3. Қазақ жүздерінің Ресей бодандығын қабылдауы. Қазақстандағы Ресей патшалығының отаршылдық саясатының басталуы



Дата21.11.2022
өлшемі13,88 Kb.
#51436
Байланысты:
Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңі


Қазақстан мен Ресей жаңа заман жағдайында. Қазақстандағы отаршылдық дәуірдің басталуы.

1.  XVII – XVIII ғғ. басындағы қазақ-жоңғар соғыстары. «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама» жылдары.
2.  Қазақстанның Ресейге бодандыққа түсуінің экономикалық және саяси алғы шарттары.
3.  Қазақ жүздерінің Ресей бодандығын қабылдауы.
4.  Қазақстандағы Ресей патшалығының отаршылдық саясатының басталуы.
5.  Қазақ халқының халық-азаттық қозғалыстары (1731-1837 жж.)
Қазақстанның жаңа заманға өтуі: мәселенің теориялық аспектілері. Дәуірлеу. Тарихнамасы мен деректері.
Қазақстанның халықаралық жағдайы: ерекшеліктері және келешегі. Қазақстан Орталық Азия жүйесінде.
XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның ішкі саяси және әлеуметтік – экономикалық жағдайы. Қазақстанға жасалған жоңғар шапқыншылығы. «Ақтабан шұбырынды». Қазақ-жоңғар соғыстары. Жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ қоғамының топтасуы. Жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ халқының жасақтарын басқарған қолбасшылар мен идеологтар. Бұланты, Аңырақай шайқастары. Жоңғар шапқыншылығының зардаптары. Қазақ-жоңғар соғыстарының халықтың ауызша тарихи жырларындағы көрінісі.
Қазақстан және Ресей жаңа заман жағдайында.
XV - XVII ғасырлардағы қазақ-орыс қарым-қатынастарының алғышарттары. XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ-орыс қарым-қатынасы. І Петр патшаның «Шығыс саясаты» жүйесіндегі Қазақстан. Казак отарлауы.
Қазақстанның Ресейге бодандыққа өтуінің басталуы: тарихнамасы және деректер. Әбілхайыр хан мемлекеттік, саяси қайраткер және қолбасшы. XVIII ғасырдың екінші ширегіндегі Ресейдің сыртқы саясаты шеңберіндегі Қазақстан.
Қазақстанда отаршылдық кезеңінің басталуы.
Проблеманың тарихнамасы. Деректер.
XVIII ғасырдың екінші ширегіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік саяси дамуы.
Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси дамуындағы өзгерістер. Циндік Қытай және Жоңғария. Патшалық Ресейдің Қазақстандағы отарлау саясаты.
Абылай хан дәуіріндегі Қазақстандағы мемлекеттілік, Қазақстандағы ішкі және сыртқы саяси жағдай. Абылай ханның егемендікке ұмтылып, біртұтас тәуелсіз қазақ мемлекетін құру әрекеті. Қазақ қоғамының әлеуметтік дамуы. XVIII ғасыр соңындағы Орталық Азиядағы геосаяси жағдайдың динамикасы мен трансформациясы.
XVIIІ ғасырдың соңы XIX ғасырдың екінші жартысы аралығындағы Қазақстан және Орта Азиялық мемлекеттер.
Жоңғар хандығының әлсіреуі. Қазақ-Жоңғар қатынастары. Ресей мен Қытайдың сыртқы саясатындағы Қазақстан және Жоңғария.
XVIII ғасырдағы қазақ қоғамы. Көшпелі мал өсіру-қазақ қоғамның материалдық өндірісінің негізі. Қазақ көші. Егіншіліктің даму ерекшеліктері. Қолөнердің жайы. Экономикадағы өзгерістер. Сыртқы сауда. Қазақтардың қоғамдық құрылымы. Әлеуметтік бөлініс. «Ақ сүйек», «қара сүйек» ұғымдары, олардың мазмұны мен құрылымы.
XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан және Ортаазиялық мемлекеттер. Абылай ханның мұрагерлері басқару дәуіріндегі (XVIII ғ. 80 жылдарынан 1821 жылға дейін) Орта жүз территориясындағы саяси ситуация. Ресей мен Англияның отаршылдық экспансиясы жағдайында Қазақстан мен Орта Азияның егемендік пен тәуелсіздікті сақтап қалу проблемалары. Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалары. Қазақстанда хандық биліктің жойылуы. XVIII ғ. мен XIX ғ. басы аралығында қазақ халқының егемендігі мен мемлекеттілік тәуелсіздігінен айырылған кездегі ұлт-азаттық қозғалысы. Негізгі кезеңдері, қорытындылары, проблемалары.
Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының бірінші кезеңі (1731 - 1837 жж.). Қазақтардың Ресейдегі азаттық қозғалыстарға қатысуы. Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы, Қасым Абылайханұлы, Саржан Қасымұлы, Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтерілістер. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстың басталу кезеңінің идеологиялық ерекшеліктері мен өзіндік өзгешеліктері.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет