3-дәріс. Азаматтық-саяси қайшылықтар Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі



бет6/7
Дата20.05.2022
өлшемі128,01 Kb.
#35182
1   2   3   4   5   6   7

1920 жылы азамат соғысы аяқталып, онда қызылдар жеңіске жетті. Азамат соғысы жылдарындағы қызылдардың жеңісінің себептері: біріншіден, Кеңес өкіметіне қарсы күштер ұйымдасып, бірлесіп қимыл жасай алмады; екіншіден, ақ гвардияшылар өкіметі орнаған жерлерде бұқара халыққа қарсы бағытталған шаралар жүзеге асырылып, оған керісінше Кеңес өкіметі тарапынан ұлттардың өзін-өзі билеу құқығының сөз жүзінде болса да мойындалуы; үшіншіден, Кеңес өкіметінің орта шаруалармен одақ құруы және 1919 жылы шілдеде Казревком құрылғанда қазақтардың жерге мұқтаждығын өтеу жөнінде сөз болып, Қазақстанға қоныс аударуды тоқтату мәселесі қойылды. Түбірлі революцияық сипатта болмағанмен бұл шаралар большевиктерге азамат соғысы кезінде ақтар мен қызылдар арасында ауытқыған қазақтардың көмегіне сүйенуге жағдай жасады; төртіншіден, 1919 жылдың көктемінен бастап, А.Байтұрсынов бастаған алашордашылар қызылдар жағына шықты. Себебі, олардың Колчактық орыс шовинистік көзқарастарынан үміттері үзілді. Ақтар билеушілері қазақ халқына ұлттық автономия бергісі келмеді, тіпті, өздерінің қолдап жүрген Алаш орда үкіметін де мойындамады.

9- бет

  • Кеңес үкіметінің Қазақстандағы кейбір өкілдері Алашорда жетекшілеріне жау ретінде қарады. Мәселен, 1920 ж. Қазақ партия бюросының есебінде былай деп жазылды: „Бұрынғы алашордалықтардан тұратын қырғыз зиялыларының 3/4–і буржуазиялық-шовинистер”. Сондай-ақ кешірім жасалғанға қарамастан Алашорда жетекшілері саяси тұрғыда оқшаулануға тиіс болды. Қазревкомның 1920 жылғы 5- наурыздағы “Алашорданың батыс бөлімін тарату туралы” қаулысында “Ұлттық Алашорда үкіметінің батыс бөлімінің жауапты жетекшілері қырғыз өлкесінде кеңес үкіметі толық негізде орныққанша халық бұқарасынан оқшауландырылсын…”- деп ашып айтылды. Олар ревком мүшелігіне және басқа да жауапты кеңес қызметіне ұсынылмайтын болсын”. Ақырында жоғарыда көрсеткеніміздей Қазревкомның 1920 ж. 5- наурыздағы қаулысына сәйкес Алашорда таратылды. Осылайша біртұтас тәуелсіз ұлттық мемлекетті құруға талпынған қазақ зиялыларының пәрменді әрекеті нәтижесіз аяқталды. Кеңес үкіметі мойындамаған Қазақ Ұлттық Автономиясы қазақ зиялыларының өркениетке, тәуелсіздікке қол созған әрекеттері ретінде тарихта ғана қалды.
  • Қазревком Қазақстанда әскери-азаматтық билікті қолға алып, кеңестердің бүкілқазақстандық 1-ші съезін шақыруды ұйымдастыру, Қазақ автономиясы туралы ереже жобасын дайындап, съезд талқысына ұсыну, РКФСР, Түркістан Кеңестік Республикасы және Қазақ өлкесі арасындағы қарым-қатынастарды реттеу, қазақтың байырғы жерін бір қолға жинау, яғни болашақ қазақ кеңес мемлекетінің территориялық тұтастығын қамтамасыз ету міндеттерін өз қолына алды.
  • Алғашқы күннен Қазревком әрекет-қимылда жүрген армияны азық-түлікпен жабдықтау, астықты және басқа тамақ өнімдерін Орталыққа, Түркістан АССР-на жеткізу яғни, “соғыс коммунизм” саясатының басты мәселесін шешу ісімен айналысты. Бұл саясаттың мәні - өнеркәсіпті жаппай национализациялау, басшылықты орталықтандыру, тіршілік үшін маңызды тауарлардың бәрін бөлу, азық-түлік салғыртын, карточкалық жабдықтау жүйесін, жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігін, еңбекке бір мөлшерде ақы төлеуді енгізу, тауар-ақша қатынастарын жою болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет