3 –апта №5 дәрістің тақырыбы


Балалардың шартты рефлекстері



бет2/4
Дата02.12.2023
өлшемі22,54 Kb.
#132529
түріКонспект
1   2   3   4
Байланысты:
5,6 дәріс

2. Балалардың шартты рефлекстері. Шартты рефлекстер тұқым қуаламайды,тек өмір тәжірибесінің негізінде,сыртқы ортамен байланыстың арқасында пайда болып отырады. Шартты рефлекстер организмнің сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына ьейімдейді.. Балардың шартты рефлекстерін бақылау арқылы олардың миының даму дәрежесін,ақыл-ойының дамуын бақылауға болады.
Шартты рефлекстердің пайда болуы әр адамның жоғары жүйке әрекетнің және жеке басының жүйке жүйелерінің қасиеттеріне байланысты. Әр адамның жүйке жүйесінің тұқым қуалаған жеке қасиеттері мен өмірден алған тәжірибесін ,сыртқы ортадан алған мағұлыматын,мінез-құлықтарын жоғары жүйке әрекетнің топтары деп жинақтайды. И.П.Павлов жоғары жүйке әрекетінің топтарын ми қыртысындағы қозу мен тежелудің негізгі 3 қасиетіне байланысты 4 топқа бөледі. Ол қасиеттер: қозу мен тежелудің күші,теңдігі және алмасуы. Бір адамның өзінде де әр жағдайда түрлі мінез-кұлық көрініп отырады, оны талдауда алғашқы кезде осы адамның типтік өзгешеліктері еске алынады, өйткені, мұндай жағдайларда жүйке жүйесінің түрлі типтерінде көңіл күйі түрліше байқалады. Мәселен, холерикке — көңілдің түсуі, бұрқануы, ал флегматикке — ұстамдылық, меланхоликке — өз күшіне сенімсіздік т.б. тән қасиет.Олай болса осы жағдайлар адамның типтік белгісі болып табылады. Егер адам сыртқы әсерге қалай болса солай қарайтын болса, осы әсердің өзі қандай екенін зерттеу қажет. Мұндайда кездейсоқ реакцияның типтік болып шығуы да ықтимал. Мәселен, флегматиктің ашуы мен эмоциялық күйіп-пісуі ұзақ уақыт ішінде сан рет қайталанған әсерден кейін туса, холерикте осындай жағдай бірден пайда болады. Адамның жабырқауы мен солқылдақтығы да осы тектес болады. Холериктерде бұл ұзақ зорығып жұмыс істеген кездегі қажудан туындаса, меланхоликтерде бұл жайт қарым-қатынас пен өмір жағдайының түбегейлі өзгеріске түскен кезінде немесе қысқа мерзімді күйзеліс үстінде белең береді. Осы айтылғандарды ескеру және білу — адам темпераменттерінің ерекшеліктерін ажырату үшін қажет.
.

6 дәрістің тақырыбы: Жоғарғы жүйке жүйесінің топтары.Темперамент.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет