3-АПТА СЕМИНАРЫ: ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ САЯСИ
БИЛІК.
ӨРКЕНИЕТ ТАРИХЫНДАҒЫ САЯСИ ОЙЛАР мен ІЛІМДЕРДІҢ ДАМУ
КЕЗЕҢДЕРІ (жалғасы)
СЕМИНАР СҰРАҚТАРЫ:
1. Билік түсінігі, құбылысы, генезисі, құрылымы, формалары мен категориялары;
Биліктің авторитеті мен легитимділігі; Макс Вебер;
2. Орта ғасырлардағы саяси идеялар эволюциясы: Аврелий Августин, Фома
Аквинский, Мартин Лютер, Томас Мор, Томмазо Кампанелла
(кесте түрінде);
3. «Билікті бөлу» теориялары. Биліктің тепе-теңдік және тежемелік принципі.
Конституционализм. ҚР Конституциялары (1993, 1995 жж.). ҚР Конституциялық
реформалар (1998-2022 жж.);
4. Заң шығарушы билік теориясы, құрылымы, функциялары. Парламентаризм
тарихы. Қазақстанның кәсіби парламенті (1995 – 2022);
5. Атқарушы билік теориясы, құрылымы, функциялары. Премьер-министрлер мен
министрлер кабинеті. Қазақстан үкіметінің конституциялық мәртебесі: орталық және
жергілікті атқарушы билік органдары;
Барлығына міндетті: ҚР Үкіметінің құрамы (2023 ж. қыркүйектен бастап);
6. Сот билігі, құрылымы, функциялары. Қазақстанның сот жүйесі: жоғарғы және
жергілікті соттар. Конституциялық сот және кеңес;
7. Глоссарий: (Б, В, Г)
Бенилюкс. Билингвизм. Билль. Бипатрид. Бойкот. Большевизм. Бонапартизм.
Брифинг. Бюллетень. Бюрократия. Верификация. Вестернизация. Вето.
Волюнтаризм. Вотум. Гегемония. Геронтократия Геноцид. Глобализация. Гуманизм.
Глоссарий бойынша мысал:
ДОКТРИНА
1) этимология:
латын тілінен
doctrina
– оқыту, ғылым, білім беру, құжат.
2) дефиниция:
нақты іс-шаралардың негізгі бағдарламасы болып табылатын
жүйелі философиялық, саяси және идеологиялық ілім (құжат).
3) мысал:
Монро доктринасы
– 1823 жылы 2 желтоқсанда АҚШ президенті
Джеймс Монроның АҚШ Конгресіне жыл сайынғы Жолдауында жариялаған АҚШ-
тың сыртқы саясат принциптерінің доктринасы. Бұл концепция бойынша АҚШ
Еуропа елдерінің ішкі ісіне араласпауға міндеттеме алған. Ал Еуропа елдері Батыс
жартышардағы елдердің ішкі ісіне араласпауы және ондағы территорияларға көз
тікпеуі тиіс болды.
Формасы:
дәптерге толық және жүйелі конспектілеу (визуализация).
Ескерту:
семинар тапсырмалары сапалы және толық орындалмаған жағдайда
балл
төмендетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |