3-бөлім. Жасушалық биология Жасуша



Дата05.11.2022
өлшемі1,77 Mb.
#47679

3-бөлім. Жасушалық биология
Жасуша — тірі организмдердің (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе
«Жасуша» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635 – 1703) енгізген. Тіршілікті Жасуша тұрғысынан зерттеу – қазіргі заманғы биологиялық зерттеулердің негізі.
Жасуша құрылысы
  • Плазмалық жарғақша (лат. membrano - жарғақ, қабық) жасушаның сыртын қаптайды, май мен нәруызды заттардан түзілген.
  • Цитоплазма (гр. kytos - жасуша, гр. plasma - іркілдек сұйықтық) - жасушаның ішін толтырып тұратын іркілдек сұйықтық
  • Ядро - жасушаның реттеуші орталығы

  • 4. Органоидтар (органоиды); (грек, organon — құрал, еіdos — түр) — адам мен жануарлар организмдері жасушалары цитоплазмасындагы белгілі қызмет атқаратын тұрақты құрылымдар.

Пластидтер Тек өсімдік жасушаларында болады Хлоропласттар пішіні бойынша екі жағы дөңес линзаға ұқсас және жасыл пигмент хлорофиллден тұрады; күн сәулесін сіңіріп, оның көмегімен АТФ қатысында органикалық заттарды синтездеу қабілетіне ие. Хромопласттар – өсімдік пигменттерінен (жасылдан басқа) тұратын пластидтер, гүлдерге, жемістерге, сабақтар мен өсімдіктің басқа да бөліктеріне түс береді. Лейкопласттар – түссіз пластидтер, жиі өсімдіктің боялмаған бөліктерінде – тамырда, жуашықта және т.б. кездеседі. Оларда нәруыздар, майлар мен полисахаридтер (крахмал) синтезделеді
Митохондриялар
• Сопақша пішінді, қос жарғақшалы органеллалар • ДНҚ және РНҚ-нан тұрады • жасушалардың энергия станциясы болып табылады
Митохондрияларда органикалық заттардың көмірқышқыл газы мен суға дейін тотығуы және АТФ молекулалары түрінде химиялық энергияның жинақталуы жүреді
Вакуоль
• жарғақшамен – тонопластпен қапталған • жасуша шырынымен толтырылған • жасушадағы су-тұз алмасуды реттеуге қатысады • жасушалар мен ұлпаларды тонуста (тургорда) ұстап тұру үшін цитоқаңқа қызметін атқарады • қор заттарын сақтаушы және алмасудың соңғы өнімдерін «көмуші»
Қорытынды
1. Өсімдік және жануар жасушаларының құрылысы мен химиялық құрамының принциптік ұқсастығы олардың шығу тегінің бір екендігін көрсетеді, суда тіршілік ететін бір жасушалы ағзалардан болуы мүмкін. 2. Жануарлар мен өсімдіктер эволюция үрдісінде бір-бірінен едәуір алшақтады, олардың қоректену типі, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғану әдістері әр түрлі. Осының барлығы да олардың жасушаларының құрылысына әсерін тигізді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет