3. Банктік ресурстарды құрау көздері. Пассивтік операциялары. Банктің меншікті капиталын басқару



бет3/3
Дата22.11.2022
өлшемі24,71 Kb.
#51674
1   2   3
Қосымша капиталдар – негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылатын қаражаттар.
Арнайы қорлар – негізі қорларды қайта бағалау негізінде, валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры.
Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидентті төлегеннен кейін және реквизеттік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлегін білдіреді.
Банктің меншікті капиталын ұлғайту жолдарына мыналар жатады:
- банк пайдасы;
- акциялар шығару;
- құрылтайшылар және пай қосушылар санын арттыру;
- облигациялар шығару.
Банктің меншікті капиталы мына қызметтерді атқарады:
- қорғаныс қызметі;
- шұғыл қызметі;
- реттегіштік қызмет;
- айналым қызметі;
- резервтік қызметі.
2.3.3 Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі.
Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі ұзақ уақыт бойы ғылыми-зерттеу затына және банктер мен оны реттеуші ұйымдар арасындағы пікірталасқа айналып келеді.
Банктер өздерінің активтерін арттыру үшін капиталдың төменгі мөлшерде болғанын қалайды. Ал банкті бақылаушылар, банктердің банкроттықтан аулақ болуы үшін капиталдың жеткілікті мөлшерде болуын талап етеді. Банктердің банкроттығы ондағы басқарудың нашарлығынан болуы мүмкін, себебі банкті жақсы басқарса, ол төменгі капитал нормасында жұмыс жасай алады деген пікірлер бар.
"Капиталдың жеткіліктілігі" термині банктің жалпы тұрақтылығын және оның тәуекелге бару дәрежесін көрсетеді. Капиталдың жеткіліктілігі - бұл банк капиталының мөлшерінің тәуекел дәрежелері ескерілген банк активтеріне сәйкес болуға тиісті. Сондай-ақ, коммерциялық банктер өз жұмыстарында банк капиталын шамадан тыс ұлғайтуды теріс санайды. Өйткені, ол банктің қызметіне кері әсер етуі мумкін. Банктердің көбі акция шығара отырып, қаражат тартуға ынтасыз болып келеді. Сондықтан банк жетекшілері бір жағынан — қадағалау және бақылау ұйымдары, екінші жағынан - банк капиталы мен коммерциялық банктердің басқа да қызметіндегі параметрлер арасындағы қолайлы қатынасты табуға тырысады.
Кез келген коммерциялық банктің меншікті капиталының мөлшерін мынадай формуламен анықтауға болады:


МК = А-М (3.1)


мұндағы, МК - банктің меншікті капиталы;
А - банктің активтерінің жалпы сомасы;
М - банктің міндеттемелері.
Банктің ресурсындағы меншікті капиталдың өте төменгі үлесінде болуы да дұрыс емес. Себебі, ол банктің салым иелері алдындағы жауап беру мөлшеріне сәйкес келмейтіндігін сипаттайды.
Банк меншікті капиталын ұлғайтуға негіз болатын төмендегідей факторларды ескеру қажет:
- банктердің дивидендтері өнеркәсіптік кәсіпорын активтеріне қарағанда, пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне, қарыз алушының несиелік
қабілетінің нашарлауына байланысты, олардың нарықтық кұндары
өзгеріп отырады;
- банк көбіне тұрақсыз қысқа мерзімді қарыз көздеріне көңіл бөледі,
бірақ олардың көбі талап етуге байланысты қайтарылып алынуы
мүмкін.
Сондықтан, кез-келген саяси немесе экономикалық өмірдегі жағдайлар банктердегі ресурстардың сыртқа ағылуына себеп болуға тиіс. Бастапқыда банк капиталының активтерге қатысты шекті қатынасы 20% шамасында болса, ал қазіргі оның шамасы 12%-ды (пруденциялық нормативтердегі к2-нің мәні) құрайды. Бұл дегеніміз банк жүйесіндегі төлем қабілетсіздік тәуекелдің уақыт өте келе арта түсетіндігін көрсетеді. Себебі, банк жүйесіндегі банктердің активтерінің сапасы әлі де болса өз деңгейінде еместігін ескерсек, онда болашақта оның орнын жабатын меншікті капитал үлесі жеткіліксіздігі байқалады.
Демек, банк капиталының жиынтық деңгейінің жеткіліктігі банк жүйесін колдайтын басты шарттардың біріне жатады.
Банктердегі немесе жалпы банктік жүйедегі капитал көлемін тура анықтау киын, бірақ жоғарыда карастырылған қызметтердің орындалуы үшін, салым иелері мен бақылаушы ұйымдардың сенуі үшін капитал жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Қажетті капиталдың сомасы банктің тәуекел деңгейіне байланысты болуға тиіс. Мысалы, егер банктің берген ссудаларының тәуекел дәрежесі өте жоғары болса, онда банкке көп мөлшерде корлар құруға тура келеді. Қажетті меншікті капитал мөлшерін анықтай отырып, банк алдында келесідей міндеттер тұрады: тәуекелдің артуына байланысты өз капитал мөлшерін ұлғайту қажет пе немесе тәуекел деңгейі төмен болып келетін активтерге өз қаражаттарын орналастырған тиімді ме? Осындай жағдайда банк капиталы, оның активтер сапасына, басқару сапасына, қызметіндегі саясатқа және банктің басынан кешетін тәуекелдерге тәуелді ме жоқ па? деген балама сауал туындайды.
Банк меншікті капиталын бағалау әдістемесі туралы сұрақ 80-ші жылдардың екінші жартысында халықаралық қаржы ұйымдарында да үлкен пікірталас туғызған болатын. Сөйтіп, 1988 ж. Базель комитеті келісімінің шешімімен "Халықаралық біртұтас капитал есебі және капитал стандарты туралы келісімшарт" негізінде "Кук коэффициенті" деп аталатын капитал жеткіліктігі нормативі іс жүзіне енгізілді. 1993 жылдан бастап күшіне енген бұл коэффициент көптеген елдердің Орталық банктерінде, біздің Қазақстан Ұлттық банкінде, пруденциялық норматив қатарында пайдаланылуда.
Кук коэффициенті, банк капиталы мен оның баланстан тыс активтері арасындағы ең төменгі шекті қатынасын бейнелейді. Мұндағы меншікті капитал екі элементті қамтиды: негізгі және қосымша капитал. Олардың жеткіліктігіне баға беру үшін, активтер мен баланстан тыс міндеттемелердің өлшемі таңдап алынған.
Мұндай тәсіл баланстан тыс операциялардың іске қосылуын қаматамасыз етумен қатар, төменгі тәуекелді активтерге қаражаттар жұмсауды ынталандыра түседі.
Базель келісіміне сәйкес, банктің капиталы екі деңгейге бөлінеді: I деңгейлі капитал және II деңгейлі капитал.
I деңгейлі капиталға: қарапайым акциялар, бөлінбеген пайда, сол сияқты еншілес компаниялардың бақылаусыз пакеті шегерілген материалдық емес негізгі капитал шамасы жатады.
II деңгейлі (қосымша) капиталға: ссудалар бойынша зияндарды жабуға арналған резервтер, мерзімсіз артықшылығы бар акциялар қосылған екінші дәрежелі қарыздар жатады.
Базель келісімінің бекіткен нормативтік коэффициентіне сәйкес, екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеуде қолданылатын, пруденциялық нормативтер қатарында банк капиталының жеткіліктілігі коэффициентін белгілейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет