Тақырыбы:Бас миы гистологиясының жастық ерекшеліктері
Паталогиялық анатомия және гистология кафедрасы
Презентация
Орындаған:Ахметова Гүлсезім
Тобы:ЖМКА-01-22
Қабылдаған:Жумашев С.
Шымкент-2023
Жоспар I.КіріспеНерв жүйесінің дамуы. II.Негізгі бөлім: Балалар бас миының дамуы Балалар бас миының құрылысы мен ерекшеліктері Бас сүйегі мен мидың даму ақаулары III.Қорытынды IV. Пайдаланған әдебиеттер
Бас миы Орталық нерв жүйесінің негізгі бөлігі – ми. Ол ми сауытында орналасқан. Ересек адамда мидың салмағы 1400-1450 грамм құрайды. Мидан 12 жұп жүйкелер тарап, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады және сезім мүшелерінен келген ақпаратты миға жеткізеді. Баланың нерв жүйесінің дұрыс қалыптасуы және оның одан кейінгі әректтері негізінен көптеген әсерлерге,соның ішінде ұрықтың даму жағдайына байланысты.
Ұрықтық кезеңнің екінші триместрі-бұл кезеңде құрылымдар өте тез өсіп морфологиялық жетіледі.Алтыншы айда ұрықтың миының сыртқы көрінісі ересек адамның миына ұқсас болып келеді.Бұл сатының ерекшелігі ішкі қуыстары мен мидың сыртқы қабаттарының арасында байланыс пайда болады.Вестибульярлық аппаратының құрылыстық және әрекеттік жетілуі,пирамидалық жолдардың миелинизациялау процессі басталады. Ұрықтық кезеңнің үшінші триместрі- мидың бүкіл бөліктері өсіп,мидың жарты шарларының қатпарлары мен сайлары тереңденіп,күрделенеді.Ми қабатында клеткалық жіктелу басталады,пирамидалық жолдардың миеленизациясының алғашқы белгілері пайда болады.Ми қанмен қоректенуге көшеді.
Миды тез өсуіне байланысты қалыптасуының қауіпті кезеңдері болады:Ұрықтанудың 7-8 күні,3-13 аптада мүшенің толық жүйе түрінде қалыптасуы және 18-22 аптада мидың биоэлектрлік жұмысы мен бейнелістік реакцияларында саралы өзгерістер жүреді.Осы кезеңдерде қатаерлі фокторлардың әсер етуіорталық нерв жүйесінің ауытқуларына әкеліп соқтыруы
Жаңа туған нәрестенің миы үлкен,аумақты болып келеді.Салалары мен қатпарлары ірі болады,бірақ аласа және тайыз болып келеді.Ұсақ қатпарлар негізінен сәби туғаннан кейін пайда болады.Маңдайлық бөлігінің көлемі үлкен кісінікімен салыстырғанда көп кіші ,ал желкелік бөлігі керісінше үлкен.Мишық әлсіз дамыған жұқа болады,жарты мидың көлемі кішкентай және жоғарғы қатпарлары да сондай болып келеді.