Байланысты: аза ханды ы д уіріндегі дебиетінен емтихан с ра тары Жыраулар
45. Асан қайғының «Әй хан мен айтпасам білмейсің» толғауын талдаңыз.
Бұл толғау 7,8,9 буынды,2 бунақты,50 тармаққа құрылған.Ұйқас түрлері: қара өлең ұйқасы,егіз ұйқас,кезекті ұйқас. толғау 6 тирададан тұрады.
Эпитет: құладын құс,хандық жора,ақ шортан.
Метафора: асқан батырсың
Бұл толғау Асанқайғының ертеден жанын жегідей жеген ой-арманы мен мұрат-мақсатын айғақтайды. Мұндағы «ақ шортан» мен «қарағай» бейнесі Асанға дейін де, одан кейін де ешбір жырауда ұшыраспаған тың суреттеме екенін атап айтуға тиіспіз. Рас, жыраулық поэзияда адам өміріндегі көрісіністі табиғат құбылыстарымен астастыра сипаттау бұрыннан бар, алайда бұлар мұндай күрделі, астарлы мәнге көтеріле қоймаған. Жырау патша өкіметінің отарлау саясатының найза бойламайтын арамдығы мен зұлымдығын ашып көрсету үшін әдейі бір-біріне қарама-қарсы от пен судай сирек кездесетін таңғажайып құбылысты (су мен шөл дала, ақ шортан мен қарағай) салғастыра алып, алдымен ханға, қала берді халыққа ой салуды, олардың ұйқыдағы сезім-санасына ұмытылмастай әсер етуді мақсат еткен. Бір қарағанда, судағы ақ шортанның шөл даладағы қарағай басына ұшып қоныс табуы өмірде кездеспейтін құбылыс секілді болып көрінеді, алайда жырау мұны білер-білмес, су ішінде жүзіп жүрген кейбір балықтардың кезі келгенде бір теңізден екінші теңізге ұшып барып мекендейтіні мәлім. Қалай десек те, ұлы жырау осы құбылысты елден бұрын ерте сезіп, жатпай\тұрмай өзі көріп келген «Жерұйыққа» ел болып қоныс аударудың қажеттігін ескертеді. Бұл тақырыпқа Асанқайғы тағы бір оралып, отарлау мен бодандықтың неге әкеліп соғатынына дейін нақтылап ашып айтып береді. Мұнда да ол бұрыннан таныс шортан мен қарағайды шешімі зор түйінді бейне ретінде алып суреттейді.
Асан қайғының Жəнібек ханға айтқан реніш, өкпе-наздарын рет-ретімен басынан бастап қарастыратын болсақ, мына жағдайларды аңғарамыз.
Біріншіден, алғашқы тирадада көрсетілгендей, айнала аңдыған жауы, «Шабылып жатқан халқы...» тұрғанда оларды көздеп көрмей, сауық-сайранға салынып, «қымыз ішіп қызаруы» сияқты бейқам жүріске барып, уақытын бос өткізуі, əрине, елбасының үлкен кемшілігі:
Ай, хан, мен айтпасам, білмейсің, Айтқаныма көнбейсің.
Шабылып жатқан халқың бар, Аймағын көздеп көрмейсің.
Қымыз ішіп қызарып Мастанып, қызып терлейсің, Өзіңнен басқа хан жоқтай, Елеуреп неге сөйлейсің?!
Оның үстіне, халық əр басқан қадамын аңдып отырған басшыға «Мастанып, қызып терлеп, елеуреп сөйлеу» əдептен озған жарастықсыз іс.
Екінші тирадада Жəнібек ханның қорған, қала салуға байланысты жыраудың айтқаны келтіріледі:
Қорған салдың бейнет қып, Қызметшің жатыр ішіп-жеп.
...Оны неге білмейсің?!
Жəнібектің орыс шеберлерін алдырып, кəуірге қала салдырғаны қарт жырауға ұнамайды.
«Қорған салған бейнетің» бос əурешілік болды, — деп, ханды бұндай іске бармауға шақырады.
Үшінші тирадада текті сақтау, төре тұқымынан шыққан хан-сұлтандардың қара халықтан шыққан əйелге үйленбеу тəртібі сөз болады:
Қатын алдың қарадан, Айрылдың хандық жорадан, Ел ұстайтын ұл таппас, Айрылар ата мұрадан!
Мұны неге білмейсің?!
Асанның пікірінше, Жəнібек ханның «Қарадан қатын алуы» ата-бабадан келе жатқан «Айрылып хандық жорадан» салтты бұзуы. Бұдан барып ғасырлар бойы сақталып келе жатқан генетикалық тек бұзылады, оның салдарынан мемлекеттік іске зияны келуі мүмкін. Себебі ондай əйел: «Ел ұстайтын ұл таппас», одан туған ұл қажырсыз, əлсіз жəне тағы басқа кемшіліктері болып, «Айрылар ата мұрадан!» — ең үлкен қауіп осы.
Төртінші тирада сол кездің өлшеміне, дəстүріне келмейтін ханның тағы бір ерекше ісінен хабар береді. Аң аулайтын құстардың ішіндегі нашары, жыраудың айтуынша, «Құладын құстың құлы еді». Оның белгісі «Тышқан жеп жүнін түледі». Осы құладынға хан анау-мынау емес «құстың төресі» аққуды алдырады. Ал бұл дегеніңіз, жаман ырым, себебі аққудың киесі бар, яғни «Құладын аққуды өлтірсе» оның киесі жібермейді. «Өз басыңа келеді!» — деп, болжайды:
Құладың құстың құлы еді, Тышқан жеп жүнін түледі, — Аққу – құстың төресі
Ен жайлап көлді жүр еді. Аңдып жүрген көп дұспан Елге жау боп келеді.
Құладын аққуды өлтірсе —
Өз басыңа келеді! Құлың көп сені өлтірер, Осыны Асан біледі, Мұны неге білмейсің?!
Бесінші тирадасында ұлы баба: «Желмая мініп, жар шалсам», сол «Тапқан жерге ел көшір», — деп, Жəнібек ханнан қатаң талап етеді:
...Тіл алсаң іздеп қоныс көр Желмая мініп жер шалсам, Тапқан жерге ел көшір, Мұны неге білмейсің?!
Алтыншы тирадада сол көші-қон мəселесін əрі қарай сабақтай түсіп, Асан жырау айтқаныма құлақ аспай «Бұл арадан көшпесең» — деп, қатқылдана сөйлеп, келе жатқан «Кəуір алар қалаңды, Шулатар қатын-балаңды» сияқты күтіп тұрған қатерлерді атайды. Осының бəрін əулие абыз «түсінде көрген екен»
Екі азулы империяның аралығында жатқан ұлы Даланың келешекте жаулап алынатынын ойшыл ақын-жыраулар тым ерте-ақ сезінді. Бұл қатерлі қауіпті ерте сезініп, сескене қараған Асан қайғы:
Ол күнде қарындастан қайыр кетер, Ханнан күш, қарағайдан шайыр кетер. Ұлы, қызың орысқа бодан болып, Қайран ел, есіл жұртым сонда не етер? — деп, түбінде Ресей империясы тарапынан отарланатындығымызға XV ғасырда-ақ болжау айтқан еді. Немесе екі империя тарапынан қауіпті ескермей қамсыз жатқан Жəнібек ханға қайырыла тіл қатқанда:
Арасында қытай, орыстың Қорған сап тыныш жатырсың. Ертісті өрлеп орыс жүр, Тіл алсаң іздеп қоныс көр, —деп, қатерлі қауіптің қай тұстан соғарын да дəл болжап, алдын ала сезген көреген жырау танымына бас иіп, таң қалмасақ, мынауың теріс еді деп айта алмасақ керек-ті. Бірақ бір кездерде, отаршылдық саясаттың өзін ақтай сөйлеген тұста, əдебиетте Асан қайғыны кертартпа ойшыл ретінде танытуға тырысқан кездеріміз де болды .
Жырда жетінші тираданың орны ерекше бөлек. Ол алдыңғы бір-бірімен тікелей байланысып, бірінен-бірі туындап жатқан бөліктеріндей емес, оқшаулау. Бүкіл жырдың түйіні іспеттес жұмбақталып айтылатын тирада:
...Ай, Жəнібек, ойласаң, Қилы, қилы заман болмай ма, Суда жүрген ақ шортан Қарағай басын шалмай ма, Мұны неге білмейсің?!
Бұл жыр жолдарында абыз жырау күн-шығысқа көз алмай қарайтын көрші патшалықтан сақтанудың қажеттігін арнайы ескертеді.
Толғаудың соңында Асанның айтып-айтып келіп, шығарманың қорытындысы есебінде «Хош аман бол, Жəнібек. Енді мені көрмейсің!», — деп, ашуланып, қолды бір сілтеп, сірə, бесінші тирадасында айтқанын істеуге «Желмая мініп, жер шалуға» кетті деп жорамалдауға болады.