3. Банктік ресурстарды құрау көздері. Пассивтік операциялары. Банктің меншікті капиталын басқару



бет1/3
Дата22.11.2022
өлшемі24,71 Kb.
#51674
  1   2   3

3. Банктік ресурстарды құрау көздері. Пассивтік операциялары.
Банктің меншікті капиталын басқару.
3.1. Банк ресурстарын құрау көздері.
Пассивтік операциялар. Банк ресурсы банктің пассивтік операцияларды жүргізуінің нәтижесінде пайда болады әрі банктегі баланстың пассивінде көрініс табады.
Банк ресурстарын банктердің өзіндік қаражаты, қарыз қаражаты және тартылған қаражат құрайды. Банк олардың жиынтығын активтік операцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланады яғни, табыс алу мақсатында жұмылдырылған ресурстарды орналастырады.
Пассивтік және активтік операциялар бір-бірімен тығыз байланысты. Мәселен, пассивтердің құрылымы мен сипаты көп жағынан банктің активтік операцияларды жүргізудегі мүмкіндігін анықтайды, ал несие саласындағы банк саясатының өзгеруі ресурстардың сипатына елеулі әсерін тигізеді.
Банк ресурстарын қалыптастырудың негізгі көздеріне банк клиенттерінің салым ақшалары жатады. Алайда, бөтен капиталды тарту үшін банктердің өзіндік капиталы болуы керек. Бұл қиын сәттерде несие берушінің сенімді болуы үшін қажет.
Банктің өзіндік қаражатына жарғылық және резервтік қорлары, сондай-ақ, банк пайдасы есебінен қалыптасқан өзге қорлар, сақтандыру резервтері және жыл ішінде бөлінген пайда жатады.
Банктің жарғылық қоры (капитал) - банк ісін ұйымдастырудың бастапқы нүктесі. Оның формасына қарай жарғылық капиталдың қалыптасуы әр түрлі болады.
Банктің ұйымдық-құқықтық формасына қарамастан оның жарғылық қоры толықтай қатысушылардың – заңды және жеке тұлғалардың салым ақшаларының есебінен қалыптасады әрі олардың міндеттемесін қамтамасыз етеді. Ол банк несиесінің есебінен емес, тек ақшалай қаражатпен ғана, әрі-беріден соң банк қатысушыларының өзіндік қаражатымен құрылады. Тартылған ақшалай қаражат жарғылық қордың жарнасы үшін пайдаланылмайды.
Банктің жарғылық капиталына акционерлер (катысушылар) салым ақшаны салумен қатар жыл сайын дивидендтер түрінде банк пайдасының бір бөлігін алып отырады.
Аударылатын дивидендтердің мөлшері, аударылатын кезең мен тәртібі акциялардың түрлерімен және шығарылатын шарттарымен байланысты (пайданың мөлшеріне қарай табыстың деңгейін түзететін артықшылықты акция немесе жай акция).
Банкке түскен пайда жеткіліксіз болған жағдайда артықшылықты акция бойынша дивидендтерді есептеу резервтік қордың есебінен жүргізіледі.
Коммерциялық банктің резервтік қоры активтік операциялардан болған залалдың орнын толтыруға арналған, банк облигациясы бойынша төлем көзі ретінде әрі алынған пайда жеткіліксіз болған жағдайда артықшылықты акция бойынша дивидендтердің төлем көзі ретінде қызмет етеді. Резервтік қор түскен пайдадан жыл сайын аударылатын аударымдардың есебінен қалыптасады. Оның шекті мөлшері банктің жарғысында жарғылық қор шамасының 25-100% деңгейінде анықталған. Шекті мөлшерге жеткеннен кейін қалыптасқан резервтік қор жарғылық қорға аударылады (капиталдандырылады) және оны есептеу қайтадан басталады.
Коммерциялық банктерде резервтік қормен қатар пайдадан аударудың есебінен арнайы қорлар (банктің өндірістік және әлеуметтік дамуына арналған) құрылады. Олардың қалыптасуы мен жұмсалуы банктің коммерциялық есеп айырысу туралы ережесімен реттеледі.
Банктің өзіндік қаражаттың айрықша құрамдас бөлігіне банктің нақты операцияларды орындау арқылы қалыптастыратын сақтандыру резерві жатады. Ол (сақтандыру резерві) - банк сатып алған құнды қағаздардың нарықтық құнының нақты кемуіне және берілген ссуданың қайтарылмауына байланысты орын алатын жағымсыз салдарды жою үшін тағайындалады. Бұл резервті қалыптастырудың міндетті сипаты бар.
Банктегі өзіндік ңаражаттың маңызды функциясы - банктің өз салымшылары алдындағы міндеттемесін қамтамасыз етеді. Ол шама ретінде қарастырылуы мүмкін, оның шегінде банк өз міндеттемесі бойынша жауапкершілігіне кепілдік береді. Банк іс-тәжірибесінде өзіндік қаражат ресурстардың ысырапқа ұшырауы салдарынан залалдың орын алатынына қарамастан банктің төлем қабілетін сақтауға мүмкіндік беретін резерв ретінде саналады, өйткені, өзіндік қаражат акционерлерге міндетті түрдегі қайтарымға жатпайды. Банктегі өзіндік қаражаттың мөлшері оның қызмет ауқымын анықтап береді. Әдетте, Ұлттық банк экономикалық нормативтерді банктердің материалдық базасын дамытудың көзі болып табылатын өзіндік қаражаттың мөлшеріне қарай белгілейді. Оның есебінен банк өзіне қажетті үй-ғимаратты, машинаны, құрал-жабдықты, есептеуші техниканы және т.б. керек-жарақтарды сатып алады. Аталмыш шығынды қаржыландырудың тікелей көзіне пайданың есебінен қалыптасатын, банкті өндірістік және әлеуметтік жағынан дамытатын қор жатады.
Өзіндік қаражаттың шамасын (мөлшерін) коммерңиялық банктер көптеген факторларға қарай дербес анықтайды. Оның ішінде, ол:
1) банктегі активтік операциялардың шекті мөлшерін анықтайды;
2) өз клиенттерінің өзіндік ерекшеліктеріне тәуелді;
3) өзінің активтік операцияларының сипатына тәуелді;
4)Ұлттық банктің жүргізіп отырған несие саясатына және несиелік ресурстар нарығының даму деңгейіне тәуелді. Дамыған нарық жағдайында несие саясатын ырықтандыратын болсақ, коммерциялық банктер несие ресурстарына оңай қол жеткізеді әрі банкке қажетті өзіндік қаражаттың деңгейін кемітеді. Қаржы нарығының жеткіліксіз дамуына қарай ұштастыра отырып несие саясатын күшейтетін болсақ, өзіндік қаражатты тұрақты түрде өсіріп отыруға тура келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет