Объект - Үлкен Совет Энциклопедиясында берілген анықтама бойынша, субъектінің іс-қимылы бағытталған заттардың, құбылыстардың жиынтығы. Оларға: әдебі мен іс-әрекетін сырттай мөлшерлеу сұранысы, ынтасыздық, өзін-өзі басқарудың, мақсатты бағытты белсенділіктің, шығармашылықтың, өзінің «Мен»-інің және қоғамдағы орнының нақты саналы түрде болмауы жатады. Сонымен, аталған белгілердің болуы адамды, оның ішінде баланы да объект санатына жатқызуға мүмкіндік туғызады.
Субъект
«Субъект» ұғымы өзінің негізгі сипаттарына қарай объектіге тура қарама-қарсы. Үлкен Совет Энциклопедиясында субъект практикалық әрекет пен танымды жеткізуші, объектіге немесе объектілер жүйесіне бағытталған белсенділік көзі ретінде анықталады.
Субъектінің мынадай белгілері көрсетуге болады:
белсенділік
саналылық
еркіндік
жауапкершілік
бірегейлік
шығармашылыққа қабілеттілік
өз нанымы бойынша әрекет жасау
жағымсыз жағдайларға дәлелді түрде қарсы тұра алу
Оқытушы мен оқушының арасындағы педагогикалық әрекеттесудің 3 үлгісін айқындауға болады:
негізінде оқу тәртіптік үлгі құрылады. Негізгі қызмет атқаратын оқыту мен тәрбиенің мақсаты мен бағдарламасын жүзеге асырушы ретінде педагог негізгі қызмет атқаратын тұлға болып есептеледі. Оқушы –әсер ету нысаны. Бала , оқушы студент берілген нақты нормативтер арасында берілген мағлұматты өз еркінен тыс қабылдауға тиісті. Тұлғаның орындаушылық тәртіптілік тілалғыштық қасиеттері бағаланады. Негізгі күш оқытуға емес педагогтың қолданатын әдістемесіне түседі.
S-S қатынасы
педагогикалық үдерістің тең дәрежелі субъектілері тәрбиеші мен тәрбиеленуші болып табылатындықтан, өзіндік «Мен» ұғымын дамытуға және жүзеге асыруға күш салады. Жеке тоұлғаның қасиеттерін жоғарылатуға аса көп мән беріледі. Басшылық жасау стилі- демократиялық
O-S қатынасы
негізінде құрылған үлгі- мұнда тәрбиешіге енжар рөл, ал субъект ретіндегі тәрбиеленушіге еркін тәрбиелену рөлі берілген. Міндет жүктеу негізінде қарама-қайшылықты жою жүзеге асырылады. Басшылық жасау стилі ымырашыл болса, ал басты қатынас түрі жағымды тамсанушылық болып табылады.
Субъект-субъект қатынасы
Педагог
Оқушылар немесе студенттер
Ата-аналар
Әріптестері
Дәстүрлі оқыту
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оқыту
Мұғалімнің рөлі.
Дайын білімді түсіндіруші, бақылаушы, бағалаушы тәртіпті қадағалаушы білім насихатшысы.
Танымдық іс-әрекеті, ұйымдастырушы, ұжымдық істердің ұйытқысы, кеңшісі.
Әрбір оқушыға оқып-тану үрдісінің өзіндік өзгеретін субьектісі ретінде дамуға жағдай жасау, қасиет- қабілеттерін дамыту.
“Баланы жан-жақты тәрбиелеу үшін оны барлық жағынан білу керек” К. Д. Ушинский Баланың тиісті қасиеттерін қалыптастыру үшін оған субъект ретінде қарау дегенді қалай түсінесіз?
Баламен қарым-қатынасты қалай орнату керек?
Жас және жеке ерекшеліктерін қалай ескеру керек
Баланың объектіден субъектіге ауысу тетіктері қандай ?
Сұрақ-жауап Үй тапсырмасы: 1. Сұрақтарға жауап беру; 2. Осы тақырып бойынша тест құрастыру. (Үй тапсырмасын порталға жүктеңіз.)