1.3. Ведомстволық бағыныстылық
және соттылық
Азаматтықістердің соттарға ведомстволықбағыныстылығы
Егер бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды және заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау осы Кодекске және басқа заңдарға сәйкес өзгеше сот тәртібімен жүзеге асырылмаса, оларды қорғау туралы істерді соттар азаматтықсот ісін жүргізу тәртібімен қарайды.
Соттар азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, әкімшілік. қаржы, шаруашылық, жер құқықтыққатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастар мен басқа да құқықтыққатынастардан, оның ішінде бір тараптың екінші тарапты билікпен бағындыруына негізделген қатынастардан туындайтын даулар жөніндегі талап қоюды қарайды.
Мемлекеттік орган немесе оның лауазымды адамы қабылданған актіге сотта дау жасалуы мүмкін.
Соттар Азаматтықіс жүргізу Кодекстің 25-29-тарауларында келтірілген ерекше талап қойылған іс жүргізу істерін қарайды /3/.
Соттар Азаматтықіс жүргізу Кодекстің 289-бабында келтірілген ерекше іс жүргізу істерін қарайды /3/.
Егер халықаралықшартта, қазақстан Республикасының заңдарында немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, соттар шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқадамдар, шетелдік ұйымдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетел қатысатын ұйымдар, сондай-ақхалықаралықұйымдар қатысатын істерді де қарайды.
Заң бойынша соттың құзыретіне жатқызылған басқа да істер сотқа бағынысты болады.
Дауларды аралықсоттың шешуіне беру:
Сотқа бағынысты мүліктік дау, оған заң актілерінде тыйым салынбаған кезде және осы Кодекстің 170-бабының 4) тармақшасына және 192-бабына сәйкес, тараптардың келісімі бойынша аралықсоттың қарауына берілуі мүмкін /3/.
Сотқа ведомстволықбағыныстылықтың басымдығы. Біреулері - сотқа, ал басқалары сот емес органдарға ведомстволықбағынысты өзара байланысты бірнеше талаптар біріктірілген кезде барлықталаптар сотта қаралуға тиіс.
Нақты даудың кімге бағыныстылығына қатысты күмән немесе қолданыстағы заңдарда қиғаштықтар болған жағдайда оны сот қарайды.
Аудандық(қалалық) сотта және оған теңестірілтен соттың соттауына жататын азаматтықістер Кодекстің 28-30-баптарында көзделген істерді қоспағанда, азаматтықістер аудандық(қалалық) және оларға теңестірілген соттарда қаралып, шешіледі /4/.
Облыстықжәне оларға теңестірілген соттардың соттауына жататын азаматтықістер:
1. Облыстықжәне оларға теңестірілген соттар бірінші сатыдағы соттар ретінде: 1) талап қою бағасы арызды беру кезіне заңмен белгіленген он бес мың айлықесептік көрсеткіштен асатын кезде тараптары заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмай көсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар болып табылатын мүліктік даулар жөніндегі.
¤зара байланысты бірнеше істің соттылығы:
әр жерде тұратын немесе орналасқан бірнеше жауапкерге талап қоюшының таңдауымен жауапкердің біреуі тұратын немесе орналасқан жер бойынша қойылады.
Бір арызға біріктірілген, әртүрлі соттардың соттауына жататын талаптар, егер бул ретте осы Кодекстің 171-бабына сәйкес жоғары тұрған соттың судьясы бұл талаптарды болу туралы ұйғарым шығармаса, мәлімделген талаптардың бірі соттауына жатқызылған жоғары тұрған сотта қаралады /3/.
Дербес талабын мәлімдеуші үшінші тұлғаның талабы және қай сотта сотталатындығына қарамастан қарсы талап бастапқы талапты қараған жердегі сотқа бөріледі.
қылмыстықістен туындайтын талап, егер ол қылмыстықіс жүргізілген кезде азаматтықталап қою ретінде мәлімделген немесе шешілмеген болса, осы Кодексте белгіленген соттылығы туралы ережелер бойынша азаматтықсот ісін жүргізу тәртібімен қарауға беріледі.
Істі бір соттың жүргізуінен алып басқасына беру:
Соттылықережелерін сақтай отырып сот жүргізуге қабылдаған іс, кейіннен ол басқа соттыңсоттауына жатса да, мәні бойынша шешілуге тиіс.
Егер:
1) тұрғылықты жері бұрын белгісіз болған жауапкер істі өзінің тұрғылықты жері бойынша сотқа беру туралы өтініш жасаса;
2) бір немесе бірнеше судьяға қарсылықбілдірілгеннен кейін, сондай-ақназар аударуға тұратын басқа мән-жайлар бойынша судьяларды ауыстыру немесе аталған сотта істі қарау мүмкін болмаса;
3) істі аталған сотта қарау кезінде оның істің соттылықережелерін бұза отырып қабылданғаны анықталса;
4) сотқа талап қойылса, сот істі басқа соттың қарауына береді.
3. Істің сол соттың соттауына жатпайтыны туралы тараптардың арыздарын сол сот шешеді. Істі басқа сотқа беру туралы мәселе бойынша ұйғарым шығарылады. Осы баптың екінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда істі беру жоғары тұрған сот судьясының ұйғарымымен жүзеге асырылады. Тараптың (тараптардың) іс сол соттың соттауына жатпайтыны туралы арызын қанағаттандырмай қалдыру туралы сот ұйғарымына жоғары тұрған сотқа шағымдануға болады, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағымдануға, наразылықкелтіруге жатпайды. Істі бір соттан басқасына беру - бұл ұйғарымға шағымдану мерзімі өткеннен кейін, ал шағым берген жағдайда шағымды қанағаттандырмай қалдыру туралы ұйғарым шығарылғаннан кейін жүргізіледі.
4. Істің соттылыгы туралы соттардың арасындағы дауларды жоғары тұрған сот шешеді, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағымдануға, наразылықкелтіруге жатпайды.
Достарыңызбен бөлісу: |