3. Асан туралы аңыздардың тақырыптық ерекшеліктері: Асан турлы аңыздарды ғалым Жармұхамедов «Көненің көзі»


Тәтіқара ақынның «Кебеже қарын,кең құрсақ» толғауындағы тарихи оқиғаны түсіндіріңіз



бет14/35
Дата24.05.2023
өлшемі191,99 Kb.
#96862
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35
35. Тәтіқара ақынның «Кебеже қарын,кең құрсақ» толғауындағы тарихи оқиғаны түсіндіріңіз.
Алаш жұртының тілегін ту ғып көтерген, намыс қып қайраған, қысылғанда қай қазақ болмасын есімін медет көрген, XVIII ғасырда жоңғар езгісінде жұтылуға шақ қалғанда азаттық туын көтерген хан Абылайдың есімі елдің жүрегіне ала бөтен жақын. Оның батылдығы, қарағайға қарсы біткен бұтақтай қайсарлығы, даналығы, сергек те сезімтал көрегендігі туралы ел арасына кең тараған ғажайып аңыз-әңгімелер, шытырман хикаялар, тамаша жыр-дастандар аз емес.
Алаш жұртының тілегін ту ғып көтерген, намыс қып қайраған, қысылғанда қай қазақ болмасын есімін медет көрген, XVIII ғасырда жоңғар езгісінде жұтылуға шақ қалғанда азаттық туын көтерген хан Абылайдың есімі елдің жүрегіне ала бөтен жақын. Оның батылдығы, қарағайға қарсы біткен бұтақтай қайсарлығы, даналығы, сергек те сезімтал көрегендігі туралы ел арасына кең тараған ғажайып аңыз-әңгімелер, шытырман хикаялар, тамаша жыр-дастандар аз емес. «...Өзге ел өкілдеріне қазақ хандары ішінен неғұрлым әйгілісі де, халық әдебиетінде көркем бейнесі жарқын мадақталғаны да Абылай екені кәміл... Ол жөніндегі көне сөздердің көптігі соншалық Абылайнама деп атарлық мол туындылар шоғыры жасалған. Орыс халқының тарихында былина – жырлардың ең көбі ертедегі «күн дидарлы князь» Владимир дәуіріне арналған десек, қазақтың тарихи-этикалық өлең-жырларының аса көрнекті бөлігі де Абылай және оның айналасындағы батырларға, билерге, шешендерге бағышталған...» деп, жазды белгілі әдебиет зерттеушісі, профессор Рахманқұл Бердібаев (Абылай хан. Алматы. «Жазушы» 1993, 4-бет). Тәтіғара жыраудың «Кебеже қарын, кең құрсақ» деп басталатын жырында Цинь империясы мен Абылай жасақтары арасында болған шабуыл сипатталады.
«Кебеже қарын, кең құрсақ
Артық туған Абылай
Көтере көр бұл істі:
Көп қытайдың жылқысы,
Тұрымтайдай құнысты,
Жау жағадан алғанда,
Ит етектен алғанда,
Ер Абылай қорыққан жоқ,
Әшейін еңкейе бере жылысты.
Бәсентиін Олжабай,
Оны да мен ер көрдім,
Оқ жіберіп ұрысты».
Абылай бастаған қазақ әскерлері сан жағынан күші басым қытай-мәнжүр әскерлерімен табан тіреп ұрыс сала алмай, шегіне соғысады. Сарбаздардың
еңсесі түскенін көрген Тәтіғара жырау олардың жауынгерлік рухын көтеріп, намысын қайрау үшін, осы жырды табан астында суырып салып, жырлаған. Бұл жырды кезінде қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов орыс тіліне қара сөзбен аударған. Жырдағы оқиға 1756 жылы болған. «Дана әмірші, көреген дипломат Абылай шығыстан шыққан жаңа жұрттың топан суындай қауіпті екенін бірден таниды, оны тоқтату үшін қажыр-қайратпен қоса, ақыл-парасат, әдіс-айла керегін, бірер күндік емес, ұзақ заманға есептелген жүйелі саясат қажетін жақсы біледі. Сондықтан да Жоңғариядағы Цинь басқыншылығына қарсы күреске дем береді. Қазақ ордасының әскери күшін топтап, жанкешті ұрысқа әзірленеді. Ақыры, 1756 жылы жазда Мәнжу-Цинь әскері Хадаха және Дардана дейтін қолбасыларының басшылығымен оңтүстік және терістік тараптан, екі лек болып, қазақ даласына қарай қаптай төгілгенде, Абылай үш алаштан құралған қалың қолды бастап, қарсы шығады. 1756 -1757 жылдардағы қазақ-қытай соғысының тарихы әлі жазылған жоқ. Бұл біздің қаһарман халқымыздың ерлік шежіресіндегі өзгеше бір тарау. Соңғы кезде табылған нақты тарихи құжаттарға қарағанда, жаз бойғы қантөгіс – алма-кезек шабуыл, итжығыс күрес үстінде өтеді. Қазақтармен бірге Әмірсана бастаған қалмақ шерігі де қайтпай соғысады. Абылай басшылық еткен алаш әскері әуелі Жетісуда Қалмақ-Толағай тауының етегінде, одан соң Аягөз бойында Цинь әскерлеріне ауыр соққылар береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет