8.Доспамбеттің толғауларының тақырыбы
Қазақ хандығының құрылу кезеңінде өмір сүрген, ұлттық әдебиеттің қалыптасуында көрнекті рөл атқарған – Доспамбет жырау. Жырау толғаулардың басты идеясы – ерлікті, батырлықты дәріптеу. Елді – жерді қорғау міндетті, майданда шаһид кешу, соғысып өлу арманының көрініс табуы («Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын Ақ Жайық», «Сере, сере,сере қар»), Доспамбеттің өмір салты көрініс табуы «Тоғай, тоғай, тоғай су» өлеңінен байқалады.
Доспамбет – тарихитұлға. НоғайлыныңатақтыбиіМамайдыңзаманында, яғниXVIғасырдың орта тұсында Азов теңізітүбіндеөзалдынажеке ел болған
Азаулыноғайлылардыңбасшысы, ел қорғаны, қолбастаған батыр немесе
АзаулыныңАймадет ер Доспамбетағасы. ЖырауөзесімінеАймадетдегенсөзді
қосыпайтады. БұлжөніндеқарақалпақғалымыК.МәмбетовАймадет пен
Доспамбеттіекі батыр депқарастырады, ноғайәдебиетіндеДоспамбетАзаулы
дегенсөзтіркесіменғанашектеледі. Аймадет пен Доспамбеттіңбірадам
екендігітуралыМ.Мағауин:
Бұлоныңруының не тайпасыныңатыболсакерек ... Ноғайтайпаларыкейде
өздерініңбилерініңнемесеөздерініңмекенеткенжерлердіңатымен де атала
бередіекен. Әрине , ондайтайпалардыңбіразуақытөткенсоңесімін
өзгертуге тура келеді. «Аймадет» те сондайатаулардыңбіріболуытиіс»
деп, дәлелдіпікірайтады. Қазақта да руатыменқосақтапайтылатынАлбан
Асан, ӘбубәкірКердері, т.б. ақындарбіршама. Сондықтан да Аймадет
Доспамбеттіңбіркісіекеніндеешкүмәнжоқ. Қазақәдебиетіндеөзіндікорны
бар ноғайлыныңбелгіліжырауы. Оныңбіртолғауыжәнебірнешеқысқажыры
бізгемәлім.
Ақын өлеңдерінде ерлікті дәріптеу – негізгі орын алатын басты идея. Сүйте
тұрса да, ол бейбіт өмірді, жайлы жазды жек көрмеген. Ол бірде :
Толғамалы ақ балта
Толғап ұстар күн қайда ? – десе де, енді бірде:
Кет – Бұға дат билерден
Кеңес сұрар күн қайда?
Еділдің бойын ел жайлап,
Шалғынына бие біз байлап,
Орындықтай қара сабадан
Боз баламен күліп-ойнап,
Қымыз ішер күн қайда?!-дейді.
Доспамбет – Қазтуған сияқты қолбасы атанған жырау. Ол жорықта жүріп, жау
оғынан жараланып қаза тапқан. Халық эпосы үлгісіндегі жырау толғаулары
бұған толық куә :
Арғымаққа ок тиді ,
Қыл мықынның түбінен
Аймадетке оқ тиді ,
Отыз екі омыртқаның буынынан.
Зырлап аққан қара қан
Тиылмайды жонның уақ тамырынан.
Сақ етер тиді саныма
Сақсырым толды қаныма.
Жыраудыңбүгінгежеткенмұрасы аз ғана – бар-жоғы 160 жолдыңкөлемінде.
Осы жырүзінділерініңөзінеқарапоныңшығармаларыныңтікелейжорықүстінде
туғанынакөзімізжетеді. Себебі, оныңқазірқолда бар шағынтолғауларында
жырауөміріменқоштасаралдындаадамкейпіндеөткендәуренініңмән-мағынасы
туралытереңтебіреніп ой қозғайды.
Жаралы жауынгер – жыраудың көркем бейнеленген шұрайлы тіл арқылы өткен
өмірімен қимай қоштасуы, ішкі қайғы мен өкініштің ақтарылып шыққан зарлы
мұңы, кейінгі ұрпаққа арнай сөйлеген жыр – аманаты елес береді. Солай
болғанмен де, оның жырларындағы басты қазық – ақынның туған жеріне, еліне
деген ыстық махаббаты, ынта – сезімі. Бұл қасиетті ұғым жолында туған жерін
жаудан қорғау – жырау үшін басты азаматтық парыз. Сол себепті де ол
жауынгерлік жорық жолдарын тебірене еске алып, жырға қосады.
Жырау жырларында айшықты көркем теңеулер, сырлы суреттер, өрнекті ойлар,образды символдар көп кездеседі .
Мысалы :
Туған айдай нұрланып,
Дулыға кидім, өкінбен, -
деген жолдарда жай ғана салыстыру, құбылыс мәнін ашу мақсат етілмеген. Бұл
үзіндіде, керісінше нақтылы зат, құбылысқа айқын ой, бедерлі бояу, маңызды
мазмұн беру байқалады .
Жырау толғауларында батырдың жорық пен майдандағы басты серігі – ат пен
жылқы маңызына ерекше мән берілген. Халқымыздың сол замандағы басты
байлығының бірі, ер қанаты – жылқыны үстірт сөзбен суреттемей, керісінше,
жауынгер жырау мінер арғымақты мінсе – көлік, шапса – тұлпар, ішсе – сусын
ретінде қараған, ел тағдырымен етене құбылыс ретінде таныған.
Арыстандай екі бұлтын алшайтып,
Арғымақ мінген өкінбес..
Торы төбел ат мініп,
Той тойлаған өкінбес
,-деген жыр жолдары осы ойды айқындай түседі.
Қасиетті өзен Жайық бойы ежелден тұнған тарих болса, жауынгер жырау
жырларында Жайық азаттық жолындағы күрес тарихының ұйтқысындай елес береді.
Доспамбет жырлары – майдан, ұрыс кезеңінің жылнамасы іспетті. Оның
жырларында ел үшін, жер үшін айқас, жаралы жыраудың өлім мен өмір арасында
қиналған арпалысты сәттері ерекше әсер қалдырып, жорық кезінде қайсар
қылықтарымен өршелене жауға ұмтылған ержүрек ерлердің қимыл-әрекеті көркем бейнеленеді. Бұл жырлар – қазақтың қаһармандық поэзиясының нағыз бастапқы қайнар бастаулары.
Достарыңызбен бөлісу: |