3 б. І. ҚР азаматтық іс жүргізу заңдары


Сот тараптың мүліктік жагдайын негізге ала отырып, мемлекеттік бажды төлеуді кейінге қалдыруга немесе оның мерзімін ұзартуға құқылы /16/



бет22/26
Дата31.12.2021
өлшемі244,5 Kb.
#23754
түріҚұрамы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
курсовая основная каз

Сот тараптың мүліктік жагдайын негізге ала отырып, мемлекеттік бажды төлеуді кейінге қалдыруга немесе оның мерзімін ұзартуға құқылы /16/.

талап қоюшы ез талаптарын азайтқан; іс тараптардың бітімгершілік келісімімен аяқталған жағдайларда қай-тарылмайды.


2.2.2. Іс бойынша ісжүргізуге байланысты шығындар

Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шағындарға:

1) куәгерлерге, сарапшыларға және мамандарға теленуге тиісті сомалар;

2) сол жерде қарау жүргізілуге байланысты шығындар;

3) заттай дәлелдемелерді сақтауға байланысты шағындар;

4) жауапкерді іздестіру жөніндегі шығындар;

5) іс бойынша жарияланымдар мен хабарландыруларға байланысты шығындар;

6) тараптарға хабарлау және оларды сотқа шақыру жөніндегі шығындар;

7) тараптар мен үшінші тұлгалардың жолақысы және олардың сотқа келуіне байланысты шеккен тұрғын жайды жалға алу женіндегі шығындар;

8) екілдердің кемегіне ақы төлеу жөніндегі шығындар;

9) соттың шешімдерін, ұкімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын орындауға байланысты шығындар;

10) сот қажет деп таныған өзгө де шығындар жатады.

Куәларға, сарапшыларға, мамандарға және аудармашыларға теленуге тиісті сомалар

1.Куәларға, сарапшыларға, мамандарға және аудармашыларга сотқа көлуге байланысты оларға келтірілген жол ақысы, бөлме жалдау жөніндегі шығындар өтеледі және іс сапарға жіберілген адамдар үшін белгіленген мөлшөрде тәулік ақы төленеді. Сарапшы мен маманға сондай-ақоларға тиесілі химиялықреактивтер мен тапсы-рылған жұмысты орындау кезінде олар жумсаған басқа да шығын материалдарының құны, сонымен бірге олардың жұмысты орындау үшін құрал-жабдықтарды, коммуналдыққызметтерді пайдаланғаны және машиналықуақытты тутынғаны үшін төлеген ақысы өтеледі.

2. Куә ретінде сотқа шақырылған жу.мыс істейтін адамдарға сотқа келуге байланысты олардың болмаған уақыты үшін жұмыс істейтін жері бойынша орташа жалақысы сақталады. Еңбек қатынастарында түрмаған куәлар өздерін әдеттөгі айналысып жүрген істерінен алаңдатқаны үшін іс жүзіндегі уақыт шығындары ескеріліп және заңда бөлгіленген бір айлықжалақының ең теменгі мөлшері негізге алына отырып, өтемақы алады /11/.

3.Сарапшылар мөн мамандар, егер бұл жүмыс олардың қызметтік міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, соттың тапсырмасы бойынша өздері орындаған жұмыс үшін сыйақы алады. Сыйақының мөлшерін тараптармен келісім бойынша сот анықтайды.

4. Сот сараптамасы органдары жүргізген сараптаманың ақысын телеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

5. Куәларға, сарапшыларға, мамандарға сомаларды, сондай-ақсот сараптамасы органы жұргізген сараптамаға ақыны тиісті өтініш берген тарап төлейді. Егер аталған өтінішті екі тарап берсе немесе куөні шақырту, сараптаманы тағайындау, маманды тарту соттың бастамасы бойынша жүргізілсе, талап етіліп отырған соманы тараптар тең бөліп төлейді /3/.

6. Егер бүл жұмыс сарапшылар мен мамандардың қызмөттік міндеттерінің шеңберіне кірмесе, соттың тапсырмасы бойынша істөген жұмыстары ұшін оларға төленуге тиесілі сомаларды тиісті өтініш жасаған тарап сот депозитіне алдын ала төлеп қояды. Сый ақының мөлшерін тараптармен келісім бойынша сот белгілейді.

7. Сот сараптамасы органы сараптама жүргізге және сот сараптамасы органының қызметкері болып табылатын адамның маман ретінде қатысқаны үшін төленуге тиесілі сомаларды тиісті өтініш жасаған тарап сот сараптамасы органының шотына алдын ала төлеп қояды.

8. Бір немесе екі тарап шығындарды төлеуден босатылған жағдайда сарапшылар мен мамандарға тиесілі сомаларды төлеу республикалықбюджеттің есебінөн жүргізіледі.

Куәларға, сарапшыларға, мамандарға және аудармашыларға тиесілі сомаларды төлеу

1.Куәларға, сарапшыларға және мамандарға тиесілі сомаларды олар ез міндеттерін орындағаннан кейін депозиттік шоттан соттөлейді.

2. Аудармашыларға тиесілі сомаларды төлеу республикалықбюджеттің есебінен жүргізіледі. Сый ақының мөлшерін тиісті еңбекке ақы телөудің қолданылып жүрген нормаларын негізге ала отырып сот белгілейді.

Сот шығындарын тараптардың арасында бөлу:

1.Пайдасына шешім шығарылған тарапқа, бұл тарап сот шығындарын төлеуден босатылса да, басқа тараптан іс бойынша жұмсалған барлықшығындарды сот алып береді. Егер талап қою ішінара қанағаттандырылса, онда шығындар талап коюшыға қойылған талаптардың сот қанағаттандырған мвлшеріне бара-бар, ал жауапкерге талап қою талаптарының талап қоюшыға бас тартылған бөлігіне бара бар беріледі /5/.

2 .Егер жоғары сатыдағы сот істі жаңадан қарауға берместен шығарылған шешімді өзгертсе немесе жаңа шешім шығарса, ол тиісінше сот шығыстарын бөлуді де өзгертеді.

¤кілдің кемегіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды өтеу

1. Пайдасына шешім шығарылғантарапқа сот процеске қатысушы өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі өзіне екінші тарап келтірген шығындарды іс жүзінде өзі ше.ккен шығындар мөлшерінде басқа тараптан алып береді. Ақшалай талап бойын-ша бүл шығындар қойылған талаптың қанағаттандырылған бөлігінің он процентінен аспауға тиіс.

2. Егер адвокат заң кемегін тарапқа тегін көрсетсе, сот осы бапта аталған шығындарды адвокат бөлген заң консультациясының, кеңсесінің пайдасына немесе келісім-шарт бойынша жүмыс істеуші адвокаттың пайдасына өндіреді.

Уақыт ысырабынан келтірілген залалдарды өндіріп алу

Көрінеу теріс пиғылымен негізсіз талап қойған немесе қойылған талапқа қарсы дау білдірген не істі дұрыс және тез қарап, шешуге үнемі қарсы әрекет жасаған тараптан сот екінші тараптың пайдасына іс жүзінде уақыт ысырабынан келтірілген өтемақыны өндіріп алуы мүмкін. ¤темақы мөлшерін нақты мән-жайларды ескере келіп, осы жердегі тиісті еңбекке ақы төлеудің қолданылып жұрген нормасын негізге ала отырып, сот белгілейді /8/.

Талап қоюдан бас тарту және бітімгершілік келісім кезінде сот шығындарын бөлу

1.Талап қоюшы талап қоюдан бас тартқан кезде оның шығарған шығындарын жауапкер өтемейді. Егер талап қоюшы талап қоюдан кейін оларды жауапкердің ерікті түрде қанағаттандыруы натижесінде өзінің талаптарын қолдаудан бас тартса, сот талап қоюшының өтінуі бойынша жауапкерден талап қоюшы шеккен бүкіл сот шығындарын және өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды ендіріп алады.

2. Егер тараптар бітімгершілік келісімін жасау кезінде сот шығындары мен екілдің көмегіне ақы телеу жөніндегі шығындарды бөлу тәртібін көздемесе, сот бұл мәселелерді осы Кодекстің 111, 115-баптарында жазылған ережелерге лайықтап шешеді.

Азаматтарға заң кемегінтегін көрсету

1. Істі сотта қарауға дайындау кезінде судья немесе істі қарау кезінде сот азаматтың мүліктік жағдайын негізге ала отырып, оны заң көмегіне ақы төлеуден толықнемесе ішінара босатуға және адвокаттың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды мемлекеттің есебіне жатқызуға құқылы.

2. Заң консультациясына, кеңсеге, келісім-шарт бойынша жұмыс істейтін адвокатқа төленуге тиісті сомалардың мөлшері адвокаттар көрсететін заң көмегі-ақы төлеуді реттейтін нормаларға сәйкес белгіленеді.

3. Азаматты заң көмегіне ақы төлеуден толықнемесе ішінара босату туралы соттың немесе судьяның ұйғарымы назарға алу үшін заң консультациясына, кеңсеге, келісім-шарт бойынша жұмыс істейтін адвокатқа және орындау үшін соттың орнала-сқан жері бойынша қаржы органына жіберіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет