Дәм сезу талдағышы,бөлімдері: 1. Шеткі бөлімі: Дәм рецепторлары - дәм сезу баданалары олардың әрбіреуі - 2-6 қабылдағыш және тірек жасушалардан құрылады.
Рецепторлық дәм клеткасының ұзындығы 10-20 мкм,
Көлденеңі - 3-4 мкм, жоғарғы саңылауға қараған ұшында өте жіңішке 0,1-
0,2 мкм-дей түктері болады.
Дәм баданалары орналасқан дәм емізікшелердің үш түрін ажыратады: саңырауқұлақ тәрізді, науа тәрізді және жапырақ тәрізді. Дәм рецепцияның зонасы: тілдің емізікшелерінде, жұмсақ таңдайда, тілше мен жұтқыншақтың артқы жағында, көмекейде (бадамшаларда).
Дәм рецепторларының ең көп орналасқан жерлері –тілдің ұшы,бүйірлері
және түбі.
Дәм қабылдағыштары төрт түрлі дәмді сезеді:
тәтті, ащы, қышқыл, тұзды.
Тілдің түбі – ащыны
ұшы - тәттіні
бүйірлері – қышқылды және тұзды.
2. Өткізгіш бөлімі: Дәм баданасынан 2-4 сезгіштік жүйке талшықтары шығып тіл жұтқыншақ (IX), бет (VII) жүйкенің талшығы құрамында (дабыл шегі) ® сопақша мидың ядросы tractus solitaris (1 нейроны) ® ми бағанының жалғыз будасына (2 нейрон) келеді. Одан шыққан екінші нейрондар ішкі ілмектің құрамында таламусқа жетеді (3 нейрон).
3. Орталық бөлім: Ми қыртысының артқы орталық қатпарының төменгі жағында - дәм сезу орталығына барады (Сильвий сайы).
Иіс сезу талдағышы,бөлімдері: 1. Шеткі бөлімі -иіс сезім жүйесінің рецепторлары мұрынның жоғарғы кеуілдерінде орналасады – иіс эпителийі.
Иіс рецепторлары – биполярлық жасушалар: