қандай?

2. Бағыныңқы сыңары күрделі матаса байланысқан сөз тіркестеріне мысал келтіріңіз.

3.Басыңқы сыңары күрделі матаса байланысқан сөз тіркестері және олардың құрылымдық-мағыналық ерекшелігі туралы баяндаңыз.





1



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет