3-дәріс. Азаматтық-саяси қайшылықтар Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі



бет7/7
Дата20.05.2022
өлшемі128,01 Kb.
#35182
1   2   3   4   5   6   7

10 -бет

  • 1920 ж. тамызында Мәскеу қаласында қазақ әскери төңкеріс комитеті және Түркістан
  • майданының әскери–төңкеріс кеңесі, РКП(б) Түркістан өлкелік комитетінің партия және
  • кеңестік ұйымдардың өкілдері қатысқан Қазақ АКСР-н құру туралы бірнеше мәжілістер өткізді. Соңғы мәжіліске В.И.Лениннің өзі төрағалық етті. Нәтижесінде 1920 ж. 17 тамызында РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі Қазақ Республикасы жөніндегі Декреттің жобасын қарап қолдады. 1920 ж. 26 тамызында Ленин мен Калинин қол қойған БОАК және РКФСР ХКК-нің құрамында, астанасы Орынбор қаласында болатын “Қырғыз (қазақ) Кеңестік Автономиялы Республикасын құру туралы” тарихи Декреті жарияланды. 1920 ж. 4- 12 қазанында Орынбор қаласында өткен Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезі, Қырғыз (қазақ) Кеңестік Автономиялық социалистік республикасы еңбекшілері құқықтарының Декларациясын қабылдады, ол Декларация РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін ҚазАКСР-нің құрылуын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, қызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасы ретінде бекітті. С.Меңдешевті бас етіп, Орталық Атқару Комитетін (ОАК) және В.Радус–Зеньковичті бас етіп Халық комиссарлары Кеңесін (ХКК) сайлады.
  • 1920 жылдың көктемінен Қазақстан жерінде азамат соғысы жылдарында өлкенің жаудан азат етілген аудандарында ақ гвардиялық аппараттар жойылып, кеңестік мемлекеттік органдар ұйымдастырылып жатты. Революциялық комитеттер азат етілген территорияларда халық шаруашылығын қалпына келтіру, экономиканы көтеру, мемлекеттік құрылысты нығайту жұмыстарын жүргізді. 1920 жылдың көктемінде партияның ІХ съезі болды, съезд бейбіт тыныс алудың мүмкіндіктеріне сүйене отырып, халық шаруашылығын қалпына келтірудің бірыңғай бекітті.
  • Қорыта келгенде, Қазақстанда Кеңес үкіметі негізінен және көпшілігінде күштеп орнатылды. Қазақ халқы Қазан төңкерісінің мәнін, Ленин бастаған большевиктер партиясының бағдарламасын түсінген де жоқ, қабылдаған да жоқ. Әлеуметтік революцияға Қазақстанда ешқандай негіз жоқ болатын. Орта Азия мен Қазақстанның жергілікті халықтары үшін Қазан революциясының мән-мағынасы орыс үстемдігі жойылып, тартылып алынған жер-суымыз өзімізге қайтарылады деген үмітке ғана сайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет